Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды

Сейсенбі, 23 Қараша 2021, 11:56:54

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков баяндады.

Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды аспектілерін ерекше атап өтті. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және ішкі нарықты қауіпсіз және сапалы тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету міндетті іске асырудың тиімді шаралары мен құралдары болып табылады.

Осы мақсатта Министрлік ішкі сауданы дамытуды, жетілдіруді және реттеуді, оның ішінде техникалық реттеу және стандарттау құралдары арқылы, сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру арқылы жүзеге асырады.

Өткен жылы қабылданған тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі заңнамаға түзетулердің арқасында, атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан ведомствоаралық кеңес құрылды;

- тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік бақылау жүргізу функциялары берілді;

 - тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді;

- тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы жүйесі құрылды.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша тұтынушылардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі e-tutynushy қолданысқа енгізілді. Оның міндеті — тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын бір жерге шоғырландыру және құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау мақсатында тұтынушының кез-келген ақпаратқа тез және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Тұтынушылардың құқығын бұзу туралы азаматтардың өтініштері санының өсуі осы саладағы проблемалардың бар екендігін ғана емес, сонымен бірге тұтынушылық мәдениет деңгейінің біртіндеп артуын да көрсетеді.

Мәселен, егер Министрлік 2019 жылы 5 977 өтінішті қарастырса, 2020 жылы олардың саны 20 919-ға өсті, ал осы жылдың 10 айы бойынша көрсеткіш өткен жылдың көлемінен асып түсті.

«Деректер осы саладағы проблемалардың бар екендігін ғана емес, сонымен қатар тұтынушылық мәдениет деңгейінің біртіндеп артуын да көрсетеді. Өтініштердің өсуінің ұқсас жағдайы өзге мемлекеттік органдар бойынша да байқалады. Мәселен, 2019 жылы мемлекеттік органдарға шамамен 30 мың өтініш түсті, 2020 жылы – 48 876, биылғы жылдың 6 айында 26 161 өтініш қаралды», — деді Б. Сұлтанов.

Тұтынушыларды толғандыратын мәселелер, жалпы, жылдан жылға қайталанып келеді: бұл ТКШ, бөлшек сауда, медициналық, туристік қызметтер, байланыс, көлік қызметтері салалары.

«Мемлекет басшысы тәуелсіз әлеуметтік сауалнамалардың маңыздылығын атап өтті. Сондықтан, Министрлік тәуелсіз ұйымдарды тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін атап өткім келеді. Сауалнама нәтижелері бойынша ел тұрғындары келесі салада көрсетілген қызметтерге қанағаттанбады: медициналық қызметтер 46%, байланыс қызметтері 36%, қалалық қоғамдық көлік 35,7%. Көріп отырғанымыздай, жекелеген салалардағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының проблемалары жүйелі сипатқа ие», — деді Б. Сұлтанов.

Осыған байланысты мемлекеттік органдардың тұтынушылардың наразылығының туындауы тұрғысынан түпкі себептерге талдау жүргізу қажеттілігі туындайды. Мемлекет алдында қоғам мен бизнес-қоғамдастық мүдделері арасындағы тепе-теңдікті табу міндеті тұр.

Осыған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін трансформациялау басталды. Бұл реформада тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесімен тығыз байланысты техникалық реттеу мен стандарттау маңызды рөл атқарады, өйткені бұл салалар тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта барлық салаларда өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапа көрсеткіштеріне, қауіпсіздігіне 3 мыңға жуық ұлттық стандарт әзірленіп, жұмыс істеуде, алайда олардың белгілі бір салаларда қолданылуының төмендігі байқалады.

Жылдан жылға өтініштер/шағымдар саны артып келе жатқан экономика саласы ерекше назар аударуды қажет етеді, бұл жаңа ұлттық стандарттарды әзірлеу және қолданыстағы ұлттық стандарттарды өзектендіру қажеттілігін көрсетеді, оларды сақтау тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша тұтынушылардың қанағаттануын қамтамасыз етеді.

Салалық мемлекеттік органдардың өздерінің НҚА-да қолданыстағы ұлттық стандарттарға сілтемелерді пайдалану қажеттілігі тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі маңызды аспект болып табылады.

Мемлекет басшысы биылғы жылдың 16 қарашасында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың әлі де жетілдірілмегенін айтып, оған тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты әрі тиімді қорғауға бағытталған өзгерістер мен түзетулер енгізуді тапсырды.

Осыған байланысты Министрлік тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмысты бастады. Біріншіден, заңда коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық формасында Ұлттық тұтынушылар қауымдастығының мәртебесін заңнамалық бекіту мәселесі пысықталуда.

Екіншіден, заңнамаға енгізілетін түзетулер аясында Омбудсмен институты енгізіледі, ол халықтың дауысы ретінде қызмет етеді және тұтынушылардың құқықтары бұзылатын салалардың қазіргі жүйелі проблемаларын мемлекеттің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді.

Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан 20 мың респонденттің 56%-ы Ұлттық тұтынушылар қауымдастығын және Омбудсмен институтын құру мәселесін қолдаған.

Осыған ұқсас институттар Германияда, Швейцарияда, Швецияда, АҚШ-та және басқа елдерде бар екенін атап өткен жөн.

Үшіншіден, тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесінің базалық қағидаттарын тұтынушылардың құқығын қорғау туралы салалық заңнамаға тарату.

Төртіншіден, қоғамдық бірлестіктердің тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу туралы заң нормасын реституциялау қажеттігі туралы тілектері назарға алынды.

Бесіншіден, электрондық сауда сегментінде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында құқықтық реттеуді жетілдіру ұсынылады.

«Күн сайын әрбір қазақстандыққа кезігетін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік маңызды заң жобасы әзірленуде. Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасы тұжырымдамаларының жобалары Ашық НҚА интернет-порталында орналастырылып, мемлекеттік органдарға келісуге жолданды», — деп толықтырды Б. Сұлтанов.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі — қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ қаржылық сауаттылық және халық үшін қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.

«Қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін заңнамалық деңгейде қаржы ұйымдарына ұсынылатын қаржы өнімдері туралы реттеушіге хабарлау талабы белгіленген, нарық субъектілерінің директорлар кеңестерінің ұсынылатын қаржы қызметтеріне арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті шамаларын бекіту міндеті енгізілді. Сондай-ақ тұтынушылардың қаржы операциялары бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін есептелетін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдар мен өсімпұлдардың) шекті мөлшерлері айқындалды», — деді О. Смоляков.

Профильдік заңдармен қаржы ұйымдары үшін тұтынушының қаржылық қызметті таңдау жөніндегі құқығын шектеуге тыйым салынған, одан бөлек қаржы ұйымдары мен тұтынушылар арасындағы өз міндеттемелерін орындау бойынша дауларды, оның ішінде қаржы омбудсмені институты арқылы шешу тәртібі реттелген.

Тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржы қызметтері туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында заң аясында бұл туралы ақпаратты қаржы ұйымының интернет-ресурсында орналастыру міндеттілігі белгіленген. Сонымен қатар шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында агенттік 2021 жылы заңнамалық түзетулер блогына бастамашылық жасап, келесі реттеу шараларын қабылдады. Биылғы жылдың мамыр айында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша заң қабылданды, оған:

  • банктер мен МҚҰ үшін азаматтардың қарыздары бойынша мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі;
  • банктермен барлық ипотекалық қарыздар бойынша 180 күн өткен соң сыйақы, тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдер төлеуді талап етуіне, сондай-ақ капиталдандырылған сыйақыға сыйақы есептеуіне тыйым салу;
  • ипотекалық қарыздар бойынша азаматтардың бланкілік қалдықтарын есептен шығару үшін негіздер кеңейтілді;
  • банктер мен МҚҰ-ның берілген кредиттер бойынша СЖТМ және номиналды мөлшерлемелер туралы мәліметтерді ашу міндеті белгіленді;
  • коллекторлар үшін қосымша шектеулер енгізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың құқықтарын коллекторлық ұйымдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау мақсатында Агенттік Бас прокуратура ұсынған коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің әкімшілік және қылмыстық жауаптылығын енгізуді қоса алғанда коллекторларды реттеуді қатаңдату бойынша қосымша шараларды пысықтауда. Азаматтардың құқықтарын алаяқтық операциялардан қорғау және жалған онлайн-микрокредиттер беруге жол бермеу үшін Агенттікпен биылғы жылғы наурызда биометриялық сәйкестендіру бойынша талапты енгізу жолымен қарыз алушыларды сәйкестендіру рәсімдерін күшейтті, міндетті екі факторлы сәйкестендіру қосымша орнатылды. Осы жылдың қазан айында Агенттік ІІМ және БП бірлесіп алаяқтық кредиттерді анықтау және тергеу, қарыз алушылардың жалған берешектерін жедел есептен шығару үшін ведомствоаралық меморандумға және алгоритмге қол қойды.

Қаржылық сауаттылық пен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыру үшін Агенттік орта мерзімді кезеңге арналған негізгі басымдықтарды айқындады, оларды іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылды және алдын алу сипатындағы шаралар қабылданды. 2020 жылғы мамырда қаржылық сауаттылықты арттыру саласындағы негізгі басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді, нысаналы аудиторияларды және құралдарды айқындайтын 2020-2024 жылдарға арналған қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасы қабылданды.

«Тұжырымдаманың бағыттарын орындау үшін 2020 жылдан бастап қаржылық сауаттылық бойынша Fingramota.kz бірыңғай интернет-порталы жұмыс істейді, бұл тұтынушыларға қаржылық сауаттылықтың негізгі қаржылық түсініктері мен принциптерін түсінуге, ұсынылатын қаржы құралдарымен, өнімдерімен және қызметтерімен, сондай-ақ олармен байланысты пайдалармен және тәуекелдерімен танысуға көмектеседі. Өткен жылдың маусым айынан бастап Fingramota Online мобильді қосымшасы іске қосылды, бұл тұтынушыларға 24/7 режимінде реттеушіге жүгінуге, қаржылық алаяқтық және күмәнді ұйымдар туралы хабарлауға мүмкіндік береді», — деді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 

Агенттік ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Агенттіктің сайтында 370-тен астам ақпараттық материалдар мен агенттіктің басшылары мен мамандарының сұхбаттары жарияланды. Олардың негізінде БАҚ-та 1 100-ден астам материал жарияланды. Әсіресе, өңірлерде халықты көбірек қамту үшін әлеуметтік медиа ресурстарын іске қоса отырып, агенттіктің материалдарына қолжетімділікті барлық БАҚ-тарға арттыру керек.

Қаржылық инклюзияны арттыру мақсатында Агенттікте мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы сайттарды, мобильді қосымшаларды және басқа қашықтан қызмет көрсету қызметтерін жобалауға қойылатын негізгі талаптарды, қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және әртүрлі физиологиялық бұзылулары бар адамдарға қатысты дұрыс терминологияны қамтитын мүгедектерге қызмет көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар мен жадынама әзірледі.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға банктік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету үшін Агенттік ең маңызды қызметтер тізбесіне сәйкес азаматтардың ең осал санатының қажеттіліктерін қанағаттандыратын банк бөлімшелерін көрсететін «Қаржылық қолжетімділік картасын» жасады.

Биылғы жылдың қазан айында қаржы нарығында заңсыз қызмет белгілері бар субъектілер мен азаматтардың күмәнді қаржылық операцияларға қатысуына қарсы профилактикалық шара ретінде Агенттік күдікті нысандардың тізімін жариялады. Бұл тізбеге қызметінде қаржы пирамидасының белгілері анықталған 56 ұйым және қызметінде осындай қаржылық қызметтерді көрсету белгілері бар ел аумағында дербес және (немесе) делдалдардың қатысуымен тиісті лицензия немесе рұқсатнамасы жоқ 65 тұлға енгізілген. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.