Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды

Жұма, 08 Қазан 2021, 17:43:33

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің (ИКЖК) отырысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту және ҚР-ның төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері қаралды.

«Жасыл экономиканы» дамыту және жаңартылатын энергия көздеріне шетелдік инвестицияларды тарту перспективасы туралы ҚР-дағы Америка сауда палатасының (АТП) атқарушы директоры Дорис Брэдбюри, ҚР-дағы АТП президенті Кеннет Мак, ЭЫДҰ жаһандық қатынастар жөніндегі хатшылығының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсон, Қазақстанда аккредиттелген Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, ЕО елшісі  Кестутис Янкаускас, Нидерланды елшісі Хайме де Бурбон, ЕО жанындағы Канаданың арнайы елшісі Стефан Дион, сондай-ақ GE, Total Energies, Orano Group Kazakhstan (KATCO), Eurasia Group  компаниялардың өкілдері және т. б. баяндама жасады.

Қабылданып жатқан шаралар туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков баяндады.

Экономиканы декарбонизациялау және климаттың өзгеруіне бейімдеу, ҚР-да ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, жаңартылатын энергия көздерін, нақты егіншілікті және жалпы «жасыл» экономиканы дамытуға инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

Үкімет басшысы Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күрес аясында өз міндеттемелерін іске асыру бойынша шараларды ұлғайтып жатқанын атап өтті. Бұл ретте күш-жігер экономиканың тұрақтылығы мен декарбонизациясын арттыруға бағытталған.

ҚР Париж келісімін іске асыру үшін 2030 жылға қарай Үкімет парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға азайтуды таргеттейді. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан ұлттық деңгейде айқындалатын шығарындыларды азайту жөніндегі үлесін жаңартты және 2022-2025 жылдарға арналған тиісті Жол картасын әзірледі.

«Үкімет сонымен қатар 2020 жылдың желтоқсан айында климаттық амбициялар бойынша БҰҰ саммиті аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу мақсатын іске асыру үшін тәжірибелік шаралар қабылдауда. 2060 жылға дейін ҚР көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу доктринасын әзірлеу жүргізілуде, ол биыл қараша айында Глазго қаласында климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясында ұсынылатын болады. Құжатта ҚР экономикасының энергетикалық тиімділігін арттыру, электрлендіру және жаңартылатын энергия көздерін кең ауқымды пайдалану шаралары көзделген», —  деді А. Мамин.

Премьер-Министр Үкіметтің энергия өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін бұрын жоспарланғандай 2025 жылға қарай емес, 2023 жылға қарай 6%-ға дейін екі есе арттыруға ниетті екенін атап өтті. 

Үкімет басшысы Қазақстанның баламалы энергетиканы дамыту саласына шетелдік капитал мен озық технологияларды тарту үшін инвестициялық ортаны жақсарту жөнінде бірқатар шаралар қабылдағанын жеткізді. 

Нәтижесінде, 2020 жылы жаңартылатын энергетика саласында жалпы қуаты 600 МВт жуық болатын 25 жоба пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі $510 млн асты.

Алдағы төрт жыл ішінде жалпы қуаты 2400 МВт болатын және инвестиция көлемі $2,5 млрд астамды құрайтын 60-тан аса жаңа ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда белгіленген қуаты 1922 МВт болатын 124 ЖЭК объектісі жұмыс істейді: 31 жел электр станциясы, 48 күн электр станциясы, 40 су электр станциясы, 5 биоэлектр станциясы.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.