ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың төрағалығымен жақында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында 30-ға жуық мәселе қаралды.

Халықаралық қызметтің негізгі бағыттарына сәйкес 2022 жылы Египетпен, Израильмен және Иранмен сауданың преференциялық шарттары туралы келіссөздер жалғасады. Индонезиямен, Моңғолиямен, Кореямен, Түрікменстанмен, Катармен және т.б. еркін сауда аймақтарын қалыптастырудың орындылығы қаралатын болады. Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығына айрықша жәрдемдесуге бағытталған БҰҰ, ЭЫДҰ, ҰҚШҰ, ХЕҰ, IMDRF, КӨҚХК, Еуропалық Одақ, БРИКС сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз байланыстар қалыптастыру жалғастырылады.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен ЕАЭО кедендік шекарасында ветеринарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереже толықтырылды. Енді бақылаудағы тауарларды әкелу, орнын ауыстыру және транзиттеу кезінде электрондық түрде ресімделген ветеринарлық сертификаттар пайдаланыла алады. Бұл құжаттарды цифрландыру ветеринарлық сертификаттардың қолдан жасалуын болдырмауға және уәкілетті органдарды ұлттық ақпараттық жүйелерді дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады, оны іске асыру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің металлургиялық кәсіпорындарын шикізаттық қамтамасыз ету проблемасын кешенді шешуге ықпал етуге тиіс.

Жоспарда көзделген шаралардың ішінде ЕАЭО-ның ішкі нарығында металлургия кәсіпорындары үшін шикізатқа қол жеткізуге шектеулерді алып тастау, ЕАЭО-ның металлургия кәсіпорындарында металл сынықтарын қайта өңдеудің экологиялық таза технологияларын дамыту және қолдану және қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын тасымалдау саласында логистиканы дамыту маңызды болып табылады.

Қаралған барлық мәселелер бойынша өзара тиімді шешімдер қабылданды, олар ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға бағытталған.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу