Әлихан Смайылов ҚР Президенті сайлауында дауыс берді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты.

Үкімет басшысы Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

Премьер-Министр республиканың барлық азаматтарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

«Осы күн мемлекетіміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Біз азаматтық белсенділік танытып, Мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатымызға дауыс беруіміз керек. Өз басым әділ және қуатты Қазақстан үшін, әрбір отбасының әл-ауқаты жоғары болуы үшін дауыс бердім», — деді Әлихан Смайылов өз таңдауын жасағаннан кейін.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу