Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.

«Сіздің киноиндустриядағы тәжірибеңіз мол, халықтың ықыласына бөлендіңіз. Фильмдеріңізбен түрлі кинофестивальдерге қатысып жүрсіз. «Анаға апарар жол», «Томирис» және басқа да туындыларыңызды көрермен жылы қабылдады. Қазір сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін», – деді Елбасы.

Әңгіме барысында А. Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу