Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ЕАЭО пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде — А. Мамин

Жұма, 30 Сәуір 2021, 15:16:10

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына төраға ретінде қатысып, онда ЕАЭО-ны пандемиядан кейінгі дамытудың күн тәртібін қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

«Біздің елдеріміз дағдарыстан кейінгі қалпына келу кезеңіне біртіндеп көшіп жатыр. Елдеріміз жүзеге асырып жатқан жаппай вакциналау қарқынын дәйекті түрде арттыру қысқа мерзімді перспективада ЕАЭО-ның қазіргі дағдарыстан шығуы туралы айтуға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы өзара сауда көрсеткіштерінің жақсарғанын, өндірістік саладағы өсімнің қалпына келуін және қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділіктің артқанын атап өтті. Биылғы қаңтар-ақпан айларында ЕАЭО-ның өзара саудасы $9 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға артық.

ҚР Премьер-Министрі ортақ өндірістік жүйелерді қалыптастыру қарқынын едәуір жеделдету, өнеркәсіптік кооперацияны, ЕАЭО-ның қайта өңдеу әлеуетін арттыру және шоғырландыру қажеттігін атап өтті.

«Біздің елдеріміз электромобильдерге арналған батареяларды, сирек кездесетін металдарды, “жаңа материалдарды”, қосылған құны жоғары АӨК өнімдерін және т. б. қоса алғанда, өнімдер мен қызметтердің барлық дерлік стратегиялық маңызды түрлері бойынша өндірістерді қалыптастыруда күшейіп келе жатқан бәсекелестікке қосылу тұрғысынан адами да, ресурстық та әлеуетке ие», — деді А. Мамин.

Қазақстан Үкіметінің басшысы өнеркәсіптік кооперация жобаларын, оның ішінде мемлекеттік және квазимемлекеттік қаражаттың қатысуымен қаржыландырудың қосымша көздерін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Биыл 28 сәуірде қол қойылған Қазақстан, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінің тікелей инвестициялар қорлары арасындағы тең инвестициялау туралы келісімді мысал ретінде келтірді.

ҚР Премьер-Министрі тауарлар мен қызметтердің өзара саудасына жасанды кедергілер жасауға жол бермеу, шекаралардан өту рәсімдерінің тиімділігін арттыру, мониторинг және бақылау жүйелерінің деректерімен алмасу жұмысын күшейтуге шақырды.

ЕАЭО аясында инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмысын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Үкімет басшысы қалыптасқан бағыттардың сенімділігіне және жекелеген өңірлердің транзиттік әлеуетіне қатысты белгісіздікке байланысты алаңдаушылықтың өсуіне орай халықаралық көлік ағындарын ауқымды қайта бөлуді ескере отырып, ЕАЭО-ның халықаралық тасымалдау нарығындағы өз үлесін ұлғайтуға және бұған дейін қолжетімсіз болған сыртқы өндірістік тізбектерге қосылуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«Аталған қарқын біздің транзиттік көрсеткіштеріміз арқылы көрініс беруде. 2020 жылы пандемияға қарамастан, ЕАЭО аумағы арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдардың өсуі 64%-ды (511,8 мың ЖФЭ) құрады. Осы жылдың алғашқы үш айында өсім 133%-ды (147 мың ДЭФ) құрады», — деді А. Мамин.

Отырыс барысында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттары бекітілді. Құжат ортақ нарықтың әлеуеті негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өндірісінің озық өсуін ынталандыруға, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бірлесіп өндірілген тауарлардың сыртқы нарықтарда экспортын ілгерілетуге, инновацияларды және өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын бірлесіп ынталандыру жолымен өнеркәсіптік өндірісті технологиялық дамытудың жаңа деңгейіне өтуге бағытталған.

Жерді қашықтан зондтаудың интеграцияланған ғарыш жүйесін қалыптастыру, өзара саудадағы кедергілерді одан әрі жою, үшінші елдермен электрондық сауданы реттеу тәртібі, ЕАЭО ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын өсімдіктердің қауіпті вирустарының таралуынан қорғау мәселелері және басқа да мәселелер қаралды.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Үкіметі өзара іс-қимыл туралы меморандумға және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Сондай-ақ отырысқа Армения Премьер-Министрінің м. а. Никол Пашинян, Беларусь Үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қырғызстан Үкіметінің басшысы Улукбек Марипов, Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин, Тәжікстан Үкіметінің басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Арипов, Молдова Премьер-Министрінің м. а. Аурелий Чокой (онлайн-режимде), Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердымухамедов қатысты. Куба Премьер-Министрі Крус Мануэль Марреро бейне мәлімдеме жасады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.