Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда өңірлердің инвестициялық рейтингтері енгізіледі

Жұма, 19 Наурыз 2021, 15:02:22

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында инвестициялар тарту жөніндегі жаңа тәсілдерді іске асыру барысы қаралды, олар ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес отырысында таныстырылды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев инвестициялар тарту жөніндегі қолданыстағы шаралардың тиімділігін кешенді бағалау мақсатында өңірлердің инвестициялық рейтингін енгізу жоспарланып отырғанын айтты. Ол инвесторлармен жұмыс істеу бойынша неғұрлым тиімді практиканы айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жергілікті билік органдарының жұмысын ынталандырады. Рейтинг сауалнама әдісімен алынған мәліметтер, сондай-ақ статистикалық деректер мен сараптамалық бағалау негізінде 50 индикатордан тұрады.

Өңірлердің инвестициялық рейтингі мен Инвестициялар жөніндегі ұлттық баяндаманы әр жылдың 1 тоқсанында шығару жоспарланып отыр. Ұлттық баяндаманың құрылымы екі апта ішінде Дүниежүзілік банктің, Еуропа қайта құру және даму банкінің, Азия даму банкінің сарапшыларымен келісілетін болады. Алынған ұсынымдарды ескере отырып, Экономикалық зерттеулер институты «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, рейтингтің бірінші шығарылымы мен 2020 жылға арналған баяндаманы дайындайды.

Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов «Business Connect» АХҚО бөлімшесі мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ сарапшыларынан құралған «Task Force» арнайы командасының жұмыс тәртібі туралы баяндады. Сауда және интеграция министрлігінің ұсынысы бойынша аталған командаға «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері де кіреді.

«Task Force» Үкімет атынан шетелдік инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде әрекет етеді, стратегиялық инвестициялық келісімдердің жобаларын қалыптастырып, инвестициялық жобалар жөніндегі жұмысқа орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, квазимемлекеттік субъектілерді тартады, Инвестициялық штабтың шешімінен кейін операциялық қызмет басталғанға дейін инвесторларды сүйемелдейді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2021-2025 жылдары өнеркәсіпте, құрылыс саласында, көлік секторында, жер қойнауын пайдалануда және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде жалпы сомасы 17,6 трлн теңге болатын жеке инвестицияларға 819 жобаны іске асыру жоспарланғанын атап өтті. Осы жылы негізгі капиталға инвестициялардың нысаналы көлемі 6 трлн теңге мөлшерінде белгіленген.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев компанияның инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 58,1 трлн теңге болатын 57 жоба бар екенін атап өтті. Каспий қайраңында Абай, Исатай, Жеңіс, Әл-Фараби, Қаламқас-теңіз, Хазар және Хвалынское секілді жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері пысықталуда. Биыл Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу, Каспий теңізінің Әзербайжан секторындағы Абшерон және Бабек кен орындарында өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын салу және түрлендіру, Алматы қаласын газдандыру, Қара теңіз өңіріндегі бөлшек сауда желісін дамыту, KPI қажеттіліктері үшін сығылған ауа өндіру қондырғысын салу аясында реверс инвестициялық жобаларын аяқтау жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов алдағы 5 жылда өнеркәсіп, сауда және логистика, құрылыс индустриясы, электр энергетикасы, білім беру, медицина және спорт салаларында 18 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 2 трлн теңге инвестицияға 125 жобадан тұратын пул құрылғанын атап өтті. Осы жылдың басынан бері инвестициялардың 16,4%-ға өсуі байқалады. Биыл елорданың негізгі капиталына барлығы 1,26 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев алдағы бес жылда өңірде машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін өндіру, ТМК, логистика, жаңартылатын энергетика және т. б. салаларда 1,7 трлн теңгеден астам сомаға 150 жобаны іске асыру көзделгенін айтты. Биыл өңірге 453 млрд теңге инвестиция тарту жоспарда бар.

«Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және экономиканың одан әрі сапалы өсуі үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет», — деді А. Мамин.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
30 Наурыз 2021, 13:48
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.03.2021
30 Наурыз 2021, 13:42
СҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары өңір экономикасының өсу қарқынын ұлғайтады және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.