Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады

Сәрсенбі, 17 Қараша 2021, 12:52:04

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларымен келіссөз жүргізді. 

Үкімет басшысына Қазақстандағы экономикалық ахуал, сондай-ақ пандемия салдарын төмендету және халық пен бизнесті қолдау бойынша ҚР-да жүргізіліп жатқан саясат бойынша ХВҚ-ның сараптамалық бағалаулары мен болжамдары таныстырылды.

Миссия биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 3,5% деңгейінде ҚР нақты ЖІӨ өсімінің оң динамикасын және өндіріс көлемінің пандемияға дейінгі деңгейге қайтарылуын айқындады.

«Ресми органдардың әрекет ету шаралары халықтың табысы мен экономикалық белсенділікке тиген соққы әсерін жұмсартуда маңызды рөл атқарды. Экономикалық саясат шаралары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуді, әлжуаз үй шаруашылықтарына ақшалай төлем беруді және аса зардап шеккен секторлар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарына атаулы көмек, оның ішінде жеңілдетілген несие мен салықтық жеңілдіктер беруді қамтыды. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясындағы жобалар жұмыспен қамтуды қолдауға ықпал етті», — делінген ХВҚ миссиясының мәлімдемесінде.

Халықаралық валюта қоры сарапшыларының болжамдарына сәйкес, 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалпына келу серпінін одан әрі сақтай отырып, ҚР экономикасының өсу қарқыны 3,7%-ға жетеді.

ХВҚ миссиясы Қазақстанның қаржылық қадағалауды күшейту, инфляциялық таргеттеу, салықтық және бюджеттік әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі шараларына, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне жоғары баға берді.

Премьер-Министр Қазақстан пандемиядан кейінгі жаңа шынайылық жағдайында сапалы және орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкенін атап өтті. Оны жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлік даму, кәсіпкерлік, АӨК, экология, цифрландыру, білім және ғылым, денсаулық сақтау және қоғамдық даму салаларында ұлттық жобалар әзірледі. Бұл ретте инвестиция тартудың жаңа тәсілдері әзірленіп, «жасыл» экономиканы қалыптастыру бағыты айқындалды.

Тараптар ақша-несие, валюта, салық-бюджет саясаты, банк саласындағы ахуал, жеке секторды дамыту және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономиканың құрылымдық реформалары мәселелерін талқылады.

Келіссөзге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова және т. б. қатысты.

ХВҚ миссиясы Қазақстанға ХВҚ келісімінің IV бабына сәйкес жыл сайынғы консультацияларды өткізу үшін жылына екі рет келеді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.