Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2022 жылғы жұмысты қорытындылады

Астанада ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Өткен жылдың қорытындылары мен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы жылға арналған жоспарлар туралы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова баяндады. Сонымен қатар экология және табиғи ресурстар вице-министрлері Серікәли Мұқатаев пен Талғат Момышев баяндама жасады.

З. Сүлейменованың айтуынша, экология және табиғи ресурстар министрлігі келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады: қоршаған ортаны қорғау; су ресурстары; орман шаруашылығы және жануарлар әлемі; балық шаруашылығы.

Әрі қарай министр экология мәселелері туралы баяндады. Оның айтуынша, атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің нәтижелері көрсеткендей, 45 елді мекеннің 10 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары: олар Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер.

Сайлауалды бағдарламасы аясында Мемлекет басшысы ластаушы заттардың шығарындыларын 20%-ға азайту міндетін қойды. Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда, алдын ала мәліметтер бойынша ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің нақты көлемі былтырғы жылы 4,1%-ға (2,4 млн тоннадан 2,3 млн тоннаға) және тиісінше 11,7%-ға (1,02 млн тоннадан 0,9 млн тоннаға дейін) ТӨМЕНДЕДІ.

«Жалпы экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары қабылданған жаңа Экологиялық кодекс, бекітілген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жол карталары, сондай-ақ табиғатты қорғау шаралары аясында жүргізілуде», — деді министр.

Эмиссияларды төмендету бойынша нақты жұмыстар ірі ластаушы кәсіпорындар бойынша да жүргізіледі. Мысалы, АрселорМиттал Теміртаудың ластаушы заттар шығарындыларының лимиті биыл 16%-ға, яғни 250 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін төмендетілді (2021 ж. – 325 мың тонна). 2025 жылға дейін лимитті 149 мың тоннаға төмендету жоспарланып отыр.

Ең үздік қолжетімді техникаға көшу реформасы шеңберінде өнеркәсіптің негізгі салалары бойынша 91 кәсіпорында кешенді технологиялық аудит аяқталды. 83 салалық есеп дайындалды. ТОП-50 ірі кәсіпорындар үшін 2 жыл ішінде 12 ең үздік қолжетімді технологиялар анықтамалығы әзірленді. Осы жылдың соңына дейін тағы 4 анықтамалық әзірленбек. 2024 жылдан 2025 жылға дейін ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша бекітілген Анықтамалықтар негізінде кешенді экологиялық рұқсаттамалар беру жоспарлануда.

Қалдықтарды басқару саласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу үлесі 21%-дан 24-ға және өнеркәсіп қалдықтарының үлесі 38%-дан 39,6-ға дейін өскен. Бөлек жинау инфрақұрылымы мен саны өсуде (204 қала мен ауданның 142-сінде бөлек жинау, 101 елді мекенде сұрыптау енгізілді). 

«Саланы дамытуды сапалы жоспарлау мақсатында әкімдіктер қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу жұмыстарын бастады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әкімдіктерден шұғыл түрде осы бағдарламаларды бекітуді сұраймын. Бұл ретте Министрлік тиісті әдіснамалық көмек көрсетіледі», — деді экология және табиғи ресурстар министрі.

Тарихи ластану проблемаларын шешу бойынша да жұмыстар жүргізіліп жаьтыр. Атап айтқанда, Атырау облысындағы «Тухлая балка» және Маңғыстау облысындағы «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы бақылауда. Тиісті қаржы бөлінді.

Климаттық саясат саласында министрлік 2020 жылға парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден (381,6 млн тонна) 8%-ға төмендетуге қол жеткізді. Айта кету керек, Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 15 %-ға қысқартуға міндеттеме алған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы әзірленіп, ол Үкімет аппаратына енгізілді. Стратегия индикаторларын ескере отырып, ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды (ОНУВ) өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Оларды осы жылы бекіту жоспарлануда. 

2022-2025 жылдарға арналған көміртегі квоталарының ұлттық жоспары және 2023-2025 жылдарға арналған көміртегі бюджеті бекітілді. 

Сонымен қатар 2022-2026 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындылары саудасының қазақстандық жүйесін еуропалық Парниктік газдар шығарындыларының квотасымен сауда жүйесін (СТВ) интеграциялау бойынша Жол картасы бекітілді.

Әрі қалай З. Сүлейменова халықаралық ынтымақтастыққа және институттармен жұмыс жүргізу мәселесіне бөлек тоқталды. Былтыр Readiness жобасы аясында Жасыл климаттық қордан шамамен $1 млн-ға грант бөлінді.

Сонымен қатар «GCIP-Kazakhstan бағдарламасы» жобасы аясында «Қазақстанда Жасыл жұмыс орындарын құру үшін шағын орта бизнестегі таза технологиялар және кәсіпкерлік саласындағы инновацияларға жәрдемдесу» бойынша Жаһандық экологиялық қордан жалпы сомасы $1,7 млн-ға грант бөлінді.

Одан кейін экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова су шаруашылығын дамыту мәселелеріне тоқталды.

Министрдің айтуныша, орташа көп жылдық өзен ресурстары жылына 102,3 текше километрді құрайды, оның жылына 54,5 текше километрі жергілікті – ағын, ал жылына 47,8 текше километрі Орталық Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келеді.

Қазақстан трансшекаралық ағындарға, әсіресе еліміздің халқының жартысына жуығы тұратын және тіршілік ету жағдайлары сумен қамтамасыз етуге тікелей тәуелді оңтүстік және батыс өңірлерге тәуелді. Осыған байланысты министрлік трансшекаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты жүйелі негізде жүзеге асыруда.

Мәселен, Арал-Сырдария бассейні бойынша барлық елдердің, оның ішінде энергетика, суармалы су және Арал мен Арал маңы экологиялық қажеттіліктері мүдделерінің теңгерімін сақтауға мүмкіндік беретін Орталық Азияның су-энергетикалық консорциумын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Судың әділетті бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында Сырдарияның су шаруашылығы балансын әзірлеу және мемлекетаралық су құрылыстарын автоматтандыру жоспарлануда.

Жайық-Каспий бассейні үшін бірлескен гидрологиялық зерттеулер негізінде өзен жайылмасын және уылдырық шашатын жерлерді су басу үшін барынша мүмкін болатын су тасқынын қамтамасыз ету мақсатында Ресей Федерациясы мен Қазақстан аумағындағы гидротехникалық құрылыстардың жұмыс режимдерін синхрондау бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.

Бірлескен Қазақстан-Ресей бағдарламасы аясында Жайық өзені бассейнінде экологиялық сауықтыру және судың сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрғақ жылдарда Сарыөзен және Қараөзен өзендерінің бассейндеріне Еділ суын айдау көлемі артады. Бұл өзендердің бассейндерінде су қоймаларының құрылысын жобалау жұмыстары басталды. Шу және Талас өзендері бойынша қырғыз тарапымен мемлекетаралық пайдаланудағы Гидротехникалық құрылыстарды күтіп-ұстауға және жаңғыртуға қоса қаржыландыруды ұлғайту жұмыстар жүргізілуде.

Қытай тарапымен су бөлу туралы келісімді дайындау жұмыстары жалғасуда. Қорғас, Сұмба және басқа да өзендердегі мемлекетаралық маңызы бар гидротехникалық құрылыстар бірлесіп пайдаланылып жатыр.

Сонымен қатар трансшекаралық өзендерде Қазақстанның мүдделерін қорғауда біртұтас ұстанымды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен Су кеңесі құрылды.

Экология және табиғи ресурстар министрінің айтуныша, былтыр негізгі өзен бассейндерінде, әсіресе елдің оңтүстік аймақтарында судың төмен циклінің жалғасуына қарамастан, қабылданған шаралар нәтижесінде вегетациялық кезең тұрақты өтті. Каналдарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, суару желісінің магистральдық және шаруашылықаралық арналары тазартылды, су сорғыштар сатып алынды және орнатылды. 

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін жаңа Су кодексімен жұмыс жалғасуда. Бүгінде кодекс жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді. Жоба наурызда Парламентке енгізіледі. 

Бұдан басқа, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Су саласын дамытудың үш жылдық кешенді жоспарын әзірлеу жүргізілуде. Жобалар мемлекеттік органдармен келісу рәсімін өтіп жатыр.

«Әлсіз ғылыми сүйемелдеу мәселесін шешу үшін біз министрліктің, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қарамағындағы, оның базасында Ақпараттық-талдау орталығымен мықты салалық институт құра отырып және ақпараттық-талдау негіздемелерін әзірлеуді бекіте отырып, трансшекаралық өзендер бойынша зерттеулер жүргізе отырып, су ресурстарын бағалауды жүзеге асыра отырып, оны күшейту бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Бұл бастама Су кеңесінің отырысында қолдау тапты», — деді министр З. Сүлейменова.

Вице-министрдің айтуынша, штаттың шектеулі болуына байланысты уәкілетті орган сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етудің бірыңғай стратегиясын әзірлей алмайды, сондай-ақ суды пайдалану тиімділігін арттыру үшін салааралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ете алмайды.

Су саясатын толық іске асыру үшін су ресурстары комитетінің орталық аппараты деңгейінде де, аумақтық бөлімшелер деңгейінде де штат санын ұлғайту қажет. Осыған байланысты Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша функционалдық талдау жүргізу аяқталуда, оның қорытындысы туралы Су кеңесінде баяндалады.

Бұдан басқа, бүгінгі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Су саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің базалық ұйымы болып белгіленді. Сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, су тұтынушыларға арналған тарифтерді қайта қарастыруда. 

Әрі қарай министр орман шаруашылығын дамыту бағыты бойынша баяндады. Оның айтуныша, Президенттің бастамасымен орман қоры жерлерін көгалдандыру мақсатында 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. Былтыр 239,0 млн ағаш (166 мың гектар алқапқа) отырғызылды, Биыл 409 млн ағаш (188 мың гектар алқапқа) отырғызу жоспарлануда. 

Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Өткен жылы 250 мың гектар жерге фитомелиоративтік жұмыстар жүргізілді. 

Жыл басында Мемлекет басшысы Өсімдіктер әлемі туралы заңға қол қойды, сондай-ақ Әкімшілік бұзушылықтар туралы кодекске және Қылмыстық кодекске экологиялық бұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңдар қабылданды.

Жануарлар дүниесін дамыту және қорғау бағыты бойынша сирек тұяқты жануарлар мен ақбөкендер санының жыл сайын артуы байқалуда. Мәселен, ақбөкендердің саны 1 млн 318 мыңнан астам басқа жетті. 

Сонымен қатар заңнаманың қатаңдатылуына қарамастан, ақбөкендерді ату фактілері тоқтамауда. Өткен жылы браконьерліктің 67 фактісі анықталды. 

Орал ақбөкендерінің мекендейтін жерлерін сақтау мақсатында 2022 жылы Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 657 мың гектар болатын «Бөкейорда» резерваты мен Ащыөзек қорығы құрылды. Ақбөкендердің санын басқару мақсатында биыл кешенді ғылыми зерттеуді бастау жоспарлануда. Бұл ретте ақбөкендерді алып қоюға мораторий келесі жылға дейін ұзарттылды.

Экология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында сирек кездесетін және жойылып кету алдында тұрған жабайы жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру бойынша аңшылық саласын дамыту және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бойынша Стратегия, Бағдарлама, Тұжырымдама мен Заң жобасын әзірлеу жоспарлануда. 

ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңын іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Жергілікті атқарушы органдар зоологиялық қоғамдық ұйымдармен және қажетті инфрақұрылымды (жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттері) құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар тазы мен төбеттің қазақ халқының ұлттық игілігі екенін ескере отырып, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақ ит тұқымдарын сақтау және молайту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Министрліктің тағы бір маңызды бағыты – балық шаруашылығы. Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы іске асырылуда. Өткен жылы 3,7 млрд теңге сомасына 11 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 17 мың тонна балық өсірілді, бұл 2021 жылғы деңгейден 12%-ға жоғары (2021 ж. – 14,9 мың тонна).

«Бизнеске қолайлы жағдай жасау бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында олардың іскерлік белсенділігі артып келеді. Мәселен, 2020 жылмен салыстырғанда, балық өсіру шаруашылықтарының саны 2 есе артып, 380-ге жетті. Өсірілген балық көлемі де соңғы 5 жылда жылына 5,6 мың тоннадан 17 мың тоннаға дейін ұлғайды», — деді Зүлфия Сүлейменова.

Өз кезегінде, «Аквамәдениет туралы» заң жобасын әзірлеу жүргізілуде, онда бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар да көзделетін болады. Заң жобасын осы жылдың қараша айында Парламентке енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау – маңызды мәселелердің бірі. Президенттің тапсырмасы аясында Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жаратылыстану-ғылыми негіздемесі (НҒҚ) әзірленуде, оны жақын арада алу жоспарланып отыр, содан кейін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлене бастайды.

«Сондай-ақ табиғи балық ресурстарын сақтау бойынша шаралар қабылдануда. Бұл салада ең бірінші мәселе – браконьерлікпен күрес. Оны Мемлекет басшысы әсіресе Жайық-Каспий бассейнінде күшейтуді тапсырды», — деді З. Сүлейменова. 

Вице-министрдің айтуынша, осы тапсырманы орындау үшін қосымша шаралар белгіленді. Бұл балық инспекцияларын заманауи материалдық-техникалық құралдармен толық жарақтандыру, табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және заңсыз балық аулау үшін жауапкершілікті қатаңдату. Бұдан басқа, көлеңкелі айналымды төмендету мақсатында балық өнімдерін қадағалаудың ақпараттық жүйесі әзірленуде.

Әрі қарай Зүлфия Сүлейменова Мемлекет басшысының реттеуді таза парақтан енгізу жөніндегі тапсырмасына тоқталды.

Өткен жылы 330 реттеуші актіге және 6,0 мыңға жуық (5 987) талаптарға талдау жасалды. Оның 10%-ы (597) негізгі шарттарға сәйкес келмейді және қысқартуды талап етеді. Сондықтан 67 нормативтік-құқықтық актіге, оның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу жұмыстары басталды. Тиісті кестелер бекітілді. Атқарылған жұмыстың орындалу барысы туралы қосымша хабарланатын болады.

«Бұл экология және табиғи ресурстар министрлігі қызметінің негізгі қорытындылары және осы жылға арналған міндеттері. Біз Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан министрлікке жүктелген міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді саламыз», — деді ол.

Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толық ақпаратты вице-министр Серікәли Мұқатаев баяндады.

Вице-министрдің айтуынша, министрліктің 2022 жылы су саласын дамыту бойынша атқарған жұмыстары және 2023 жылға арналған міндеттері туралы баяндады.

2022 жылдың вегетациялық кезеңі тұрақты өтті. Осы өңірлерде вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы қарашадан бастап дайындық жұмыстары басталды. Осыған байланысты министрліктің жол картасы бекітілді. Оның аясында сыртқы және ішкі іс-шаралар жүзеге асырылды.

Сыртқы іс-шараларға келетін болсақ, өткен жылы Орталық Азия елдерімен мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы және Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясы шеңберінде вегетациялық кезеңде қажетті су ағынын қамтамасыз ету жөнінде қажетті уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Осылайша, Сырдария өзенінің бассейні бойынша Қырғызстанмен электр энергиясын тауар алмасу бойынша уағдаластықтар орындалды, бұл Тоқтоғұл су қоймасынан вегетациялық кезеңде 330 млн м3 көлемінде қосымша су жіберуді қамтамасыз етті. Бұл ретте Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға қосымша электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етті, бұл Тоқтоғұл су қоймасын толтыру жағдайын тұрақтандырды.

Сондай-ақ Қазақстан-Өзбекстан-Тәжікстан үшінші тарап форматында «Бахри-Точик» су қоймасының вегетациялық кезеңге арналған жұмыс режимі келісілді. Шу және Талас өзендерінің бассейндері бойынша вегетациялық кезеңде Қырғызстан тарапы келісілген кестелерге сәйкес мемлекетаралық пайдалану объектілері бойынша су беруді қамтамасыз етті.

Вице-министрдің айтуынша, ішкі іс-шаралар аясында экология және табиғи ресурстар министрлігі келесі жұмыстарды жүргізді:

Бірінші. Трансшекаралық өзендер бассейндерінде 5 322 су шығару құрылыстары жөнделіп,қалпына келтірілді.

Екінші. 1 512 км магистральдық және шаруашылықаралық арналарды реконструкциялау және механикалық тазарту жүзеге асырылды. Бұл су шығынын 450 млн м3 астам қысқартуға мүмкіндік берді.

Үшінші. Суару үшін коллекторлық-дренажды суды қайта пайдалану үшін 67 сорғы қондырғысы сатып алынды.

Төртінші. Ақпаратты жедел беру мақсатында 89 арнадағы гидропосттар автоматтандырылды.

«Бүгінгі таңда 2023 жылға бекітілген Жол картасына сәйкес вегетациялық кезеңге дайындық басталды», — деді экология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәли Мұқатаев. 

Оның айтуынша, ирригациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша келесі жұмыстар орындалды.

Су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша 1 720 км суару каналдары қайта жаңартылды. 89 арна цифрландырылды, қазіргі уақытта іске қосу-реттеу жұмыстары және тестілік сынақтар жүргізілуде. 214 шақырымға жуық топтық су құбырлары салынды.

214 шақырымға жуық топтық су құбырлары салынды. Бұдан басқа, 642 шақырымнан астам коллекторлар, сондай-ақ каналдардағы 13,6 мыңнан астам су шығару құрылыстары қайта жаңартылып, қалпына келтірілді және 8 тік дренаж ұңғымалары қалпына келтірілді. Нәтижесінде 435,1 млн м3 су шығыны азайды.

2023 жылы республикалық бюджет және халықаралық қаржы ұйымдарының (Ислам даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк) қарыздары есебінен 2 жаңа су қоймасының құрылысы басталады, 2 129 км суару каналдарын реконструкциялау жоспарланып отыр, бұл 72 мың га қалпына келтіруге және 43,5 мың га суармалы жер алаңында сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, каналдардағы су шығаратын құрылыстардың 13,3 мыңнан астам бірлігі реконструкцияланып, қалпына келтіріледі және тік дренаждың 6 ұңғымасы қалпына келтіріледі. 24 арна цифрландырылады. Нәтижесінде су шығынын 400 млн м3 қысқарту жоспарлануда.

«Жоғарыда аталған іс-шаралар дәйекті қаржыландыру кезінде жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуге, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, осылайша, халық пен экономика салаларының қажеттіліктерін сумен қамтамасыз етеді», — деді Серікәли Мұқатаев. 

Әрі қарай экология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев баяндама жасады. Ол экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын орындау аясында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында министрлік еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында ластаушы заттардың шығарындыларын азайту бойынша жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2022 жылы «АМӨЗ» (АНПЗ) ЖШС, «АЛЭС» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС БМК және «АЗХС» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Стройдеталь» ЖШС, «Kazakhmys Smelting» ЖШС БМЗ және ЖМЗ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС және «ПҚОП» ЖШС қатысты профилактикалық бақылау жүргізілді.

2022 жылы ҚР бойынша ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің нормативтік көлемі нысаналы индикаторлардан аспаған.

Сондай-ақ өңірлердің экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол карталары бекітілді. Жол карталары ауқымды жұртшылықтың қатысуымен әзірленіп, 16 жол картасында барлығы 485 іс-шара көзделген. 2020-2022 жылдардағы жол карталарының орындалуын талдау қорытындысы бойынша 178 іс-шараның 155-і орындалды.

Мемлекеттік экологиялық бақылауға қатысты 2022 жылы шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 1 168 тексеру жүргізілді. 3,6 мыңға жуық (3 579) экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды, 1 692 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 5 млрд 882 млн теңгеге 2 729 әкімшілік айыппұл салынды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 9,5 мыңнан астам (9 551) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері туралы да айтылды. 2022 жылы шамамен 4,2 млн тонна ҚТҚ жиналған, оның 24%-ы қайта өңделді. Бүгінгі таңда еліміздің 208 қаласы мен ауданынан әртүрлі кезеңдерде қалдықтарды бөлек жинау 142, ал сұрыптау 101 қала мен ауданға енгізілді.

Рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізілуде. Стихиялық полигондарды қадағалау ғарыштық мониторинг арқылы жүзеге асырылады (39 елді мекен). 2022 жылы шамамен 5,6 мың (5 683) рұқсат етілмеген полигон анықталды, оның 62%-ы (4 210 полигон) жойылды.

2022 жылы республика бойынша ҚТҚ полигондарының саны 3 005-ті құрады, олардың 21%-ы немесе 633-і экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес.

«Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жағдайды жақсарту үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен тиісті инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, келіп түскен эмиссиялық қаражаттың шығыстарын жоспарлау жүргізілуде (табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарлары шеңберінде), осы саланы дамытуды жүйелі жоспарлау үшін өңірлерде коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге байланысты мәселелер талқылануда», — деді вице-министр

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметінде жекелеген мәселе – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері тетігі шеңберінде жағдайды тұрақтандыру.

Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәдеге жарату алымы ставкаларының мөлшері қайта қаралды, атап айтқанда көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына қатысты мөлшерлемелер 50%-ға төмендетілді; оператордың қаражатынан 160 млрд теңге халықты жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасын қаржыландыруға (100 млрд теңге) жіберілді; ауыл шаруашылығы техникасына кредит беру (30 млрд теңге), отандық өндірістегі автобустарды сатып алу (30 млрд теңге); 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР-ға әкелінген автомобиль импорттаушыларын кәдеге жарату алымын төлеуден босатуды көздейтін Экологиялық кодекске түзетулер қабылданды.

Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалауды және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингтен өткізу саласын айқындау туралы қорытынды беру мерзімдерін қысқарту (32-ден 22 жұмыс күніне дейін), ҚОӘБ есебінің жобасын қарау мерзімін қысқарту (39-дан 30 жұмыс күніне дейін), мемлекеттік экологиялық сараптамаға дейін және оның барысында қоғамдық тыңдаулар өткізу, сондай-ақ олардың қайталануын болдырмау, құрылыс-монтаж жұмыстарына жекелеген экологиялық рұқсаттар беру бөлігінде Экологиялық кодекске мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша түзетулер пакеті дайындалды.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышевтің айтуынша, түзетулер пакеті – ҚР Президенті Әкімшілігінің қарауында. Бұл жұмыс биыл жалғасады.

Мемлекет Басшысы экологиялық мәселелерге, сондай-ақ жұртшылықты алаңдататын мәселелерге ерекше назар аударады. Атап айтқанда, экология және табиғи ресурстар министрлігіне:

- өнеркәсіп кәсіпорындарында экологиялық бақылауды күшейту;

- кәсіпорындардың Экологиялық кодекс нормаларын сақтауын ерекше бақылауға алу;

- кәсіпорындардың ең жақсы қолжетімді технологияларды пайдалануға және кешенді экологиялық рұқсаттар алуға көшуін жеделдету және т. б. тапсырылды.

Осыған байланысты министрлік алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, 2023 жылға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» және Мемлекет басшысының өңірлерге сапарларының қорытындысы бойынша жеке тапсырмаларын орындайды.

«Аталған сұрақтардың барлығы бойынша жұмыс жасалуда. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алдына қойылған барлық міндеттер орындалады», — вице-министр Талғат Момышев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу