Фоторепортаж: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Алматы қаласына жұмыс сапары

фото: Мурзабаев Нариман

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты. 

Зауыт әлемдік автомобиль жасаудың заманауи технологиялары мен экологиялық стандарттар талаптарын ескере отырып салынған. 

Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлікті, екінші кезеңде жылына 45 мың бірлікке дейін құрайды.

Инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд теңгеден асады, шектес салаларды ескере отырып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. 

Қазақстанда 2020 жылдың 9 айында автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі 50%-дан астамға ұлғайды. 

Өндіріс көлемінің 75%-ға жуығын Қазақстан Республикасында іске асыру жоспарланған,  25%-ы жақын шетелдерге экспортталады. 

Үкімет басшысы Алматы қаласындағы ЖЭО-2 аралап, онда электр станциясын жаңғырту және газға ауыстыру тұжырымдамасымен танысты. 

Кәсіпорынның жалпы аумағы 510 га құрайды.

Сонымен қатар А. Мамин қаланың тұрғын үй инфрақұрылымы нысандарының құрылысы барысын тексерді. 

«Алма Сити-5» ТҮК және «Central Avenue» ТҮК құрылыс алаңдарын аралады. 

ҚР Премьер-Министрі «Halyk Arena»-дағы инфекциялық стационардың жұмысымен танысты. 

Кешен коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін қайта жабдықталды. Стационардың басты артықшылығы - Алматыда COVID-19-бен ауыруы жоғары болған жағдайда бір уақытта 1000 резервтік төсек-орынды орналастыру мүмкіндігінің болуы.

Стационарда 8 емдеу бөлімі мен 59 кезекші медициналық пост қарастырылған.

Сондай-ақ медициналық газдар қолжетімділігі бар 12 төсек-орындық толыққанды реанимация бөлімі және 48 қарқынды терапия төсек-орны бар.

«Халык Арена» базасындағы инфекциялық стационар жаңа заманауи медициналық жабдықтармен толық жабдықталған.

Үкімет басшысы Ш. Уәлиханов атындағы мектепке барды.  

Сонымен қатар Премьер-Министр ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған «MEIIRIM» оңалту орталығына барды. Орталық ашылғаннан бері 200-ге жуық бала оңалтудан және әлеуметтендіруден өтті.

Орталықта 3 жастан 15 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамыту, әлеуметтендіру және оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ҚР Премьер-Министріне экологиялық туризмді дамыту жобалары таныстырылды.

2020 жылдың 9 айында Алматы қаласында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 3,2%-ға, негізгі капиталға инвестициялар 12,5%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы 8%-ға өсті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу