Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты

Жұма, 15 Қаңтар 2021, 12:55:43

Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі. Өткен шақырылымдағы халық қалаулыларына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Бес жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады. Бұл – осыған дейінгі бес шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым жемісті жұмыс істеуі қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Президент құрамы жаңғырған жаңа Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Ол – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің ширек ғасырлық белеске жеткені. Мемлекет басшысы осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетін болады. Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек. Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасалатынын, ол үшін қандай басымдықтарға мән беруіміз қажет екенін айтты. Қазақстан Президентінің айтуынша, ең алдымен, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайтуға күш салу керек.

«Осы бағыттағы реформалар жүйені байыппен орталықсыздандыруды, мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды. Сол арқылы мемлекеттік аппарат барынша ықшам, ашық әрі тиімді, ал, шешім қабылдау үдерісі икемді және айқын болады. Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екінші басымдық ретінде күшті және инклюзивті қоғам құрудың негізгі құралы тиімді әлеуметтік саясат екенін айтты. Сонымен қатар әлем «білім экономикасына» қарай жылжып бара жатқанын атап өтті.

«Соңғы жылдары білім беру саласын реформалауда ілгерілеу бар. Сонымен қатар осыған дейін қордаланып қалған бірқатар мәселені шешу қажет. Әртүрлі әлеуметтік топтар мен аймақтар арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту – маңызды міндет. Бұл ретте қайта оқыту және қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде жетілдіру бойынша жаңа саясат қажет. Осы мақсатта арнайы ұлттық жоба әзірлеп, іске асыру керек», — деді Президент.

Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмысының аса маңызды екеніне тоқталды. Бұл мәселенің, әсіресе, пандемия жағдайында анық байқалғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғыртып, мемлекет көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға басымдық беруі тиіс екенін жеткізді. Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бағыттарының бірі – отандық зейнетақы жүйесі. Мемлекет басшысы аталған жүйенің әділетті, тұрақты, халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет екенін атап өтті.

Ұлттық экономика тұрақты дамымай, халықтың әл-ауқатын арттыру мүмкін емес. Президент белгілеген басымдықтың бірі осы. Мемлекет басшысы Үкіметке экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклды макроэкономикалық саясатты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыруды міндеттеді.

«Еңбек нарығының тез өзгеруін ескере отырып, жұмыс күшінің өнімділігі төмен секторларды экономиканың неғұрлым өнімді бағыттарына бет бұруын қолдау қажет. Бұған дейін айтқанымдай, еліміздің өнеркәсібі икемді және қазіргі өзгерістерге бейім болуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуы басты басымдықтың бірі. Бұл ретте барлық өңірлерді біртұтас экономикалық кеңістік арқылы байланыстыратын аса маңызды салаларды дамытуға баса назар аударылады.

«Өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беріледі. Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді-мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», — деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдетіп, өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттыру маңызды екені де айтылды.

Қазақстандағы реформалардың басты бағытының бірі – саяси жаңғыру. Президент биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтетінін мәлімдеді.

«Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Алайда, мұнымен де шектеліп қалмауымыз керек», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы сайлау науқаны карантин шектеулеріне қарамастан  қаншалықты қызу өткеніне тоқталды. Кейбір партиялардың  Мәжіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпей қалды. Мемлекет басшысы осындай партиялардың өкілдері Парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді деген ойымен бөлісті.

«Сондықтан саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Сондай-ақ елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді», — деді Президент.

Мемлекет басшысы азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау мәселелерін де ұдайы назарда ұстау қажеттігін айтты. Бұдан бөлек адам құқықтарын толық қорғау мемлекеттің басты мақсатының бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл ретте азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды. 

«Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау емес пе?!», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ұсынылған бастамалар қазір күн тәртібінде тұрған ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалардың бір бөлігі ғана екенін айтты. Депутаттар бұл жұмысқа белсене қатысып, Үкіметпен сындарлы қарым-қатынас орнатуы қажет деп санайтынын жеткізді.

«Менің негізгі ұстанымым – қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен, Парламентте талқылануға тиіс. Қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керек. Азаматтардың наразылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнату – басты талаптың бірі. Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент – ел мүддесі үшін аянбай қызмет ететін қайнаған жұмыс ортасы деді. Сонымен қатар депутаттарға халқымыздың оң өзгерістер күтетінін әрдайым есте ұстаған абзал екенін айтып, шешім қабылдау кезінде асқан жауапкершілік танытуға шақырды. 


Жаңалықтар тізбегі
06 Наурыз 2021, 11:06
Ауылдардың интернетке қолжетімділігі және сапалы байланыспен қамтамасыз ету — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Наурыз 2021, 22:00
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестициялар тарту — пандемия кезінде Қазақстанның энергетикалық саласы қалай дамыды
05 Наурыз 2021, 19:42
Е. Тоғжанов пен А. Арипов денсаулық сақтау және білім беру саласындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады
05 Наурыз 2021, 18:13
Үкіметте «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
05 Наурыз 2021, 15:18
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
05 Наурыз 2021, 09:39
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
04 Наурыз 2021, 20:54
Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
04 Наурыз 2021, 19:56
Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды талқылады
04 Наурыз 2021, 18:27
ҚР-да 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін жергіліктендіреді — А. Мамин
04 Наурыз 2021, 14:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
04 Наурыз 2021, 11:19
Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
04 Наурыз 2021, 10:45
Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
04 Наурыз 2021, 10:21
Қазақстан The Economist Intelligence Unit азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
03 Наурыз 2021, 20:38
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
03 Наурыз 2021, 19:12
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізді
03 Наурыз 2021, 19:05
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті
03 Наурыз 2021, 19:04
Мемлекет басшысы ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындады
03 Наурыз 2021, 15:12
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
03 Наурыз 2021, 13:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Наурыз 2021, 20:27
А. Мамин Қырғызстан Президенті С. Жапаровпен келіссөз жүргізді
02 Наурыз 2021, 19:17
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін бақылау, су тасқыны кезеңіне дайындық, төтенше жағдайларға ден қою — ҚР ТЖМ
02 Наурыз 2021, 18:15
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті
02 Наурыз 2021, 17:33
Дәурен Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:10
Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:04
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
02 Наурыз 2021, 14:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2021
02 Наурыз 2021, 13:25
Инвестициялардың өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Ақмола облысының 2020 жылы дамуы
02 Наурыз 2021, 13:12
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
02 Наурыз 2021, 12:48
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде — А. Цой
02 Наурыз 2021, 11:00
Қазақстанда бес жылда ауыл шаруашылығында өнім экспортын және ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есе ұлғайту жоспарланған  
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.