ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты

Бүгін, 31 қаңтарда, Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Еуразиялық одақтың Үкіметаралық кеңесінің негізгі тақырыптарының бірі қатысушы елдердің саудасын және цифрлық интеграциясын дамыту болмақ. Отырыс туралы толығырақ экономика және қаржы саясаты жөніндегі Еуразия экономикалық комиссия министрі Тимур Жақсылықовпен сұхбатта. 

 

— ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің алдағы отырысында қандай мәселелер қаралатын болады? 

— ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысында әдетте ағымдағы күн тәртібімен де, интеграцияны дамытудың перспективалы мәселелерімен де байланысты ауқымды мәселелер қарастырылады. Атап айтқанда, бізде әдеттегі мәселеге айналған маңызды мәселе - кедергілерді азайту және қысқарту, Одақтың ішкі нарығындағы шектеулерді алып тастау мәселелері туралы айтуға болады. Бізде Одақтың ішкі нарығындағы кедергілер, тосқауылдар мен алып тастаулардың Ақ кітабы қолданыста. Жол карталары жасалған, осы кедергілерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ертең айтылады. 

Интеграцияның перспективалы бағыттарымен байланысты тағы бір маңызды мәселе — бұл 2025 жылға дейінгі еуразиялық интеграцияны дамытудың Стратегиялық бағыты деп аталатын құжат. Бұл өте маңызды құжат, себебі ол орташа ұзақ мерзімге интеграциялық процестің қарқынын, сипаты мен мазмұнын айқындайды. Құжат белсенді талқылануда. Ол жұмыс үстінде. Барлық елдердің Үкіметтері қатысып жатқан кездесулер, жұмыс топтары жиі жүргізіледі. Жұмыстың жайы туралы менің әріптесім — министр Сергей Глазьев баяндайды.

Алкоголь өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру жөніндегі Келісіммен жұмыс барысы туралы мәселені де атап өткім келеді, менің блогым онымен жұмыс істейді. Бұл да өте маңызды мәселе, ол көптен бері біздің жұмысымызға алынған. Біз осы мәселені келісудің ілгерлеуші сатысындамын, бірақ бізде әлі де болса келісілмеген пункттер бар. Сонымен қатар келісілмеген мәселелерді келісу мүмкіндіктерін талқылайтын боламыз. 

 

— ЕЭК-те сіз экономика және қаржы саясаты блогы бойынша жұмыстарға жетекшілік етесіз. Қазіргі кезде сіздің блок қандай маңызды құжаттарды дайындап жатыр? 

— Бізде күн тәртібінде және жұмыста өте маңызды мәселелер көп. Мен ортақ қаржы нарығын қалыптастырумен байланысты мәселені атап өткім келеді. Сіздер білесіздер, капиталдардың еркін қозғалысы — бұл төрт интеграциялық еркіндіктердің бірі. Біз әлі жалпы қаржы нарығын қалыптастырудың бірінші кезеңіндеміз. Өткен жылы Жоғарғы кеңес барысында Президенттердің кездесуінде 2025 жылға дейінгі кезеңге ортақ қаржы нарығын қалыптастыру Тұжырымдамасы қабылданды. Қазір осы Тұжырымдама құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. Бізге ортақ қаржы нарығын нақты белгілерге ие болуы үшін көптеген келісімдерді, шешімдер мен басқа да құжаттарды қабылдау қажет. Бұл жұмыстардың барлығы түптің түбінде өазіргі қаржы қызметтерінің тұтынушылар үшін сапасын, алуан түрлілігі мен қолжетімділігін арттыруға әкеледі. Тағы бір маңызды бағыт — еңбек миграциясы саласында еркіндікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар. Бұл саладағы басты құжат — еңбек етушілерді зейнеталық қамтамасыз ету туралы келісім, оған өткен жылдың соңында қол қойылды, қазір ол тараптардың ратификациясы сатысында. Жұмыстар мұнымен аяқталмайды. Себебі, бұл келісімнің іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ететін көптеген технологиялық құжаттарды әзірлеп, келісіп, қолданысқа енгізу керек. Бұл еңбек ететін мигранттар зейнетақысына да, осы саладағы өкілетті органдардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті ақпараттық құжаттардың көп бөлігі үшін де қатысты. 

 

— Бұл ЕАЭО мүше мемлекеттердің қарапайым азаматтары үшін нені білдіреді?

— Қарапайым қазақстандықтар, беларусьтер, қырғыздар, армяндар, ресейліктер үшін бұл басқа елде еңбек мигранты ретінде жұмыс істеп жүрген адамдар басқа елде жұмыс істеп жүрген кезінде өзіне болашақтағы зейнетақысын қамтамасыз ете алады деген сөз. Яғни, қазір басқа елде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жүйесіне аударымдар жасайды. Мысалы, Ресейде жұмыс істеп жүрген қазақстандық Ресейдің зейнетақы жүйесіне төлемдер жасайды, бірақ бұл оның болашақ зейнетақы аударымдарына еш ықпал етпейді. Құжат өз күшіне енген соң, ол ратификацияланған соң бұл жағдай түбегейлі өзгереді. Басқа елдегі жұмыс өтілі ескерілетін болады. Сонымен қатар, оның басқа елдің зейнетақы жүйесіне төлеген зейнетақы жарналары ескеріледі. Оның басқа елден жасаған зейнетақы аударымдары өз елінде жұмыс істейтіннің есебіне аударылады. 

 

— Сұхбатыңызға рахмет! Алдағы отырыста жемісті жұмыс тілейміз.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу