Фоторепортаж: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Шымкент және Түркістан қалаларына жұмыс сапары

Фото: Шүкір Шахай

ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Түркістан және Шымкент қалаларына барды

Жұмыс сапары барысында А. Мамин көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым объектілері құрылысының барысымен танысты

Шымкентте Үкімет басшысы өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс алаңына барды. Оны биыл қазан айында іске қосу көзделген

Асқар Мамин Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының салыну барысымен танысты

Көлік жолайрығын биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр

Сондай-ақ Премьер-Министр сорғы қондырғыларын, құбыр арматурасын және электр жабдығын шығаратын «Karlskrona LC AB» ЖШС-да болды

Кәсіпорынның қуаттылығы – 2,5 мыңнан 10 мыңға дейін су сорғысын, сондай-ақ 7 мың тонна құйма мен стандартты емес жабдықтарды құрайды

Түркістан қаласында Үкімет басшысы әуежай аумағын абаттандыру жұмысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған көппәтерлі тұрғын үйді аралады

А. Мамин Б. Саттарханов даңғылындағы желілік саябақтағы жұмыс барысын тексерді

Сондай-ақ Асқар Мамин «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің іске асырылуымен танысты

Туристік кешеннің құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр

«Керуен-Сарай» туристік кешені Түркістанның тарихымен, Қазақстанның мәдениетімен, тарихи тұлғаларымен және ұлттық спортымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді

Кешеннің жалпы ауданы 59 870 шаршы метрді құрайды

А. Мамин облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылысын тексерді

Ғимараттың ауданы 2 600 ш. м. құрайды

ҚР Премьер-Министрі Тұңғыш Президент саябағының құрылыс барысын қарап шықты

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу