Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Үкіметі өңірлік саясат пен аумақтық дамытуды жетілдіруді жоспарлап отыр — Р. Скляр

Бейсенбі, 30 Қыркүйек 2021, 15:34:49

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр ел Үкіметі жүзеге асырып жатқан Президент Жолдауын іске асыру шаралары туралы баяндады.

Мәселен, Қазақстан Үкіметі өңірлік саясат пен аумақтық дамытуды жетілдіруді жоспарлап отыр.

«Елдің дамуы өңірлердің теңгерімді дамуы негізінде ғана мүмкін болады. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары қабылданады, ол өңірлік стандарттар жүйесі негізінде "инфрақұрылым адамдарға" қағидатын іске асыруға бағытталған», — деді Р.Скляр.

Роман Скляр бұл қағидаттың маңызы инфрақұрылымды, оның ішінде көлік, әлеуметтік, коммуникациялық және энергетикалық инфрақұрылымды озық дамытуда екенін түсіндірді.

Үкімет келесі бағыттар бойынша қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамытуға баса назар аударады:

  • кәсіпкерлікті қолдау;
  • «зәкірлік жобаларды» іске асыру арқылы экономиканы әртараптандыру;
  • инженерлік инфрақұрылымды салу және жаңғырту;
  • көліктік байланыс мәселелерін шешу;
  • әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларын іске асыру және т.б.


2020 жылдың қорытындысы бойынша республика халқының 94%-ы сумен қамтамасыз етілген. Бұл 17,7 млн адам.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін 1,3 млн-ға жуық ел азаматтары тұратын 1 922 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау желілері мен су тазарту жүйелерінің құрылысы жалғасатын болады. Осылайша, 2025 жылға қарай ел халқы 100% таза ауыз суға қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.

Электр энергиясын тұтынудың өсуін ескере отырып, экологиялық маневрлік қуаттарды дамыту мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, бу-газ қондырғыларын салу жобалары бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде және 2026 жылға қарай еліміздің оңтүстігінде шамамен 3 мың МВт қуаттылықты іске қосу күтілуде.

«Соңғы жылдары әлемдік тәжірибені ескере отырып, жаңартылатын энергия көздері секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалды. Мемлекет экономиканы декарбонизациялауға бағытталған белсенді саясат жүргізуде. Қазіргі уақытта елімізде шамамен 2 мың МВт жаңартылатын энергия өндіріледі», — деп хабарлады Р.Скляр.

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 4000 МВт құрайды, бұл ЖЭК үлесінің 6%-ын жоспарлы мақсатты индикатормен қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін газ-химия саласының үш жобасы іске асырылатын болады. Олардың бірі — «Қашаған» кен орнында жылына 1 млрд текше метр шикі газды өңдеу қуатымен газ өңдеу зауытының құрылысы, ол бойынша қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Батыс Қазақстан өңірінің тұтынушыларын тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралдық газ құбырын жаңғырту және «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісін (308 км) іске қосу жоспарланған.

Тұрғын үй мәселелерін шешуге келетін болсақ, Қазақстан Үкіметі «бір терезе» қағидаты бойынша әкімшісі ретінде «Отбасы банк»-ін белгілеумен толыққанды бағдарлама әзірлеуді жүргізуде.

«Ел халқының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған, мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру және мұқтаждар есебіне қоюдың бірыңғай қағидаларын бекітуді көздейтін тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы әзірленді. Соның ішінде азаматтарға кейіннен тұрғын үй сатып алу мақсатында жинақтау үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» шоттарға аударуға құқық беруді көздейтін нормативтік база қайта өңделеді», — деді Р. Скляр брифингте.

Президент Жолдауына сәйкес шараларды қолдануды талап ететін тағы бір сала  — агроөнеркәсіп кешені.

Үкімет басшысының орынбасары атап өткендей, агроөнеркәсіптік кешеннің басты мақсаты — елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне ауа райы факторларының теріс әсерін жою, сондай-ақ мал шаруашылығының жемшөп базасын дамыту мақсатында егіншілікті әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін жалдау шарты шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жер пайдаланушыларының жұмысын  бақылау тетіктері әзірленді.

«Мемлекеттік реттеу шаралары заманауи цифрлық технологияларды қолдануға, ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтан зондтауға негізделіп, мемлекеттік қолдау шараларымен үйлестірілетін болады», — деп толықтырды Роман Скляр.


Бұдан басқа, бизнес үшін: егіс алқаптарын әртараптандыру, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ жерді ұтымды пайдалану жөніндегі талаптарды орындау сияқты қарсы міндеттемелерді кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Ауыспалы егістегі үлесін ғылыми негізделген нормаларға дейін жеткізе отырып, жем-шөп дақылдарын өсіру алаңын кемінде 2 есе ұлғайту жоспарлануда.

Түбегейлі және жер бетін жақсарту, суландырудың неғұрлым тиімді моделін қолдану арқылы жаңа алқаптарды айналымға тарту жолымен жайылымдардың өнімділігін арттыруға жаңа тәсілдер енгізілетін болады.

Осыған байланысты сумен қамтамасыз ету және суды үнемдеу мақсатында тұрақты негізде су арналарын реконструкциялау жүргізілуде.

«2025 жылға дейін жалпы ұзындығы шамамен 2,3 мың км болатын кемінде 120 магистралдық арнаны қайта жаңартуды жүргізу жоспарда бар, сондай-ақ таяу уақытта елдің алты өңірінде жинақтау көлемі 1,7 млрд м3 болатын 9 жаңа су қоймасы салынатын болады», — деп баяндады ол.

Бүгінгі таңда елімізде шамамен 1,6 млн жеке қосалқы шаруашылық бар, олар 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2,6 трлн теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімін өндірді.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың соңына дейін Парламентке «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Заң жобасы енгізіледі. Осы заң жобасын қабылдау мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде ауыл халқының көптеген топтарының субсидиялар мен жеңілдікті кредиттерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы іске қосу жоспарлануда, бұл шағын бытыраңқы фермерлерінің тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктерімен өзара іс-қимылын тікелей және жанама тізбектер арқылы байланыстыруға мүмкіндік береді.

«Бірге – күштірек» кооперация қағидаты ауылдағы ұсақ тауарлы өндірістің бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Роман Скляр ветеринария жүйесіне түбегейлі реформа жүргізілетінін хабарлады.

Біріншіден, мемлекеттік монополия функцияларының бір бөлігін бәсекелі ортаға беру жоспарланып отыр, бұл осы салаға жеке капиталдың келуін қамтамасыз етеді.

Екіншіден, ветеринарлық қызметтің эпизоотиялық жағдайды және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі қызметі цифрлық форматқа көшіріліп, осылайша еліміздің ветеринарлық мамандарын негізгі функцияларын орындауға бағыттай отырып, қағаз жұмыстарынан босататын болады.

Үшіншіден, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтері арасында өкілеттіктер нақты бөлінетін болады.

Сонымен қатар, ветеринарлық мамандардың жалақысын көтеру мәселесін шешу жоспарлануда.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.