Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді

Сейсенбі, 09 Ақпан 2021, 17:25:17

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді.

Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында кәсіпкерлікті қолдау бойынша мақұлданған шаралар туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, жеңілдікті несие беру бағдарламаларының мониторинг нәтижелері және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша бизнеске жүргізілген сауалнаманың аралық қорытындылары, микроқаржы ұйымдарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының мәселелері және өңірлердегі ШОБ-тың даму әлеуеті туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады.

Отырысқа Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, даму институттарының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және т. б.өкілдері қатысты. 

Биыл 29 қаңтарда өткен Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында бизнесті дамытуды одан әрі ынталандыру бойынша келесі шаралар қаралды:

- бірыңғай төлеммен бесеуінің орнына бірыңғай мөлшерлемені белгілей отырып, еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендету;

- жаңа өндірістік компаниялар үшін 2 жыл ішінде ҚҚС-ты азайту;

- қайта инвестициялауға бағытталған табыстың бір бөлігін корпоративтік табыс салығынан босату;

- Үкімет инвестициялар туралы келісімдер жасасатын басым қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту (өңдеу өнеркәсібі, АӨК, машина жасау, азық-түлік және дайын өнім өндіретін, терең өңдеу бойынша басқа да салалар);

- жеке кәсіпкерлер үшін салық міндеттемелерін тіркеуді және орындауды жеңілдету;

- сауда, ауыл шаруашылығы, көлік, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету салаларындағы бизнеске қойылатын барлық талаптарды үштен бір бөлігіне қысқарту;

- «Бизнестің жол картасы-2025» субсидиялау бағдарламасына микроқаржы ұйымдарын қосу;

- қоғамдық тамақтану саласы үшін 6% мөлшерлеме бойынша бөлшек салық режимін енгізу.

Аталған шараларды биыл енгізу жоспарланып отыр, бұл 2025 жылға қарай 500 мың адамды жалдамалы қызметкерлерді ресми жұмыспен қамтуға тартуды, жыл сайын өңдеуші өнеркәсіпте 15 п.т. инвестицияларды ұлғайтуды, көлеңкелі экономиканы ЖІӨ 15% дейін төмендетуді, сондай-ақ микро және шағын бизнес субъектілерінің 75%-ы үшін еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Биыл «Қарапайым заттар экономикасы», «БЖК-2025», «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары және Ұлттық банктің айналым қаражатын толықтыруға несие беру бағдарламасы аясында бизнесті қолдауға 703 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

БЖК-2025 бағдарламасын жүзеге асырудың оң қарқыны байқалуда. Осы жылдың қаңтар айында 60 млрд теңге сомасына 333 жоба несиелендіріліп, 326 жоба кепілдендірілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша бүгінде 707,8 млрд теңге сомасына 2801 жоба мақұлданды, 527,7 млрд теңге сомасына 2243 жоба субсидияланды.

«Шағын және орта бизнесті экономикалық шынайылықтың жаңа жағдайында қолдау – Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі. Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаумен қамтуды барынша кеңейту қажет. Бұл экономиканың дамуына қосымша серпін береді. Әкімдіктер бөлінетін қаражаттың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы «Атамекен» ҰКП-ның 13 мыңнан астам кәсіпкерге жүргізген сауалнамасының қорытындыларын егжей-тегжейлі зерделеп, бір апта ішінде бизнесті одан әрі қолдау жөніндегі қосымша шараларды дайындауды тапсырды.

Сондай-ақ, Премьер-Министр реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды бақылауды, өңірлердің экономикалық картасын уақытылы және сапалы толтыруды қамтамасыз етуді, отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын жүктеу мақсатында өңірлердегі кәсіпорындарды паспорттауды жүргізуді және микроқаржы ұйымдарын құруды жеделдетуді тапсырды. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
23 Ақпан 2021, 10:00
Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
23 Ақпан 2021, 09:30
Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды
22 Ақпан 2021, 10:56
23 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2021, 10:47
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
21 Ақпан 2021, 10:02
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100
20 Ақпан 2021, 10:59
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»
19 Ақпан 2021, 19:32
Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
19 Ақпан 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады
19 Ақпан 2021, 12:19
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды
19 Ақпан 2021, 11:08
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб өз жұмысын бастады
19 Ақпан 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №35 Қаулысы
19 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №42 Қаулысы
18 Ақпан 2021, 16:12
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның cыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады
18 Ақпан 2021, 10:22
Экологиялық бастамалар, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның геология және табиғи ресурстар саласының дамуы
17 Ақпан 2021, 16:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді
17 Ақпан 2021, 15:57
Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады
17 Ақпан 2021, 10:38
Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікір жариялады 
16 Ақпан 2021, 19:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
16 Ақпан 2021, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №47 Қаулысы
16 Ақпан 2021, 14:30
Қазақстанда жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру көзделуде – Н. Ноғаев
16 Ақпан 2021, 13:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.02.2021
16 Ақпан 2021, 13:02
Қазақстанда 2021 жылдың бірінші айында 801 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
16 Ақпан 2021, 12:33
Биылғы қаңтарда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2%-ға ұлғайды
16 Ақпан 2021, 12:24
ҚР Қаржы министрлігі: жергілікті бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспарлар республиканың барлық өңірінде асыра орындалды
16 Ақпан 2021, 12:01
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»: Үкімет Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті
16 Ақпан 2021, 11:45
Шағын және орта бизнес ‒ жұмыс орындарын құрудың және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі — Ә. Ерғалиев
16 Ақпан 2021, 11:23
Азаматтар алынған жинақтардың 87%-ын баспана мәселелерін шешуге бағыттауға ниетті — ҚР Ұлттық банкі 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.