ҚР Премьер-Министрі Халықаралық көрмелер бюросының Бас Хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Халықаралық көрмелер бюросының Бас Хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады.

«Біз Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алғанына өте қуаныштымыз. Біздің жобаға көңіл аударғаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіргім келеді. Көрменің ең жоғары деңгейде ұйымдастырылуы және өтуі үшін біз барлық күш-жігерімізді жұмсайтынымызды ҚР Үкіметінің атынан тағы бір растағым келеді»,- деді С.Ахметов.

«ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу Қазақстанның елордасы мен облыстарын ғана емес, тіпті Орталық Азияның барлық аймақтарын дамытуға зор серпін береді», деп атап көрсетті Үкімет Басшысы.

Өз кезегінде, В.Лоссерталес ынтымақ, көшбасшылық және болашақты болжай білу Астананың жеңіске жетуінің негізгі тетіктері болып табылатынын атап өтті. «Астананың жетістігі, ЭКСПО-ның жетістігі- бұл Халықаралық көрмелер бюросының да жетістігі болады»,- В.Лоссерталес.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу