600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Ағымдағы жағдай, халықты вакцинациялау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әлемде COVID-19 ауруы мен одан өлім-жітім бойынша жағдай шиеленісе түсуде. Бүгінгі күні әлемнің 221 елінде 130 млн астам КВИ жағдайы тіркелген, аурушаңдықтың өсуі — 0,5. 2,8 млн астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,2% құрады.

2021 жылдың қаңтарында сырқаттанушылықтың жалпы әлемдік статистикасы аздап төмендегеннен кейін, ақпан айынан бастап тұрақты өсу үрдісі байқалды. Американдық жарты шардың және Еуропаның барлық дерлік елдерінде аурудың жоғары деңгейі байқалады, ал Франция, Швеция, Польша, Болгария, Түркия, Украина және т.б. сияқты кейбір елдерде тәулігіне 1 млн адамға шаққанда 400-ден 800-ге дейін ауыру анықталады.

Қазақстанда ағымдағы жылдың 6 сәуіріне COVID-19 оң нәтижесімен 256 837 науқас және КВИ- 50 839 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймақта» 7 өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстары. Бұл ретте, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл аймақта» 28 күн, Батыс Қазақстан облысы — 20 күн, Атырау облысы — соңғы екі апта, Ақтөбе және Алматы қалалары — соңғы апта, Ақмола облысы — 1 тәулік бойы тұр.

«Сары аймақта» 2 аймақ бар: Шымкент қаласы және Қарағанды облысы. Қалған 8 аймақ «жасыл аймақта» орналасқан.

«Наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 30%-ға өскенін атап өткім келеді, осылайша тәулігіне 1800-ге дейін жағдай тіркелді. Сәуірдің 5 күнінде 9 983 жағдай тіркелді, тәулігіне 2000-ға дейін науқас тіркелуде. Аурудың өсуі британдық және оңтүстікафрикалық штаммдардың айналымымен байланысты. Осыған байланысты өңірлердің әкімдері инфекциялық төсек-орындармен және МСАК мобильді бригадаларымен қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауы қажет», — деді А. Цой.

Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуір айында тестілеудің тәуліктік саны тәулігіне 57 мың зерттеуге дейін артқаны байқалады, бұл зертханалардың қолда бар тәуліктік қуатының 50%-ын құрайды және ақпанмен салыстырғанда 1,6 есе артқаны байқалады.

Ағымдағы жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін республикада 28 730 төсек-орын қоры бар 275 инфекциялық стационар жұмылдырылды. Инфекциялық стационарлардың бос болмауы 36%, реанимациялық стационарлардың бос болмауы 22% құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың ең көп жүктелуі Батыс Қазақстан облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы облысында, Алматы қаласында байқалады.

А. Цой атап өткендей, министрлік өңірдегі әрбір медициналық ұйымның деңгейіне дейін төсек-орын қорының бос болмауына мониторинг жүргізудің электрондық жүйесін әзірледі. Бұл уақтылы жұмылуға және қосымша стационарларды ашуға мүмкіндік береді.

«Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды ашу жоспары бар, жұмыс істеп тұрған инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-ға жеткенде инфекциялық төсек-орындар резерві 51 мыңнан 60 мыңға дейін ұлғайтылды, резервтік объектілер тартылатын болады, бұл ретте жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жалғасады», — деді денсаулық сақтау министрі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша «британдық штамм» әлемнің 130 елінде, «оңтүстікафрикалық штамм» — 80 елінде, ал «бразилиялық штамм» 45 елінде анықталды.

«Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында біз тұрақты негізде республика аумағында айналымда жүрген КВИ штаммдарына генетикалық зерттеу жүргізудеміз. Мәселен, наурыз айында республика аумағында "британдық" және “оңтүстікафрикалық" штаммдарының айналымы анықталды. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, британдық коронавирус нұсқасы бастапқы штаммға қарағанда ауруханаға жатқызу мен өлімнің жоғары ықтималдығымен байланысты. Бразилиялық штамм бұдан қауіпті болып саналмайды, бірақ ол бастапқы COVID-19 штаммына қарағанда оңай таралады», — деп түсіндірді А.Цой.

Сондай-ақ, британдық коронавирус штаммы өткен жылғы штамммен салыстырғанда 1,7 есе, оңтүстікафрикалық штамм 1,5 есе және бразилиялық штамм 2 есе тез таралатыны анықталды.

Сонымен қатар, репродуктивтлік санның өсуі 1,1-ден 1,9-ға дейін артуы мүмкін, бұл біртіндеп осы штаммдардың үстемдігіне әкеледі.

Үкімет 2020 жылдан бастап қабылдаған шектеу шаралары 6 ай ішінде жаңа вирустардың тасымалдануына жол бермеуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

А. Цой жаңа штаммдарға мониторинг жүргізу жалғасып жатқанын нақтылады. Биыл 1 ақпанынан бастап КВИ-ге қарсы вакцинация науқаны жалғасуда. Бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды.

«Бүгінгі таңда бірінші компонентпен — 194 706, екінші компонентпен — 72 110 азамат егілді. Республика бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 10,3 құрады», — деді денсаулық сақтау министрі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сәуір айында 2 млн доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде, бұл тиісті контингенттің 23,4%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Иммундау жоспарына сәйкес, өңірлерге вакциналарды жеткізудің көлемі мен алдын ала мерзімдері анықталды.

Өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, Қазақстанда бірінші жартыжылдықта вакциналардың 6 млн-нан астам дозасын қабылдау жоспарланып отыр, бұл тиісті контингенттің 64%-ын қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл көлем КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және өтеусіз негізде егілуге ниет білдірген адамдар үшін қолжетімділігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырылған ұжымдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері іске қосылады.

Осыған байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдері қамтамасыз етуі тиіс:

  • КВИ-ға қарсы вакцинациялаумен халықты қамтуды ұлғайту үшін адамдар көп жиналатын жерлерде уақытша егу пункттерін/бригадаларын ұйымдастыруды;
  • көшпелі егу бригадалары екпе  салу үшін вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтарының және термоконтейнерлердің жеткілікті санымен қамтамасыз етуді.

Ведомство басшысы хабарлағандай, ағымдағы жылдың ақпан айында ВАК шешімімен халықты COVID-19-ға қарсы иммундау жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.

Вакцинаны өндіру және жеткізу барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ «суық тізбегін» сақтай отырып жүргізіледі.

КВИ-ға қарсы вакцинация мәселелері бойынша 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды. 600-ден астам вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды. Наурыз айының соңына дейін 300 мың азаматқа вакцинацияның қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, 11,3 млн шприц сатып алынды.

«Жоғарыда айтылған қосымша вакциналарды жеткізу және егу пункттерін ашу қажеттілігімен қатар, біз тағы 14,5 млн бірлік шприц сатып алу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді А.Цой.

Эпидемияға қарсы күрес пен іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында елде цифрлық технологиялар белсенді енгізілетін болады:

  • вакцинацияланған тұлғаларды есепке алу және мониторинг жүргізу үшін әзірленген «Ковидке қарсы паспорт»;
  • жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тыйым салынған қызмет түрлерін қайта бастау үшін  «Ashyq» жобасын масштабтау және оны «Ковидке қарсы паспортпен» кіріктіру;
  • мониторинг топтарының жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін ұялы операторлардың иесіздендірілген деректері негізінде «адамдардың шоғырлану орындарын анықтау карталарын» енгізу.

Сондай-ақ төсек-орын қорының бос болмауына баса назар аудара отырып, елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының қосымша өлшемшарттары әзірленіп, ВАК-тың бекітуіне ұсынылатын болады.

Озық халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген осы технологияларды кешенді қолдану эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттырады.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде барлық денсаулық сақтау ұйымдарының, соның ішінде реанимациялық бөлімшелердің жабдықтарын түгендеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың сәуір айында бұл жұмыс аяқталады, қосымша жабдықтау оның нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, пандемия басталғаннан бері инфекциялық стационарлардың негізгі реанимациялық жабдықтарымен жабдықталуы 100%-ға дейін жеткізілді (3,4 мың ӨЖЖ аппараты және 40 мың оттегі станциясы сатып алынды). Бүгінгі таңда реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 22% құрайды.

Жалпы, материалдық-техникалық базаны нығайту нақты болжам бойынша эпидемиологиялық жағдайдың дамуы кезінде медициналық ұйымдар арасында жабдықты қарызға алуға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Медициналық ұйымдарды одан әрі жабдықтармен жарақтандыру үшін 2021-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 85 млрд теңге бөлу көзделген. Өңірлер реанимация бөлімшелерін қосымша жарақтандыру жөніндегі жұмысты жүйелі негізде жалғастыратын болады.

А. Цой атап өткендей, бүгінде еліміз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген.

«Ауруханаларда КВИ емдеуге арналған дәрілердің айлық қоры, “СҚ "Фармация" қоймаларында және дәріханаларда екі айлық қоры қалыптастырылған. Барлық өңірлерде 18 млрд теңгеге дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорлары құрылды. Ауруханалар мен дәріханаларға жүктемені азайту мақсатында тамыз айынан бастап КВИ-ді амбулаториялық деңгейде емдеу үшін дәрілердің 5 түрі тегін беріледі, оның қоры 1 млн пациентті құрайды», — деді сала басшысы.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлескен жұмыс жүргізілді, нәтижесінде 232 антиковидті препараттардың құны орта есеппен 27%-ға төмендеді.

Медициналық маскалар орта есеппен 20 теңгеден еркін сатылады, қоймаларда 21,5 млн дана көлемінде жеткілікті қор қалыптастырылған.

Медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген, өңірлердің әкімдіктері 3 айлық қор қалыптастырған.

Сонымен қатар, АҚДМ-мен бірлесіп, халық арасында вакцинациялаудың маңыздылығы және жалған ақпаратты теріске шығару туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Арнайы Медиа-жоспар іске асырылуда.

«Ол үшін ақпараттық ресурстардың барлық әлеуеті, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмылдырылған. Вакцинациялаудың маңыздылығына назар аудара отырып, барлық телеарналар мен баспасөз басылымдарын тарту, оң мысалдарды көрсету үшін пікір көшбасшыларын, сарапшыларды және медиа тұлғаларды тарту, фейктерді теріске шығару және олармен күресу үшін шынайы ақпаратты жариялау жоспарлануда», — деп түйіндеді А. Цой. 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, өңірде ауру деңгейінің өсуіне байланысты а.ж. 29 наурызда карантиндік режимді күшейту туралы жаңа қаулы шығарылды. Демалыс күндері барлық жерде шектеу енгізіледі. Жұмыс күндері қоғамдық тамақтану ұйымдары мен мейрамханалардың жұмыс уақыты шектелді.

«Аурудың өсу қарқыны жоғары аудандарда (Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ,  Іле аудандарында) қатаң шараларды көздеген жекелеген қаулылар қабылданды. Инфекциялық стационардағы төсек-орын саны 3 802 бірлікке жеткізілді. Пессимистік сценарий жағдайында төсек-орын санын 8 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндігіміз бар», — деді облыс әкімі. 

Оның айтуынша, облыс тұрғындарына 205 жедел жәрдем бригадасы және 391 мобильді бригада қызмет көрсетеді. 

Облыс жаппай вакцина жүргізуге дайын. Соңғы аптада облыс бойынша 22 мың ПТР-зерттеу жүргізілген, 24 мың вакцина жеткізіліп, 11 мың адам вакцина алған. 109 егу пункті дайындалды. Қажет болған жағдайда 1016 пункт жұмыс жасайтын болады.

Кәсіпкерлік нысандарының жұмыс тәртібі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жеке қаралады. Сондай-ақ, облыстық прокуратура жанынан мониторинг топтары анықтаған бұзушылықтар бойынша call-орталық құрылды. 

«Эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Қабылданған шараларды ескере отырып, сәуірдің екінші жартысында аурудың төмендеуі күтілуде», — деді А. Баталов. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың хабарлауынша, өңірде КВИ сырқаттану өсімі биыл 23 наурыздан бастап байқалған, осы кезеңде инфекцияның жаңа 1 152 жағдайы тіркелді.  

«Індет басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін облыста барлығы 869 мың ПТР зерттеу жүргізіліп, 19 207 адамда коронавирус инфекциясы тіркелді. Соңғы тәулікте жұқтырудың 64 жағдайы анықталды, репродуктивтілік коэффициенті 1,12 құрайды. Барлық тіркелген жағдайлардың анықталуы бойынша басым бөлігі немесе 10 427 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілу кезінде анықталып отыр», — деді М. Досмұхамбетов. 

Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында Теңіз кен орнында блок-бекеттер орнатылды, қатаң маскалық режим енгізілді, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлерге 7 күндік оқшаулау шарасы мен карантиндік шектеулер енгізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Теңіз кен орнында алдыңғы аймен салыстырғанда ауыруды жұқтыру 2,2 есе төмендеді. Қазіргі таңда, Теңіз кен орнындағы вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлерді вакцинациялау мәселесі қарастырылуда. Осындай жұмыстар өңірдегі басқа да ірі кәсіпорындарында жүргізілуде.

А.ж. 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстағы инфекциялық төсек-орын саны 1 933 құрады. Олардың жүктемесі – 24,1%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі – 71%. 

«Атырау қаласындағы 200 орындық модульдік аурухананы іске қосу арқылы №2 облыстық аурухананың 120 орны босатылып, науқастарды қабылдауға дайын. Жалпы облыста 430 резервтік орын әзірленді. КВИ-мен күреске тартылған стационарларда 8 оттегі станциясы іске қосылды», — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар өңірдегі дәріханалар желісін қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 500 млн теңге бөлініп, 42 атау бойынша 2 айға жеткілікті тұрақтандыру қоры жасақталды, бүгінгі күні дәріханаларда дәрілік заттар тапшылығы жоқ. 

Облыстың медициналық ұйымдарында 2 айдан астам уақытқа жететін жеке қорғаныш құралдарының қоры бар. Оған қоса, СҚ-Фармация арқылы 325 млн теңгеге қосымша жеке қорғаныш құралдары сатып алынуда.

«Вакциналау бойынша, ақпан айының басынан бүгінгі күнге дейін «Спутник-V» вакцинасының 7 200 дозасы өңірге жеткізілді. Бірінші партия толық игерілді, екінші партияның сәуірде жеткізіледі, І-ші компоненті аптаның соңына дейін толық игерілетін болады. Вакцинаның II компоненті бойынша 7 200 доза өңірге келіп, жоспар бойынша салынуда», — деді облыс әкімі. 

Екпе жұмыстарын жүргізу үшін облыстың емханаларында 23 екпе кабинеті ашылды. Халық арасында вакцинациялаудың қажеттілігі жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында 110 мониторинг тобы жұмыс жасауда. Мониторинг тобы жыл басынан бері 6 748 рейд жүргізіп, 28 068 нысанды тексерді. Түскен 141 материал бойынша 19 млн теңгеге айыппұл салынды.

Үкімет отырысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин соңғы үш ай ішінде тұрғындар арасында коронавирус жағдайлары 4 есе өскенін айтты. Егер қаңтарда 265 жағдай тіркелген болса, наурыз айында ауырғандардың саны 1000 адамнан асты. Балалар арасында сырқаттану 2,7 есеге өскен.

Әкімнің айтуынша, пандемия басталғаннан бері 5 729 жағдай тіркелді. Бүгінгі күнге 4 735 науқас жазылды. 

Облыс бойынша инфекциялық ауруханаларда 463 адам, оның ішінде жан сақтау бөлімшесінде 26 науқас ем алуда. 

Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты резервтік медициналық ұйымдардан қосымша 420 төсек-орын ашылды.

Қазіргі уақытта 16 медициналық ұйымда 1 115 инфекциялық төсек-орын қызмет жасап тұр, оның ішінде 133 реанимациялық төсек-орын, резервте 2 488 төсек-орын (оның ішінде 268 реанимациялық төсек-орын) бар. олар эпидемиологиялық жағдайға байланысты іске қосыады. Барлығы 20 стационарлық ұйым жұмылдырылады.

Оттегімен қамту бойынша 3 603 төсек-орынның 80,3% оттегімен қамтылған. 500 төсек-орындық стационарда оттегі станциясы орнатылып, қызмет жасап тұр, қосымша 4 стационарда оттегінің орталықтандырылған жүйесі орнатылды. 

Амбулаторлық деңгейде облыстың 35 медициналық ұйымында 173 мобильдік бригада жасақталған. COVID-19 жеңіл түрлерін емдеуде дәрілік заттардың 5 атауы бойынша (Парацетамол, Ибупрофен, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран) 560 науқас тегін дәрілермен қамтамасыз етілді. Медициналық ұйымдардағы дәрі-дәрмектердің қалдығы 11 млн теңгені құрайды.

«Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарының 2 айлық қоры жасақталған», — деді О. Оразалин.

Әкімнің айтуынша, облыста коронавирус инфекциясына тестілеу 10 зертхана базасында жүзеге асырылады. Зертханалардың тәуліктік қуаты 5 380 зерттеуге дейін жетеді.

Қазіргі таңда жалпы 443 176 ПТР тест алынды. 

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облысқа «Спутник V» (Гам-Ковид-Вак) вакцинасының 24 100 дозасы  жеткізілді. Барлығы 8 369 адам егілді, оның ішінде бірінші компонентпен 6393 адам вакцина алды және II компонентпен 1 976 адам егілді.  

Әкімнің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылау және мониторинг мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. 47 мониторингтік топпен 2 724 рейд жасалып, 13 421 нысан қамтылды. Нәтижесінде 192 бұзушылық анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Сөз соңында әкім эпидемиологиялық жағдай мен вакцинациялау оның жеке қатаң бақылауында екенін және алдағы уақытта бұл жұмыстар күшейтілетінін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу