2021 жылға Қазақстанда дәрі-дәрмектер 97%-ға сатып алынды — «СҚ-Фармация»

Биыл еліміз бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету позицияларының 97%-ға жуығы сатып алынды. Бұл туралы «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты.

«Біз жазда сатып алу науқанын бастаймыз, дәрі-дәрмектердің тізімі сол кезде жасалады. Көбіне ол тежеліп қалады. 2021 жылға біз сатып алынған позициялардың 97%-ымен келдік, қазір 1300 позицияның 73-і қалды. Жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 73 позиция проблемалы позициялар емес, олар бойынша өзара алмастырушылық таптық», — деді Е. Есқалиев.

Оның айтуынша, автоматтандырылған аукцион сатып алу кезінде 32 млрд теңгеге жуық қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді.

«Жүйеде сатып алудың 4 түрі бар. Біріншісі — отандық тауар өндірушілерден сатып алу. Екіншісі — халықаралық брендтерден сатып алу, жекелеген тікелей келісімшарттар. Үшіншісі — ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардан сатып алу. Олар арзан, бірақ жеткізу мен мерзіміне байланысты қиындықтар бар. Қалай болса да, бұл да халықаралық ұйымдармен перспективалы өзара іс-қимыл орнату болып саналады. Төртінші — дистрибьюторлармен аукцион өткізу. Ол әдетте әрдайым проблемалы болды. Біздің алдымызда биыл оны толықтай автоматтандыру міндеті тұр», — деп түсіндірді басқарма төрағасы.

«СҚ-Фармация» электрондық конкурстарды өткізудің халықаралық тәжірибесін зерделеді.

«Адам факторы 100% алынып тасталды. Біз Қаржы министрлігінің еншілес компаниясы — Электрондық коммерция орталығымен жұмыс істейміз. Келісімдер бар, біз қазір денсаулық сақтау министрлігінде лицензия беру бойынша кейбір позицияларды автоматтандырудамыз, мәселе шешіледі. Бұл жерде өте маңызды мәселе, іс жүзінде аукцион бәсекеге қабілетті орта болып табылады, оның есебінен үнемдеу жүреді, ал үнемдеу есебінен пациенттерді қамту ұлғаяды. Тайминг — жылдың басында біздің жабылған келісімшарттармен кіруіміз өте маңызды мәселе. Биыл оны жүзеге асыруға тырыстық. Проблемалы 2-3 позиция бар, қазір олар шұғыл шешілуде», — деп түсіндірді Е. Есқалиев.

Басқарма үнемдеу мақсатында әкімшілік шығындарға, ғимараттарды жалға алуға, логистикаға бағытталатын қаражатты қысқартатынын атап өткен жөн.

«Яғни барлық сапарлар, форумдар жойылды, яғни PR бойынша барлық шығындар толығымен алынып тасталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бізге сырттай сараптама жүргізді. Мен бизнес те оңтайландыруға, яғни аукциондар мен тендерлерге қатысуы керек деп санаймын. Автоматтандыру процесі де қалдықтарды басқару тұрғысынан бізге белгілі бір қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Қалдықтар көп те емес, аз да емес, қажетті мөлшерде болуы үшін, өйткені біз одан кейін бұл көлемді есептен шығаруға мәжбүрміз», — деді «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу