Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді

Сенбі, 09 Қазан 2021, 12:37:39

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) және жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) бағаны реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Қазіргі жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қарағанды облысы Жеңіс Қасымбек және т.б. баяндады. 

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,2% құрады. Бұған жұмыртқаның 2,7%-ға қымбаттауы әсер етті. Жұмыртқа бағасының ең көп өсуі Маңғыстау (21,8%), Шығыс Қазақстан (16,6%) және Ақтөбе (12,1%) облыстарында тіркелді.

«Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 167,7 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды. Ең көп жасалғаны нан (41 мың тонна), картоп, ұн және қант (71,6 мың тонна) қоры болды. Күнбағыс майын, қарақұмық, сиыр еті мен қырыққабатты сатып алуға қаржыландыру ұлғайтылатын болады.

Нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында биылғы жылдың соңына дейін өңірлік тұрақтандыру қорларынан интервенциялар жүзеге асырылады, ал кейіннен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-дан арзандатылған бидай сатып алу арқылы жүзеге асады. Заңнамаға тиісті түзетулер мемлекеттік органдардың қарауында.

Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды, а.ж. сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды, Атырау МӨЗ-інде жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды, а. ж. 1 қыркүйектен 5 қазанға дейін РФ-дан 55,9 мың тонна дизель отыны импортталды және басқа да шаралар қабылданды. Павлодар мұнай-химия зауытының мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімін 1 қазаннан 9 қазанға ауыстыру қосымша 30 мың тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік берді. Жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың 4 қарашасына жоспарланған.

Жыл басынан бері елімізде 78 млн тонна көмір өндірілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарына сәйкес 2021-2022 жылдарға арналған тұтыну көлемі шамамен 9,2 млн тоннаға жуықты құрайды, оның ішінде 2,8 млн тоннасы – коммуналдық-тұрмыстық секторда, 6,4 млн тоннасын тұрғындар тұтынады. Бүгінде әкімдіктер 7,5 млн тонна көмір әкелді, бұл коммуналдық-тұрмыстық сектор қажеттілігінің 93,1%-ын және халықтың қажеттілігінің 76%-ын қамтамасыз етеді.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 87 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 16 фактісін анықтады.

Монополияға қарсы бақылау аясында дизель отыны нарығында бағаны төмендету туралы 19 хабарлама шығарылды. Мұнай базаларын, көтерме және бөлшек сауда жеткізушілерін дизель отынын өткізуді шектеудің негізділігі және оны ҚР аумағынан тыс жерге шығару мүмкіндігі тұрғысынан тексеру басталды.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне тұрақтандыру қорларын азық-түлікпен толықтыру және «айналым» схемасына қаражат бөлу жөніндегі жұмысты жандандыруды, сауда субъектілерінің сауда үстемесін бұзуы фактілері бойынша дереу шаралар қабылдауды, халықтың және коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттіліктері үшін үздіксіз көмір жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің және инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.