Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады

Жұма, 23 Сәуір 2021, 21:00:00

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне 2025 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен Ұлттық қауіпсіздік қатерлерінің алдын алу жөніндегі іс-әрекет жоспары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Онда Қарулы Күштерді, басқа да әскер және күштік құрылымдарды 2030 жылға дейін құру, дамыту тұжырымдамасының жобасы, сонымен бірге шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар Елбасыға азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғауды күшейту, учаскелік полиция инспекторларының рөлін арттыру, құқық қорғау жүйесін реформалау жұмыстары, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен ақпараттық кеңістікті қорғау саласында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны мен селден қорғану, өрт қауіпсіздігі сынды өзекті мәселелерге, сондай-ақ пандемия аяқталғаннан кейінгі кезеңде ұлттық экономиканы әрі қарай дамыту мәселелеріне назар аударды.

«Ұлттық қауіпсіздіктің барлық аспектілеріне, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі мен құқық қорғау жүйесінің жұмысына одан әрі талдау жүргізу керек. Қауіпсіздік Кеңесінің келесі отырысында Қарулы Күштерді дамыту мәселелері талқыланады. Алдағы жиынға сапалы дайындық жүргізу қажет», —  деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы құқық қорғау жүйесін кезең-кезеңімен реформалаудың алғашқы нәтижелері туралы баяндады. Ә.Исекешевтің ақпаратына сәйкес, негізгі процессуалдық шешімдер бойынша прокурормен келісу институтын енгізу азаматтардың қылмыстық процестегі конституциялық құқықтарының бұзылуын үштен бірге, негізсіз қамауға алынған адамдар санын екі есе азайтуға жол ашты. 

«Биыл қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі сақталып отыр. Бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 13,3 пайызға азайды», — деді Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

Сондай-ақ Ә. Исекешев 28-29 сәуірде Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысына дайындық барысы туралы баяндады. Аталған жиында өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер, терроризм мен есірткі қылмысына қарсы күрес және өзара іс-әрекеттің өзге де аспектілері талқыланады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына бірқатар нақты тапсырма берді.


Жаңалықтар тізбегі
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.