Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда Ұлттық қордан берілетін трансферттердің көлемін шектейтін контрциклдық бюджеттік қағида енгізілетін болады — Е. Досаев

Бейсенбі, 02 Қыркүйек 2021, 09:54:46

Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте айтылған Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп 2022 жылы инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізге қайтаруға айрықша көңіл бөлетін болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Жолдауда монетарлық емес факторлар әсерінің ұлғаюын, әсіресе, азық-түлік бағасының өскенін атап өтті. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, ішкі өндіріс қажеттілігінің ресми жабылуына қарамастан, жекелеген нарықтардағы тұрақты теңгерімсіздік нәтижесінде азық-түлік инфляциясының өсуі 11,4% құрады. Маусымаралық кезеңде картоп пен сәбіздің бақылаусыз экспортына байланысты олардың жазғы айларға тән бағаға қарағанда бағаларының күрт өсуі және соның салдарынан ішкі нарықта дефициттің пайда болуы осы жылдың айқын көрінісі болып табылады», — деді Е. Досаев.

Жоғарыда көрсетілген факторлардың негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін азық-түлік бағасының өсуіне қарсы күресте Үкімет пен әкімдердің негізгі күш-жігерін тауар өндірісінің, экспорт пен импорт балансын ескере отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыруға жұмсау керек.

Инфляцияны 2022 жылы нысаналы дәлізге қайтару бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді тиімді түрде шешу үшін 2021-2023 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленіп, келісудің соңғы сатысында тұр.

Макроэкономикалық саясатты үйлестіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған келісіммен бірге бұл шаралар инфляцияның азық-түлікке жататын және азық-түлікке жатпайтын бөліктерінің монетарлық емес факторларын айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз етуге, орта мерзімді негізде болжамды және теңгерімді тарифтік саясатты қамтамасыз етуге тиіс. 

Мемлекет басшысы Жолдауда қаржылық тұрақтылық қорының шексіз емес екенін де атап өтті. Бүгінгі күні бюджет тапшылығын және Ұлттық қордан берілетін трансферттерді арттыру есебінен өсуі толықтырылып отыратын мемлекеттік шығыстардың айтарлықтай ұлғаюы проинфляциялық қысымның қосымша көзі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Ұлттық қордан берілетін трансферттердің көлемін және мемлекеттік шығыстардың өсу қарқынын шектейтін контрциклдық бюджеттік қағида енгізілетін болады. Бұл үшін Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп Бюджет кодексіне енгізілетін түзетулерді әзірлейді және тиісті тәсілдер Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында бекітіледі. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылғы қыркүйекте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін ұзартылады», — деді Ұлттық банк басшысы.

Кәсіпкерлікті, әсіресе ауылдағы кәсіпкерлікті кредиттеуді одан әрі дамыту үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп ағымдағы жылдың соңына дейін микроқаржы ұйымдарының мүмкіндіктерін кеңейтуге қажетті шешімдер топтамасы дайындалатын болады.

Инфляцияны нысаналы дәлізге қайтару және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді сапалы түрде іске асыру мақсатында Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдауға ниеттеніп отыр.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.