Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Руслан Ерғалиұлы Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев Университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы банкте кіші несие офицері болып бастаған.

2018-2020 жж. — «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникациялар жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары.

2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу