Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығына талап қойды

Сәрсенбі, 30 қарашада, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов комбинат жұмысының тұрақтылығын, кеншілердің жұмыспен қамтылуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Үкімет басшысы өндіріс көлемін төмендетуге, сондай-ақ қазақстандық өнімді өткізу нарығын жоғалтуға болмайтынын атап өтті.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық талаптарды орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Кәсіпорынның одан әрі жұмысы бойынша келіссөздер жақын арада жалғасатын болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу