Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин: ҚР-ның ЕАЭО-ға төрағалық етуінің басымдықтары жаңа жағдайдағы сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді ескереді

Жұма, 05 Ақпан 2021, 15:57:35

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына қатысып, онда Қазақстанның 2021 жылы ЕАЭО-ға төрағалық етуінің жарияланған басымдықтары бойынша жұмысты күшейтуге шақырды.

Сондай-ақ отырысқа Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстан Премьер-Министрі Улукбек Марипов, Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Молдова Премьер-Министрінің м. а. Аурелий Чокой (онлайн-режимде), Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов және өз елінің Премьер-Министрі Крус Мануэль Маррероның бейне үндеуін ұсынған Кубаның РФ-дағы елшісі Хулио Антонио Гармендия Пенья қатысты. 

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев одаққа мүше мемлекеттер басшыларының атына еліміздің төрағалық ету жылындағы негізгі басымдықтар белгіленген үндеу жолдады. Олар ЕАЭО әрекет істеуінің 6 жылдық тәжірибесін және жаңа экономикалық және әлеуметтік шынайылық жағдайындағы мейлінше өзекті сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленген», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстанның ЕАЭО органдарындағы төраға орнында өнеркәсіптік кооперацияға жаңа серпін беруге, өзара саудадағы кедергілерді жоюға, трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың әлеуетін толыққанды пайдалануға, тұтастай қамтитын цифрландыруға және сыртқы нарықтарға шығуды кеңейтуге назар аударатынын атап өтті.

«Қазіргі дағдарыс аясында қалыптасқан және күшейтілген трендтер, оның ішінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан өндірістік және көлік тізбектерінің ығысуы мен жойылуы, жаппай цифрландыруға назар аударудың күшеюі, капитал мен өткізу нарықтары үшін бәсекелестіктің күшеюі қысқа мерзімді болып табылмайды. Олар жаһандық нарықтарда көптеген жылдарға алдын ала жағдай тудырып, жаңа экономикалық шынайылық негізінің бір бөлігіне айналады», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр Қазақстан Республикасы ұсынып отырған жұмыс бағыттары ЕАЭО елдерінің ортақ мүдделеріне толық сәйкес келетінін және жаңа жағдайларда ЕАЭО-ның экономикалық, өндірістік, сауда, институционалдық құрылымын жедел трансформациялау қажеттігін көрсететінін атап өтті.

Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасын нығайтуға бағытталған бірқатар мәселелер қаралды. ЕЭК-тің ЕАЭО елдеріндегі макроэкономикалық ахуал туралы ақпараты тыңдалды, онда олардың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар ұсынылды.

ЕАЭО-ның ішкі және сыртқы сауда саясаты, оның ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тетіктерін жетілдіру, ЕАЭО тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы елдердің тізбегін өзектендіру мәселелері талқыланды.

2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен ЕАЭО елдерінің теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту тұжырымдамасы, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мал шаруашылығындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және сараптамалық қамтамасыз ету тәртібі бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрі Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанның бастамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткенін, онда 15 негізгі міндет және 84 іс-шара айқындалғанын хабарлады. Биыл 57 шараны іске асыру жоспарланған (2022-2025 жж. — 27 іс-шара).


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
23 Ақпан 2021, 10:00
Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
23 Ақпан 2021, 09:30
Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды
22 Ақпан 2021, 10:56
23 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2021, 10:47
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
21 Ақпан 2021, 10:02
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100
20 Ақпан 2021, 10:59
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»
19 Ақпан 2021, 19:32
Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
19 Ақпан 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады
19 Ақпан 2021, 12:19
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды
19 Ақпан 2021, 11:08
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб өз жұмысын бастады
19 Ақпан 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №35 Қаулысы
19 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №42 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.