Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов

Сейсенбі, 23 Қараша 2021, 11:59:48

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жергілікті қамтуды дамыту мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.

«Отандық өндірушілерді қолдау үшін ұлттық экономиканың өзіндік жеткіліктілік стратегиясын іске асыру мақсатында Министрлік жүйелі шаралар қабылдауда. Сондай-ақ халықаралық міндеттемелерге сәйкес қолдау механизмдерін әзірлеуде. Қолданыстағы қолдау шаралары өткізу нарықтарын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді тапсырыстар жасауға бағытталған», — деді Б. Атамқұлов.

ҚР ИИДМ уақытылы іс-шаралар қабылдау үшін реттелетін нарық субъектілерінің барлық сатып алуларына мониторинг жүргізеді. 2020 жылдан бастап жергілікті қамту үлесі артып, көрсеткіш 1,3% құрады. 

«Биыл 9 айдың қорытындысында реттелетін сатып алудың жалпы көлемі 12,9 трлн теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесі 6,4% өсіп, 58,3% құрады. Субъектілер бойынша ең жоғары өсімді мемлекеттік сатып алуда – 6,2%, ұлттық компаниялардағы сатып алуларда – 0,8% және жер қойнауын пайдаланушылар – 12,8% көрсетті», — деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл басында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік сатып алуларда мәлімделген жергілікті қамту көрсеткіштері бойынша деректер салыстырылды. Нәтижесінде 14 өңірде көрсеткіштердің артық екені анықталды.

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін жыл сайын тексеру жүргізуді тапсырды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты отандық өндірушілерді қолдау шаралары 2015 жылдан бастап кезең-кезеңмен алып тасталды. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жер қойнауын пайдалану саласында тауарлардағы жергілікті қамту алып тасталды және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде 50% аспайтын талаптар қойылды. Жергілікті қамту құралын қолдану бойынша тиісті өзгерістер енгізілді. Халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған 5 жаңа механизм әзірленді.

Бірінші. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасында «ел ішіндегі құндылық» ұғымы мен даму саясаты көзделген. Бұл ұғым халықаралық аренада танылған, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына сәйкес келеді. Мысалы, ірі жер қойнауын пайдаланушылар ел ішіндегі құндылықты дамытудың жеке бағдарламаларын және отандық өндіріс тауарларын сатып алуға көшу жоспарын қабылдайды.

Екінші. Дайын өнімді өткізу және ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен офтейк-келісімшарттар, офсеттік шарттар пайдаланылады. Бұл ретте оффтейк-келісімшарттар өндірісті оқшаулауға және жаңаларын ашуға, ал офсеттік шарттар технологиялар трансферті мен инвестициялар тартуға бағытталады. Ұзақ мерзімді шарттар жұмыс істеп тұрған өндірістердің өнімдерін өткізуді қамтамасыз етеді.

Үшінші. Ірі мұнай операторлары бірлескен жол картасы бекітті. Ол:

  • ұлттық стандарттарды бейімдеу мәселелерін;
  • тендерлік рәсімдерге қазақстандық өндірушілерді қолдау механизмдерінің ірі операторларын енгізуді;
  • 2025 жылға дейін жергілікті қамтуды ұлғайтуды;
  • мұнай-газ жабдықтарының 5 өндірісін оқшаулау шараларын қарастырады. 

Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығының жұмысы басталды. Ол ірі операторлармен бірлесіп, технологияларды оқшаулауға және трансферттеуге кірісті. Импортталатын 1 200-ден (астам тауарға талдау жүргізілді. Оқшаулау үшін 3 тауарлар тобы іріктелді. Орталық жыл соңына дейін инвестициялық жобалар мен өндірістерді оқшаулар бойынша ұсыныстар жасауды, сондай-ақ отандық өндірушілер үшін бар кедергілерді анықтауды жоспарлап отыр.

Төртінші. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті қамту көрсеткіштерін сақтау және арттыру мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексте жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасау нормасы бекітілген. Келісімдерде тауарлардағы жергілікті қамту үлесінің орташа көрсеткіші 30%, жұмыстар мен қызметтерде тиісінше 80% және 85% құрайды. Биылғы қараша айындағы жағдай бойынша 234 келісім жасалды. Бұл шаралар алдын ала болжамдарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін 55% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бесінші. Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша нысаналы индикаторлар белгіленді. Атап айтқанда, 2021 жылға арналған жергілікті қамтудың орташа үлесі:

  • құрылыс материалдарында – 77,3%;
  • жиһаз өндірісінде – 68,5%;
  • жеңіл өнеркәсіпте – 65,5%;
  • целлюлоза-қағаз саласында – 53,7%;
  • химияда – 36,2%;
  • фармацевтикада – 32,3%;
  • машина жасауда – 19,5% құрайды.  

Мәлімделген көрсеткіштерге қол жеткізу механизмдерінің бірі – ұлттық режимнен шығару. Бұл механизм 4 түрлі тауарда қолданылады. Олар бойынша мемлекеттік сатып алу тек отандық өндірушілермен жүргізіледі. Сондай-ақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі және машина жасау өнімдері бойынша ұлттық режимнен алып тастау мәселесі пысықталуда.

Отандық тауарлардың ассортиментін кеңейту мақсатында жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда. 2022 жылы Қызылорда облысында қуаты жылына 197,1 мың тонна болатын «Orda Glass LTD» табақ шыны өндірісі жобасын пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде ішкі нарықтың табақ шыныға қажеттілігінің 98% өтейді. 

2023 жылға дейін шетелдік инвесторлардың қатысуымен керамикалық плиткалар шығаратын үш жаңа кәсіпорын пайдалануға беріледі. Бұл ішкі нарықта тұтынудың 90% жабуға мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін кальцийленген сода өндіру бойынша тағы 2 жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Осы жобаларды пайдалануға беру ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. 

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мұнай-газ секторындағы жергілікті қамтуды қолдау жөніндегі жұмыс туралы баяндады.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамтуды дамытуға үлкен көңіл бөледі.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша көмірсутек шикізаты және уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі шамамен 5,4 трлн теңгені құрады», — деді М. Мырзағалиев.

Бұл ретте осы сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 46% құрады. Оның ішінде:  

  • тауарларды сатып алудағы – 19,7%;
  • жұмыстарда –  51,3%;
  • қызметтерді сатып алуда 50,3% құрады. 

Жер қойнауын пайдаланушылардың 2021 жылға арналған сатып алу жоспары 6,8 трлн теңгені көздейді. Ондағы жергілікті қамту үлесінің болжамды көрсеткіші 46,5% немесе 3,1 трлн теңгені құрайды.

  • тауарлар бойынша жергілікті қамтудың үлесі 19,5%; 
  • жұмыстар бойынша 51,3% құрайды; 
  • қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту 52,3% құрайды.

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінің шамамен 77% үш ірі операторға тиесілі. Олар — «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығынақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «Норт Каспиан Оперейтинг Н.В.». Сатып алудың қалған 13% «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ компаниялар тобының және 10% басқа да жер қойнауын пайдаланушылардың үлесінде. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қазір отандық тауар өндірушілер келесі тауарлармен толық қамтамасыз етеді. Олар:

  • құрылыс-монтаж материалдары (сэндвич панельдері, металл конструкциялары, темірбетон және арматуралық стрежньдер); 
  • құбыр материалдары (құбырлар мен фитингтер, фланецтер, клапандар, арнайы құбыр тіректері); 
  • механикалық жабдықтар (ыдыстар, жылу алмастырғыштар және т. б.);
  • электроматериалдар (трансформаторлар, электр қалқандары, жарықтандыру);
  • телекоммуникация материалдары (телекоммуникациялық  кабельдер, бейнебақылау жүйесі және т.б.);
  • жанар-жағармай материалдары (мотор майларын қоса алғанда).

Осылайша, отандық тауар өндірісі дамуының оң қарқынын атап өтуге болады.

Отандық тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу үлесінің төмендігі шетелдік және отандық өндірушілер арасында қалыптасқан дискриминациялық жағдайларға байланысты болып отыр. Осылайша, ірі операторларға берілген кедендік преференциялар нәтижесінде олар шетелдік тауарларды қосылған құн салығын нақты төлемей сатып ала алады. Ал отандық өндірушілерден тауарларды сатып алу кезінде 12% мөлшерінде салық төленеді.

Бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жолдарының бірі – Салық кодексіне өзгерістер енгізу. Бұл өзгерістер ірі жобалар үшін тауарларды жеткізу кезінде отандық өндірушілердің ішкі айналымын қосылған құн салығынан босатуды қамтиды. Бұл шара шетелдік және отандық компаниялар арасындағы жағдайды теңестіруге мүмкіндік береді.

«Министрлік жергілікті қамтуды дамыту бойынша бірқатар шаралар мен бастамаларды жүргізуде. Олардың негізгілерінің бірі елімізде кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу болып табылады», — деді М. Мырзағалиев.

Министрлік «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылармен «Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы» келісім жасасуға бастамашылық жасады. Бұл келісімдер ерікті түрде жасалады. Бүгінгі таңда көмірсутектер мен уран бойынша 282 келісімшарттың 164-і бойынша келісімге қол жеткізілді.

Олардың ішінде: 

  • көмірсутектер саласындағы 84 жер қойнауын пайдаланушылармен 147 келісімге; 
  • уран өндіру саласында 13 жер қойнауын пайдаланушылармен 17 келісімге қол қойылды. 

Аталған келісімдер тауарлардағы жергілікті қамту үлесін 19,5%-дан  31%-ға дейін, жұмыстарда – 66,8%-дан 78,6%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту деңгейі де 69,4%-дан 88,8%-ға артатын болады.

Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі келесі бастама – ағымдағы жылы құрылған Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы болып табылады. Орталық жұмысының негізгі мақсаты – еліміздегі мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін жергіліктендіру. Ол үшін орталық жаңа өндірістер ашуды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта операторлардың ұсынысы бойынша орталық үш тауар тобын талдауды және жергіліктендіруді қолға алды. Олар: 

  • бекіту арматурасы (клапандар);
  • электротехникалық жабдық;
  • бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика.

Орталық отандық өндірушілердің қажеттіліктері бойынша толық деректерге және тиісті мүмкіндіктерге талдау жүргізгеннен кейін қалған тауар топтары бойынша ұсыныстар енгізетін болады.

Биыл Жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры құрылды. «Шеврон» компаниясы жергілікті қамту үлесін дамытуға $248,5 млн қаражат мөлшерінде инвестиция бөледі. Бұл компанияның республика алдындағы өзінің қайта инвестициялау міндеттемелері шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Инвестициялар технология мен IT, базалық тауарлар өндірісі және мұнай-газ секторына арналған жабдықтардың жекелеген түрлерін құрастыру және қоршаған ортаны қорғау салаларына бөлінетін болады. Бүгінде Қор «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңында тіркелген. Өтінімдерді қабылдау бойынша электрондық портал әзірленуде.

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларындағы жергілікті қамтуды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев хабарлады. 

«Қордың компаниялар тобы бойынша сатып алудың жалпы жоспары 3,6 трлн теңгені құрады, оның ішінде 2021 жылдың 10 айында жасалған сатып алу шарттарының сомасы 3,3 трлн теңгені немесе жалпы жоспардың 91,7% - ын құрады. Қазақстандық компаниялармен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 2,9 трлн теңгеге немесе жасалған шарттардың жалпы көлемінің 87,9%-ына шарт жасалды», —  деді А. Сәтқалиев.

Жергілікті қамту үлесі 76% құрады, оның ішінде тауарлар бойынша – 66%, жұмыстар бойынша – 85%, қызметтер бойынша – 89%. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Биылғы жылдың 10 айында «қарапайым заттар экономикасы» тауарларындағы жергілікті қамту үлесі 7%-ға 2020 жылғы 70%-дан 2021 жылы 78%-ға дейін ұлғайды. Жыл соңына дейін барлық жоспарлар орындалатын болады. Жергілікті қамтудың үлесі жыл бойынша 76% және қарапайым заттар экономикасы бойынша 78% құрайды.

«Самұрық-Қазына» қоры тұрақты және жүйелі негізде отандық тауар өндірушілерді сатып алуды дамыту және қолдау бойынша жұмыс жүргізуде. Тауарларды сатып алу шарттарының жалпы сомасынан отандық өндірушілермен 1,2 трлн теңгеге немесе 75%-ға шарт жасалғанын атап өткен жөн.

Осылайша, қор сатып алуды санаттық басқару тетігін табысты қолданады, онда сатып алуға оңтайлы тәсіл қамтамасыз етіледі және отандық тауар өндірушілерді нақты қолдау жүзеге асырылады. Осы тетіктің арқасында 2021 жылы отандық өндірушілермен серіктестік туралы 42 келісім жасалды және 62 млрд теңге сомасына өнім сатып алынды. Сондай-ақ, Қор тауар өндірушілерден сатып алудың бірінші кезектегі басымдығын белгіледі. Қазіргі уақытта аталған тізілімге 900-ден астам отандық өндірушілер енгізілген, олармен жалпы сомасы 884 млрд теңгеге жуық келісімшарт жасалған.

«Сонымен қатар, бизнес-қоғамдастықтың көптеген өтініштері бойынша 2021 жылы біліктілікті алдын ала іріктеудің жаңа 2.0 моделіне көшу жүргізілді. Білікті әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алу ірі және стратегиялық маңызды тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша ғана жүзеге асырылады. 10 айдың қорытындысы бойынша осы құрал аясында шамамен 201 млрд теңге отандық өндірушілерге берілді», — деді «Самұрық-Қазына» басшысы.  

Қор импортты алмастырудың бірегей және тиімді жүйесін құрды. Мәселен, 2021 жылы импортты алмастыру бағдарламасы аясында 54 млрд теңге сомасына 94 оффтейк-шарт жасалды.

Алмасадам Сәтқалиев сатып алуды санаттық басқару арқылы қолдау құралын жеке атап өтті. Жоғарыда айтылғандай, осы құрал аясында 62 млрд теңге сомасына қазақстандық өнім сатып алынды, бұл ретте Қордың экономикалық тиімділігі 2 млрд теңгені құрады. Бұдан басқа, өзара тиімді ынтымақтастық есебінен жекелеген тауарлар бағасының 40%-ға дейін төмендеуіне қол жеткізілді.

«Арнайы аяқ киім» стратегиясы аясында 4,7 млрд теңгеге 15 отандық өндірушілерден 100% аяқ киім сатып алу қамтамасыз етілді. Бұл стратегия шоғырландыру есебінен жеткізілетін өнім бағасындағы айырмашылықты 10 есе қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл ретте Қор компаниялары шамамен 1 млрд теңгені үнемдеді.

Сондай-ақ, «Жеңіл автомобильдер мен автобустар» категориялық стратегиясы бойынша отандық өндірушілерден жеңіл автомобильдерді сатып алу есебінен шығындарды 67%-ға оңтайландыруға қол жеткізілді.

«Жыл сайын біз холдингтің барлық компанияларының таза импорты тауарларының пулын қалыптастырамыз және жариялаймыз, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтарға Қазақстан Республикасының аумағында жоқ жаңа өндірістерді құру үшін кең мүмкіндік беретін оффтейк-шарт жасалады. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 70 млрд теңгеден астам сомаға 177 оффтейк-шарт жасалды, шамамен 2 000 жұмыс орны құрылды, инвестиция сомасы 220 млрд теңгені құрады және бюджетке 18 млрд теңгеге жуық салық аударымдары төленді», — деп хабарлады Алмасадам Сәтқалиев.

Бүгінгі таңда құрылыс индустриясын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, бекітілді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жаңа өндірістерді құру бойынша әлеуетті инвесторлармен өзара тиімді әріптестік бойынша жұмыс жүргізуде. Құрылыс материалдарын өндіру бойынша 23 жобаны іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Өндіруге жоспарланған тауарлар тізіміне керамикалық санфаянс, сәндік керамикалық плиткалар, шыны мақта, газдалған бетон блоктары және арматураланған бұйымдар, темірбетон бұйымдары, цемент, есік жапырақтары, қасбет тақталары, ламинатталған еден жабындары, кірпіш, қаптау және шатыр материалдары кіреді. Сондай-ақ, шикізатпен қамтамасыз ету және зауыттар салу үшін жер учаскелерін алуда әлеуетті инвесторларға жәрдем көрсету мәселелері пысықталуда.

Бұдан басқа, жоспарланған жобаларды қаржыландырудың оңтайлы схемасын айқындау үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдарымен, атап айтқанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен жабдықтар лизингі бөлігінде және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын кредиттеу бөлігінде жұмыс жүргізілуде.

Айта кету керек, Қор пандемия кезінде қазіргі уақытқа дейін қолданыста болған қазақстандық бизнесті қолдаудың келесі шараларын енгізді:

  • тауар өндірушілер тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуден және шартты орындаудан босатылған;
  • жобалық құжаттаманы жобалау кезінде қазақстандық өнімді міндетті қолдану бойынша талап белгіленген;
  • міндетті аванс кемінде 30%, оны төлеу мерзімі 30 күннен 10 күнге дейін қысқартылған;
  • ОТӨ үшін жеткізілген тауарлар үшін төлем 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
  • ОТӨ үшін жеткізу мерзімі кемінде 60 күнтізбелік күнді құрайды;
  • ТЖ кезінде шарт талаптарын орындамағаны үшін айыппұл санкцияларынан бас тарту.

Сатып алуларды талдау олардың басым бөлігі холдинг ішіндегі кооперацияға, яғни компаниялар арасындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өзара сатып алуға тиесілі екенін көрсетті. Мұндай сатып алулардың негізділігін талдай отырып, компаниялармен бірлесіп 4 500 позицияның 4 291-і холдингтік сатып алулардың негізін қысқартты, яғни 22 есе азайды. Осы сатып алулар бойынша барлық көлем бәсекелестік орта құру арқылы тікелей қол жеткізген бизнеске берілді. Осы кезеңде 23 мың кәсіпкерлік субъектісі 1 трлн теңгеден астам сомаға келісімшарт алды. Осы келісімшарттар есебінен бюджетке бизнестен түсетін салық түсімдерінің кем дегенде 36 млрд теңгесі түседі.

Бәсекелестік ортаны құру есебінен қор компанияларының өздері 70 млрд теңгені үнемдегенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, қор бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қысқарту арқылы бәсекелестік ортаны кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда бір көзден сатып алу көлемі 413 млрд теңгені немесе сатып алудың жалпы көлемінің 13%-ын құрады. Айта кету керек, бір көздің қысқаруы қорды үнемдеуге оң әсер етеді.

Бұдан басқа, бәсекеге қабілетті сатып алулар үлесінің көрсеткіші артты. Егер 2017 жылы бәсекелі сатып алудың жалпы сомасы 284 млрд теңгені құраса, 2021 жылы 2 100 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қор тобының барлық сатып алулары шарттар жасасуды және қабылдау актілеріне қол қоюды қоса алғанда, электрондық жүйеде жүзеге асырылады.

2021 жылы қор электрондық дүкен арқылы сатып алудың жаңа тәсілін енгізді. Егер бұрын сатып алу процесі өткізу басталғаннан бастап шарт жасасуға дейін 22 күннен 43 жұмыс күніне дейін құраса, онда электрондық дүкен осы мерзімдерді бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік берді, олар бүгінгі күні 1 күннен 5 жұмыс күніне дейін құрайды. Бұл ретте еңбек шығындарының саны 9 есеге дейін қысқарды.

Бұдан басқа, электрондық дүкенді енгізу жеткізушілерді таңдау процесінің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін тарту есебінен серіктестер санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні электрондық дүкендегі әлеуетті өнім берушілердің санын арттыру және оның одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында электрондық дүкен арқылы сатып алудың шекті сомасы 1000 АЕК-тен 8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және өнім берушілерді аккредиттеу бойынша шектеулер алынып тасталды. Сондай-ақ сатып алу рәсімдерін оңайлату және жеделдету үшін жеткізуге тапсырысты растау (1 жұмыс күні) және шарт жасасу (2 жұмыс күні) мерзімдері белгіленген.

Отандық өндірушілерді қолдаудың барлық шаралары қордың сатып алуының икемді моделінің арқасында енгізіліп, іске асырылды. Ол заманауи экономиканың сын-қатерлеріне жылдам әрі жедел ден қоюға мүмкіндік береді және іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Биыл 8 маусымда «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» ҚР жаңа Заңы қабылданды, оның шеңберінде сатып алудың үздік практикасын және отандық өндірушілерді қолдау шараларын көздейтін қордың сатып алу тәртібі мен стандарты әзірленетін болады. Қордың 2022 жылға арналған жоспарында өндірушілерді қолдаудың қолданыстағы тетіктерін сақтап қана қоймай, қосымша модульдерді цифрландыруды қамтамасыз ете отырып, сатып алу жүйесін белсенді дамыту бар.

«Биыл 11 қарашада қорды басқару кеңесінде қордың 2031 жылға дейінгі даму стратегиясы мақұлданды. Стратегиялық мақсаттардың бірі – таза активтердің құнын арттыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қор сатып алу тетігін жетілдіру арқылы қоржынды компаниялардың жеткізу тізбегіне жергілікті бизнесті біріктіру жолымен бизнесті дамытуды қолдайтын болады, бұл жергілікті өндірушілердің берік базасын құрады», — деп түйіндеді «Самұрық-Қазына» басшысы.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.