Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қ. Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты

Бейсенбі, 10 Маусым 2021, 21:00:00

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысы онлайн форматта өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Шикізаттық емес тауарлардың экспортын дамытуға арналған жиынға ірі трансұлттық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдардың жетекшілері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Қазақстан Президенті шикізаттың ұзаққа созылған суперциклы аяқталып келе жатқанын айтты. Ұлттық экономикаларды жасылдандыру жөніндегі жоспарлар мен болжамдар мемлекеттік саясаттағы нақты шараларға айналуда. Бұл Қазақстан экономикасын әртараптандырудың, озық технологияның, ауқымды түрде «жасылдандырудың» баламасы жоқ екенін көрсетеді.

– Қазақстан экономикалық жүйе ретінде тек ішкі инвестицияға, ішкі сұраныс пен шикізат экспортына ғана сүйене алмайды. Еліміз сапалы шетелдік инвестиция тарту үшін мейлінше қолайлы жағдай жасау саясатын жалғастыра береді. Біз өңірдегі және ТМД-дағы көшбасшылық орнымызды сақтауға мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.  

Президент жиынға қатысушылардың назарын өңделген өнімнің экспортын дамыту қажет екеніне аударды. Бұл шикізаттың құбылмалы бағасынан сақтанудың кепілі және ұлттық экономиканың сапалы әрі сұранысқа ие тауар өндіру, сондай-ақ, қызмет көрсету қабілетінің көрсеткіші болып табылады.   

Мемлекет басшысы өз сөзінде әлемдік сауданың құлдырауы Қазақстанды да айналып өтпегенін атап өтті. Былтыр еліміздің сыртқы тауар айналымы 85 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмен.

– Қазақстанның шикізаттық емес тауарларының экспорты 2,8 пайызға ғана төмендеп, 15 миллиард долларды құрады. Биылғы дағдарыс кезінде біз шетелден 18 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция   тарта алдық.  Былтыр шетелдік компаниялардың қатысуымен жалпы құны 1,6 миллиард доллар болатын 41 инвестициялық жоба іске асырылды. 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бүгінде әлемдік экономиканың қайта қалпына келуіне орай Қазақстан да экономикалық өсімнің қарқынын үдетеді. Үкіметтің болжамы бойынша 3,5 пайызға дейін өсім болуы керек, біз одан да жоғары көрсеткіш күтеміз, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның экономикалық моделі экспортты экономикалық дамудың маңызды факторы ретінде қарастырады. Еліміздің өңдеу өнеркәсібінің қосымша экспорттық әлеуеті 10 миллиард долларға, сондай-ақ, қызмет көрсету саласындағы экспорттық әлеуеті де 10 миллиард долларға бағаланады. Шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемін 2025 жылға қарай 41 миллиард долларға дейін арттыру орта мерзімдегі мақсат саналады.  

– Экспортты қолдау үшін 1,2 миллиард долларға жуық қаржы бөлінді. Осы ретте экспортты дамыту жөніндегі жоспарымыз институционалды тұрғыдан да, қаржылық жағынан да қолдауға ие болды. Сонымен қатар тауар экспорттаушыларды қолдау жүйесін жақсартуға байланысты ұсыныстарыңызды естігім келеді. Азия даму банкінің экспортты қолдау архитектурасын реформалау жөніндегі ұсынысы ерекше назар аударуға лайықты. Цифрлық трансформация, ең алдымен, шағын және орта бизнес үшін  сауда шығындарын қысқартады деген оймен келісемін. Осыған байланысты Сауда және цифрлық даму министрлігіне Азия даму банкімен бірлесіп, экспортты қолдау жүйесін цифрландыру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент әлемде кең қолданылатын экспорттық несиелерді субсидиялау тетігінің Қазақстанда әлі де қолға алынбай отырғанын айтты. Оның айтуынша, ақшаның тауар экспорттаушыларға ешқандай кедергісіз, жедел жетуі және ақылмен, есеппен жұмсалуы маңызды.

– Былтыр Қазақстан алғаш рет 100-ге жуық отандық тауар экспорттаушыны Alibaba халықаралық электронды платформасына шығарды. 4 мыңнан астам қазақстандық тауар түрлерін әлемдік нарыққа шығару мүмкін болды. Шекаралар жабық болған кезде экспорттар легін жабылып қалған дәстүрлі бағыттардан жаңа нарықтарға шығаруға бағыттай алдық, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы әрі экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты басым бағыттардың бірі болуға тиіс деп санайды. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы былтыр транзиттік теміржол тасымалы 17 пайызға артқанын жеткізді. Контейнерлік тасымалдар өсімнің негізгі факторы болды. Мемлекет басшысы Қазақстанның темір жол әлеуетін сақтауды және күшейтуді міндеттеді.

– Былтыр шамамен 900 мың контейнер тасымалданған. Оның 91 пайызға жуығы Қытай – Еуропа – Қытай бағытына тиесілі. Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтағы тасымалда негізгі рөл атқаратынын сеніммен айтуға болады. Қазақстан – Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жаһандық жобасын іске асыруда маңызды әрі сенімді серіктесі. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Кеңестің көптеген мүшелері, атап айтқанда «General Electric», «Марубени», PWC компаниялары, Дүниежүзілік банк көлік-логистикалық қызметтердің, оның ішінде, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мәселесіне назар аударды. Бұл, шын мәнінде, шешімін күткен күрделі мәселе. Үкіметке шекарада, нақты айтқанда, Қорғаста контейнерлер қозғалысының нақты орналасқан жері, жол жүру уақыты, кідіру себептері көрсетілген өтпелі трекинг енгізуді тапсырамын. Ақпараттық жүйе Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көршілеріміздің арасында құрылатын барлық еркін сауда орталықтарында қызмет етуі тиіс. Қазіргі уақытта көлік қатынасы Үкімет саясатының басым бағыты болып табылады, – деді Президент.  

Мемлекет басшысы кеңес мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Kaspi.kz компаниясының жетістігіне назар аударды. Ол Лондон қаржы биржасында IPO өткізіп, Қазақстандағы ең қымбат жария компания болды. Президент отандық қаржы техникалық қызмет көрсету секторының зор әлеуеті туралы айта келіп, озық технологиясы бар халықаралық компанияларда жұмыс істеген, тәжірибелі қазақстандықтарды тарту бағдарламасын іске қосу жөніндегі «KPMG» компаниясының бастамасын қолдауға шақырды. Бұдан бөлек Ұлттық банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Астана халықаралық қаржы орталығына «Дойче Банктің» ұсынысын зерттеп, Қазақстанда «жасыл инвестициялар» нарығын кеңейту бойынша нақты ұсыныс енгізу жүктелді.

Медициналық қызмет көрсету экспорты саласында Үкімет жеке медицинаны және медициналық туризмді енгізу ісін дамыту жөніндегі «General Electric» компаниясының ұсынысын қарастырады.

– Қазақстан – өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын әзірлеп шығарған аз ғана елдердің бірі. Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесу өткіздім. Бұл ДДСҰ QazVac вакцинасын төтенше жағдайларда пайдалануға кеңес беретін дәрі-дәрмектердің тізіміне енгізуді қарастырып жатыр. Біз вакцина көлемін арттыруға және оны шетелге экспорттауға дайын екенімізді атап өткім келеді, –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Шетелдік инвесторлар өз сөздерінде таңдалған тақырыптың маңызы мен өзектілігін атап өтіп, Қазақстанда шикізаттық емес экспортты дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Президент жиынға қатысушылардың Қазақстандағы салық жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ұсыныстарына жауап берді.

– Үкіметке аталған мәселені мұқият пысықтауды тапсырдым. Бұл жерде қарама-қайшылықтар болмауы керек. Тұтастай салық салу жүйесін құрып, әлемдік үрдістер мен жетекші елдердің тәжірибесін мұқият зерделеуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қалдықсыз жасыл технологияларды енгізу жөніндегі Кеңес мүшелерінің ұсыныстары, өзінің осы салада берген тапсырмаларымен үндесетінін айтты.

– «Ernst&Young» компаниясының сутегі өндірісі жөніндегі ұсынысын назарға алдым. Бұл, шын мәнінде, «болашақтың жанармайы». Қазақстан энергетикалық держава ретінде оны өндіру, пайдалану және экспорттау технологиясын игеруге міндетті. Бұл бағытта жұмыстар басталып кетті. Мен оны үнемі бақылауда ұстаймын. Энергетика министрлігі мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясына жаңадан құрылған Жаңа технологиялардағы құзырет орталығы қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде сутегі қуатын айқындауды тапсырамын, –  деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Қазақстан инвестиция тарту жөніндегі белсенді жұмыстарды жалғастыра беретінін атап өтті. Бұл бағытта жоғары технологиялы тауарлардың және қызметтердің өндірушілері мен экспорттаушылары үшін барынша тиімді әрі қолайлы жағдай жасалады.

Отырыс барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» ассоциациясының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков, Азия даму банкінің вице-президенті Ашок Лаваса, «EY» жаһандық ұйымының клиенттерге қызмет көрсету мәселелері жөніндегі басқарушы партнері Энди Болдуин, «Бейкер Макензи» жаһандық атқару комитетінің мүшесі, «Бейкер Макензи Интернэшнл» компаниясы төрағасының орынбасары Констанц Ульмер-Айлфорт, Камеко корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры Тим Гитцель, «Дойче Банктің» Солтүстік және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық басқармасының бас атқарушы директоры Йорг Бонгартц, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Николай Подгузов, «ERG» Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, «Дженерал Электрик» компаниясының вице-президенті, «Дженерал Электрик» компаниясының Ресейдегі және ТМД-дағы президенті және Бас атқарушы директоры Рональд Джеймс Поллетт, «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперов, «Marubeni Corporation» компаниясының вице-төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі Ичиро Такахара, Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі «PWC» компаниясының партнері, бас атқарушы директоры Ник Кош, Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша Дүниежүзілік банктің өңірлік вице-президенті Анна Бьерде, ТМД-дағы «KPMG» Бас операциялық директоры, Басқарма төрағасының орынбасары Шон Майкл Тирнан сөз сөйледі.


Жаңалықтар тізбегі
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
14 Маусым 2021, 18:02
Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады
14 Маусым 2021, 17:57
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады
14 Маусым 2021, 17:49
Зиянды шығарындыларды азайту, Су кодексін жетілдіру, экотуризмді дамыту — М. Мырзағалиев халықпен есептік кездесу өткізді
14 Маусым 2021, 16:24
15 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Маусым 2021, 10:16
Ә. Смайылов экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
13 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116
11 Маусым 2021, 19:12
Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы, қалпына келтіру шаралары, заңдарға түзетулер және цифрландыруды енгізу — Ә. Ерғалиевтің есеп беру кездесуі
11 Маусым 2021, 18:36
А. Мамин мен ЕО елшілері «жасыл экономиканы» дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
11 Маусым 2021, 17:59
Балалардың құқықтарын қорғау, жаңа технологияларды енгізу және қылмысқа қарсы күрес — ІІМ басшысы халық алдында есеп берді
11 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №389 Қаулысы
11 Маусым 2021, 15:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №387 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысы
11 Маусым 2021, 12:20
А. Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
10 Маусым 2021, 21:00
Қ. Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты
10 Маусым 2021, 17:51
Қ. Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
10 Маусым 2021, 17:46
Президент Заң көмегі туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды
10 Маусым 2021, 17:41
Жалақыны арттыру, еңбекшілердің мүдделерін қорғау, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау — С. Шәпкенов ЕХӘҚМ қызметі туралы
10 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №383 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №372 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:20
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.06.2021
10 Маусым 2021, 15:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №370 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №363 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.