Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов

Сейсенбі, 17 Қараша 2020, 13:03:32

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тауарларды таңбалау және қадағалау туралы мәселе қаралды. Қазақстан ЕАЭО интеграциялық процестері шеңберінде бірқатар бұйымдар мен өнімдерді міндетті таңбалауды енгізді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев өз баяндамаларында елімізде тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу бойынша қандай бағыттағы жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтып берді.

Еуразиялық интеграцияның негізгі басымдықтарының бірі – тауарлардың еркін және заңды айналымын, теңдестірілген сауда мен адал бәсекелестікті қамтамасыз ету бағыттарында үйлестірілген саясат жүргізу екенін атап өтті өз сөзінде Б. Сұлтанов.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялады.

Келісім нормаларын орындау шеңберінде Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның тері бұйымдарын, аяқ киім тауарларын, иіс сулар, шиналар мен резеңке доңғалақ тыстарын таңбалау жөніндегі негізгі шешімдеріне қосылды. Ашық үш кезеңді конкурс өткізу арқылы Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы айқындалды.

Министрдің айтуынша, қазіргі жағдай бойынша, екі жылдық пилоттық жобаларды іске асыру нәтижесінде елімізде табиғи теріден жасалған бұйымдарды 2019 жылғы 1 наурыздан бастап және темекі өнімдерін биылғы жылғы 1 қазаннан бастап міндетті түрде таңбалау енгізілді.

Тері бұйымдарын таңбалау салық заңнамасын бұзушыларды, яғни жеңілдетілген салық салу үшін арнайы салық режимі бойынша шекті межелік мәнді қолдану мақсатында кірістерін төмендетіп көрсететін салық төлеушілерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, патент негізінде қызметті жүзеге асыратын субъектілер саны 13 есеге қысқарды. 

Б. Сұлтанов атап өткендей, 2018 жылы тауарларға декларация ресімдеген импорттаушылардың саны оның алдындағы жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті, ал олардан импорт бойынша кедендік баж бен салық түсімдерінің өсімі 40% құрады. Осы қызмет бойынша ішкі салықтар түсімдерінің өсімі 1,5 есе артты.

«Басқа елдердің тәжірибесін қарастырсақ, Ресей Федерациясында бірқатар тауар санаттары бойынша таңбалау нарықтың «тазару» әсерін көрсетті», - деді Б. Сұлтанов.

Егер бұрын ресейлік аяқ киім нарығының көлемі 330 млн жұп аяқ киімге бағаланса, таңбалауды енгізгеннен кейін бұл болжамның едәуір жоғары екендігі айқындалды. 

Нәтижесінде, қазір ресейлік оператордың жүйесінде аяқ киімді таңбалау үшін 2 млрд астам код шығарылды және өсу жалғасуда.

Өткен уақыт ішінде темекіні таңбалау нарықта темекі өндірушілердің 30%-ға көп екенін анықтауға мүмкіндік берді, ал сапасыз дәрілердің айналымы 2,5 есе төмендеді.

«Халықаралық тәжірибе тауарларды таңбалау сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге бағытталған пәрменді құралдардың бірі екендігін дәлелдейді», — деді министр.

Оның пікірінше, басқа елдердің тәжірибесі таңбалауды енгізудің жағымды жақтарын көрсетіп отыр. Мысалы, Бразилия мен Түркияда алкогольді және алкогольсіз сусындар сегментінде салықтардың жиналуы сәйкесінше 20% және 142%-ға өсті. 

Еуропалық Одақ елдерінде цифрлық қадағалау жүйесі 5 жыл ішінде контрабандалық өнім айналымын 30%-ға төмендетті.

Америка Құрама Штаттарында дәрі-дәрмектерді таңбалау қайтарып алу процесін 3 күннен 10 секундқа дейін жеделдетуге мүмкіндік берді.

«Қазақстан Республикасында 6 сала бойынша таңбалауды енгізу көзделген  тауар топтарында көлеңкелі нарық көлемі сараптамаларға сәйкес, 63%-ға дейін жетеді», — деп нақтылады Б. Сұлтанов.

Осы тауар топтарын таңбалауды енгізу арқылы заңды тауар айналымының көлемі 337 млрд теңгеге, ал бюджет кірістері 58 млрд теңгеге артады деп болжануда.

Министрдің айтуынша, жоғарыда аталған тауарларды таңбалауды және олардың қадағалануын енгізу еліміздің экономикасына оң әсер тигізетіні сөзсіз.

Мәселен, бұл шаралар адал бәсекелестікті дамытуға ынталандырады және заңды нарық үлесі мен өндіріс көлемін 30-50%-ға ұлғайтады.

Бұл өз кезегінде өзіндік құнды төмендетіп, бағаны тауарлардың ағымдағы құнынан 5-10%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының арқасында 2-3 мың адам жұмыспен қамтылатын болады.

Ал тауарлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жүйесінің тиімділігі едәуір артады.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін бақылау және қадағалау арқылы ішкі айналымнан 30 млрд теңгеден астам сомаға контрафактілік тауар анықталды. 

«Осындай шығынды тексеру шараларының орнына нарықты тазартатын тиімді жүйе енгізіледі деп айтуға болады. Тауарларды таңбалау мен оларды қадағалаудың кешенді жүйесін енгізу 5 жыл ішінде бюджетке 2,6 трлн теңге құрайтын кумулятивтік әсер береді деп күтілуде», — деді Б. Сұлтанов.

Тауарларды таңбалау және қадағалау халық денсаулығына теріс әсерін тигізетін тауарлар айналымына жол бермеуді, бизнес үшін жағдайды теңестіруді, тауарлардың сапасы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін арттырады.

Жүйе бизнесті дамыту үшін нақты мақсаттарды көздейтін мемлекеттік бағдарлама құруды қамтамасыз етеді. Мемлекет қосымша табыс тауып, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде оның қайтарымдылығын мемлекеттік қолдау ретінде қамтамасыз етеді.

Министрліктің алдында таңбалауға жататын тауарлар тізбесін толықтыру бойынша тауар топтарына талдау жүргізу және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау міндеті тұр.

Б. Сұлтанов  таңбалау және сәйкестендіру жабдықтарын, қаптама материалдарын сатып алу және өндіруді жергіліктендіру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша айқындауды ұсынды. Ал таңбаланған тауарлардың айналымы мен олардың қадағалануын бақылауды министр фискалдық органдарға жүктеу жөнінде ұсыным берді.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев өз кезегінде 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдері (сигареттер) және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап темекі өнімдерінің басқа да түрлері (стиктер, сигаралар, сигариллалар т.б.) міндетті түрде таңбалануға жататынын айтты. 

Қ. Есекеевтің айтуынша, темекіні міндетті таңбалау енгізілген сәттен бастап (01.10.2020) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде айналымға 1000 қатысушы тіркелді, сондай-ақ 283 млн код шығарылды, оның ішінде 146 млн код жазылды. Бүгінгі күні акцизделетін темекі өнімдерінің 99,9% таңбаланады.

Бұдан басқа, бүгінгі күні таңбаланған тауарды сатуды қамтамасыз ету үшін бірыңғай оператор бөлшек сауда нүктелерін 2D-сканерлермен жабдықтау бойынша ұсыныстар беру жұмысын белсенді жүргізуде.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 34 мың данадан астам 2D-сканер сатылды немесе 80 мың сауда нүктесінің 42%-ы таңбаланған темекі айналымына дайын.

Марка кодтарын шығару БКМ фискалдық деректер операторы арқылы жүргізіледі.

Таңбаланбаған темекі өнімдерінің қалдықтарын 2021 жылғы 1 қазанға дейін өткізу көзделген. 

Сондай-ақ бүгінгі таңда Бірыңғай оператор уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, төрт тауар тобы бойынша пилоттық жобаларды жүргізуде:

  • алкоголь өнімі – пилоттық жоба 2019 жылғы 1 маусымда басталды. Пилоттық жоба аясында кодты енгізуден бастап тауарды айналымнан шығаруға дейінгі барлық тізбек сыналды. Алкоголь өнімі бойынша міндетті таңбалауды енгізудің жоспарланған күні – 2021 жылғы 1 сәуір;
  • аяқ киім тауарлары – пилоттық жоба 2019 жылдың 1 шілдесінде басталды. Пилоттық жоба аясында кодты енгізу процесі сыналды. Міндетті таңбалауды енгізудің жоспарланған күні - 2021 жылғы 1 шілде;
  • дәрі-дәрмектер - пилоттық жоба 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталды. 2020 жылдың соңына дейін заттаңбалау технологиясын пайдалана отырып, «СҚ Фармация»  ЖШС-да тестілеу жүргізіледі. Дәрілік заттарды міндетті таңбалауды енгізудің жоспарланған күні - 2022 жылғы 1 қаңтар;
  • сүт өнімдері - 2020 жылдың 1 қазанында пилоттық жоба басталды. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында экспортты таңбалау дайындалуда. Міндетті таңбалауды енгізудің жоспарланған күні - 2022 жылғы 1 қаңтар.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және 10 қыркүйектегі 672 ҚРҮҚ-да Үкімет оператордың талаптары мен міндеттерін айқындады.

Осыған байланысты «Қазақтелеком» АҚ өз назарын Операторлықтың мынадай негізгі аспектілеріне аударады:

1) бизнес үшін тауарларды таңбалау кодтарын жасау;

2) мемлекет үшін қадағалауды ұсыну;

3) ЕЭК интеграцияланған жүйесімен және ЕАЭО елдерінің операторларымен өзара іс-қимыл орнату;

4) нарыққа қатысушылар үшін тауардың цифрлық паспортын ұсыну (Ұлттық каталог);

5) 2D-сканерді сатып алуға мүмкіндігі жоқ қатысушылар үшін таңбаланған тауарды қабылдауды және айналымнан шығаруды жүзеге асыру мүмкіндігі үшін Naqty Sauda тегін мобильді қосымшасын әзірлеу;

6) Naqty Onim тегін мобильді қосымшасын қоғамдық бақылау құралы ретінде әзірлеу;

7) ТХК АЖ пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланысу орталығын құру.

«Тауарларды таңбалау жүйесін енгізу мемлекет экономикасына да, бизнеске де, қоғамға да пайда әкеледі. Оның негізгі артықшылықтарының ішінен көлеңкелі нарықтың 2025 жылға дейін 50%-ға төмендеуін атап өтуге болады, біздің есептеуіміз бойынша, бұл 2025 жылға дейін бюджетке 58,4 млрд теңге сомасында қосымша түсімдердің түсуіне әкеледі», — деді Қ. Есекеев.

Цифрлық таңбалау бизнеске өнімділігін арттыруға, логистикалық схемаларды жетілдіруге, нарықтағы үлесін ұлғайтуға және сайып келгенде кірісін арттыруға мүмкіндік береді.

Қ. Есекеевтің пікірінше, осылайша, заңды бизнестің түсімінің өсімі 2025 жылға дейін 336,5 млрд теңгені құрайтын болады. 

Бұдан басқа, таңбалау жүйесін енгізу IT нарығы үшін экожүйені құру, қаптама өндірушілері үшін сервисті дамыту, сондай-ақ жабдық өндірушілері үшін нарықты кеңейту түрінде тұтас экономика үшін нәтиже алуды көздейді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
13 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116
11 Маусым 2021, 19:12
Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы, қалпына келтіру шаралары, заңдарға түзетулер және цифрландыруды енгізу — Ә. Ерғалиевтің есеп беру кездесуі
11 Маусым 2021, 18:36
А. Мамин мен ЕО елшілері «жасыл экономиканы» дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
11 Маусым 2021, 17:59
Балалардың құқықтарын қорғау, жаңа технологияларды енгізу және қылмысқа қарсы күрес — ІІМ басшысы халық алдында есеп берді
11 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №389 Қаулысы
11 Маусым 2021, 15:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №387 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысы
11 Маусым 2021, 12:20
А. Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
10 Маусым 2021, 21:00
Қ. Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты
10 Маусым 2021, 17:51
Қ. Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
10 Маусым 2021, 17:46
Президент Заң көмегі туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды
10 Маусым 2021, 17:41
Жалақыны арттыру, еңбекшілердің мүдделерін қорғау, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау — С. Шәпкенов ЕХӘҚМ қызметі туралы
10 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №383 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №372 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:20
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.06.2021
10 Маусым 2021, 15:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №370 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №363 Қаулысы
10 Маусым 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №359 Қаулысы
10 Маусым 2021, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Маусым 2021, 14:46
Қазақстанда 2021 жылдың өніміне 2,5 млн-ға жуық тонна тұқым дайындалды — ҚР АШМ
10 Маусым 2021, 14:25
Қазақстанда шектеулерді жеңілдету аясында іскерлік белсенділік индексі қалпына келуде
10 Маусым 2021, 13:36
10 құрылыс материалдарын өндірушімен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау туралы комплаенс жасалды — С. Жұманғарин
10 Маусым 2021, 10:57
А. Мамин құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
10 Маусым 2021, 10:39
Соңғы аптада КВИ анықталған аурулар саны 1,3 есе азайды — А. Цой
10 Маусым 2021, 10:33
Қазақстанда егіс науқаны аяқталды 
10 Маусым 2021, 10:17
2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының өсу қарқыны 1,6% құрады
10 Маусым 2021, 09:46
Қазақстан COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймаққа өтті
09 Маусым 2021, 20:11
Фермерлерді субсидиялау, пандемия кезіндегі мемлекеттік қолдау, азық-түлік өнімдерін өндіру — ҚР АШМ есептік кездесуі
09 Маусым 2021, 16:59
Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
09 Маусым 2021, 16:30
2023 жылға қарай Қазақстанда жылына қосымша 12 млн тонна мұнай өндіріледі
09 Маусым 2021, 16:30
М. Досмұхамбетов: тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің 30%-ға жуығы Атырау облысына тиесілі
09 Маусым 2021, 15:34
10 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Маусым 2021, 10:06
Қуат Борашев ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды
08 Маусым 2021, 22:22
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
08 Маусым 2021, 22:17
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады
08 Маусым 2021, 22:14
Қазақстан Президенті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
08 Маусым 2021, 16:29
А. Мамин Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысын бастап берді 
07 Маусым 2021, 11:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 маусымдағы №367 Қаулысы
07 Маусым 2021, 10:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №365 Қаулысы
07 Маусым 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №361 Қаулысы
06 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №115
04 Маусым 2021, 19:09
А. Мамин «Nur Otan» партиясының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
04 Маусым 2021, 18:26
Заңдарды қабылдау, сот-сараптама қызметі және цифрландыруды енгізу — Қазақстанның құқықтық саласы қалай дамуда
04 Маусым 2021, 16:33
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы бірқатар тағайындауға қол қойды
04 Маусым 2021, 14:45
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен келіссөз өткізді
04 Маусым 2021, 08:55
Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша пайда болады
03 Маусым 2021, 22:11
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.