Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады

Жұма, 09 Сәуір 2021, 10:04:15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастар мен ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан министрдің бұл сапарының маңызды екенін айтты.

«Қазақстан мен Ресей – одақтас әрі стратегиялық серіктестер. Ынтымақтастығымыздың күн тәртібі өте тығыз және қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқаруды қажет етеді. Сондықтан сіздің сапарыңыз барысында және ведомство басшылары деңгейіндегі, сондай-ақ, ең жоғары деңгейдегі кездесулер барысында алға қойған мақсаттарымызға  қол жеткіземіз деп ойлаймын. 23 наурызда Владимир Путинмен өңіраралық кездесу өткізудің маңыздылығы туралы сөйлестік. Өкінішке қарай, пандемия салдарынан кейінге шегерілді. Біз кез келген форматта, мүмкіндігінше бетпе-бет кездесуге уағдаластық. Егер мұның сәті түспесе, онда аталған кездесуді видео конференция режимінде міндетті түрде өткіземіз. Өйткені бұл аса маңызды», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға вакцинаның қосымша бөлігін жіберу мәселесіне қолдау көрсеткені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

«Біз пандемияға қарсы бірлескен күресте түсіністік танытып, көмек көрсеткені үшін Ресей басшылығына, Ресей Федерациясының Президентіне ризашылығымызды білдіреміз. 23 наурызда сөйлескен кезде Ресейден қосымша 4 миллион мөлшерде вакцина алу жөнінде мәселе көтердім. Менің өтінішімді түсіністікпен қабылдады. Бұған дейін біз Қарағанды фабрикасында бірлесіп вакцина өндіруге уағдаласқан едік. Қазір өндіріс жолға қойылды. Жақында ғана мен өзім де Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Жуырда Үкіметтің кеңесін өткізіп, халықты жаппай вакциналауды жеделдетуді тапсырдым. Бұл міндет, біріншіден, нарыққа вакцинаны тиісті мөлшерде жеткізуге, екіншіден, халыққа вакцина салудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты. Қазір жұрттың көпшілігі бұл шараның маңыздылығын толық түсінбей жатыр. Әрине, біз вакцинаны тегін саламыз. Сондықтан мен өзім де вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін», — деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Сергей Лавров Президент Владимир Путиннің сәлемі мен ілтипатын жеткізіп, Ресей тарапы вакцина жеткізу мәселесін шешетінін айтты.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, оның ішінде, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар, ғарыш саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Келесі айда видео конференция форматында Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл біздің короновирус індетінен кейінгі кезеңдегі ынтымақтастығымызды жалғастыруға бағытталған ортақ күш-жігерімізді жұмылдыру жолындағы маңызды кезең. Өзіңіз атап өткендей, біз Президенттердің қатысуымен өтетін 17-аймақаралық форумды өткіземіз. Бірақ оның қандай форматта болатыны эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Біздің қарым-қатынастарымыз өте жақсы. Сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша премьер-министрлер екі рет кездесті, вице-премьерлер одан да жиі байланыс жасап тұрады. Қарым-қатынастар пандемия кезінде де үзілген жоқ. Ю.Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуын атап өтеміз. Бұл – біздің ғарышты бейбіт игеруге қосқан ортақ үлесіміз. Байқоңырдағы біздің өзара іс-қимылымызды одан әрі өркендету және Қазақстанның ғарыштық әлеуетін дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстарымыз қарқынды жүріп жатыр», — деді Сергей Лавров.


Жаңалықтар тізбегі
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.