Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

Жұма, 11 Маусым 2021, 12:20:14

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен кездесу өткізді. Кездесуге БАӘ-нің ірі бизнестері — «Al Dahra Holding», «DP World», «Fish Farm» және т. б. өкілдері қатысты.

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

2021 жылдың 4 айында ҚР мен БАӘ арасындағы өзара тауар айналымы $276 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,1%-ға артық. Қазақстаннан БАӘ-ге экспорт көлемі 38,7%-ға артып, $247,8 млн жетті.

2020 жылы қаржы және капитал нарықтарының бұрын-соңды болмаған қысқаруына қарамастан, БАӘ-ден Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 12,3%-ға артып, $181,7 млн құрады.

ҚР Премьер-Министрі БАӘ Үкіметінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударатынын ескере отырып, ынтымақтастықтың басым бағыты АӨК саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру екенін атап өтті.

Үкімет басшысы Қазақстан әлемдегі ең перспективалы АӨК өнімдерін өндірушілердің бірі екенін атап өтті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша the Economist Intelligence Unit рейтингінде Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 113 орынның ішінен 32-орынды алып, 2019 жылмен салыстырғанда өз позициясын 16 тармаққа жақсартты.

ҚР мен БАӘ бірлескен инвестициялық жобалары қосылған құны жоғары, сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінде зор сұраныс әлеуеті бар жаңа өндірістерді құруды көздейді. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, озық технологиялар мен іс-тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте ҚР БАӘ жүзеге асырып жатқан 2051 жылға дейінгі азық-түлік қауіпсіздігі Стратегиясының маңызды буынына айналады, ал бұл екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ықпал етеді.

БАӘ делегациясының ҚР-ға сапары нәтижесінде құс фабрикаларын («Alel Agro» және «Al Dahra Holding»), сүт-тауар фермаларын («Dinara Group» және «Al Dahra Holding») салу, сиыр және қой етін өндіру («Nurym Group» және «Al Dahra Holding»), жемістерді өндіру және қайта өңдеу («Amal Bio» және «Al Dahra Holding»), балық өсіру және қайта өңдеу («Fish Farm»), астық дақылдарын өндіру және қайта өңдеу («Olzha Agro» және «Al Dahra Holding») тәрізді бағыттар бойынша жобаларды дайындау және іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Келіссөз қорытындысы бойынша «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «DP World» компаниясы арасында жүк ағынын арттыру және Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы ынтымақтастықты көздейтін негізгі шарттар туралы келісімге қол қойылды.

Кездесуге Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «Kazakh Invest» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Қазақстанның тікелей инвестициялар қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, ҚР-ның БАӘ-дегі елшісі Мадияр Меңілбеков және т. б. қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
14 Маусым 2021, 18:02
Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады
14 Маусым 2021, 17:57
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады
14 Маусым 2021, 17:49
Зиянды шығарындыларды азайту, Су кодексін жетілдіру, экотуризмді дамыту — М. Мырзағалиев халықпен есептік кездесу өткізді
14 Маусым 2021, 16:24
15 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Маусым 2021, 10:16
Ә. Смайылов экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
13 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116
11 Маусым 2021, 19:12
Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы, қалпына келтіру шаралары, заңдарға түзетулер және цифрландыруды енгізу — Ә. Ерғалиевтің есеп беру кездесуі
11 Маусым 2021, 18:36
А. Мамин мен ЕО елшілері «жасыл экономиканы» дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
11 Маусым 2021, 17:59
Балалардың құқықтарын қорғау, жаңа технологияларды енгізу және қылмысқа қарсы күрес — ІІМ басшысы халық алдында есеп берді
11 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №389 Қаулысы
11 Маусым 2021, 15:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №387 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысы
11 Маусым 2021, 12:20
А. Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
10 Маусым 2021, 21:00
Қ. Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты
10 Маусым 2021, 17:51
Қ. Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
10 Маусым 2021, 17:46
Президент Заң көмегі туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды
10 Маусым 2021, 17:41
Жалақыны арттыру, еңбекшілердің мүдделерін қорғау, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау — С. Шәпкенов ЕХӘҚМ қызметі туралы
10 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №383 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №372 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:20
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.06.2021
10 Маусым 2021, 15:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №370 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №363 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.