Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда жылыту маусымы тұрақты режимде өтті — Н. Ноғаев

Сейсенбі, 18 Мамыр 2021, 12:49:17

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы баяндады.

Жалпы, Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, Қазақстанда жылыту маусымы тұрақты режимде өтті.

«Қысқы ең жоғарғы электр энергиясын өндіру жүктемесі 2020 жылғы 28 желтоқсанда тіркеліп, 15 822 МВт құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 4%-ға артық», — деді Н. Ноғаев.

Өткен жылыту маусымында электр станцияларында электр энергиясын өндіруді нөл МВт-қа дейін төмендеткен 36 тоқтату болды, бұл өткен жылғы жылыту маусымымен салыстырғанда 14%-ға аз.

Энергетика министрі соңғы жылдары табиғат құбылыстарының (яғни, қатты жел, көктайғақ және қатты атмосфералық жауын-шашын) салдарынан Қазақстанның Біртұтас Электр энергетикалық жүйесінің электр беру желілері темірбетон тіректерінің зақымдану жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті.

Осыған байланысты, электр желілерінің қолайсыз табиғи-климаттық әсерлерге сенімділігі мен төзімділігін арттыру мақсатында Н. Ноғаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сауда және интеграция министрліктеріндегі әріптестеріне электр желілерінің тіректері мен олардың конструкциялық элементтерінің сапасына қойылатын қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормалардың талаптарын қайта қарау туралы өтініш білдірді.

Жылыту маусымында жылумен жабдықтау кәсіпорындарының жергілікті атқарушы органдар бекіткен жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауына қатысты 44 жағдай тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға аз.

Кестені сақтамаудың негізгі себебі – жабдықты пайдаланудағы кемшіліктер.

Жылыту маусымын өткізу кезіндегі проблемалық мәселе – отын үшін елеулі кредиторлық берешек көлемі.

Бүгінгі таңда энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешегі 667 млн теңгені құрайды (өткен жылы берешек 7 млрд 481 млн теңгені құрады).

Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» ЖШС алдында жалпы сомасы 1 млрд теңге берешегі бар.

Коммуналдық кәсіпорындардың, көтерме сауда тұтынушыларының, энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстарындағы және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың алдында берешектері бар.

Электр энергиясын өндіру және беру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер алдындағы осы берешектер энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жөндеу жұмыстарын уақытылы орындауына теріс әсер етеді.

«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қызметтер үшін берешекті өтеу жөніндегі жұмысты күшейтіп, жандандыру қажет», — деді Н. Ноғаев.

Жылыту маусымының өтуіне жүргізілген мониторинг келесі жылыту маусымына дайындық барысында ерекше назар аударуды талап ететін бірқатар өңірлерді айқындады.

Батыс Қазақстан облысы

Нарық субъектілері арасында берешектерді төлемеу және жинақтау бойынша сұрақтар бар, бұл энергия өндіруші ұйымдар тарапынан тұтынылған газ үшін төлеуге де әсер етеді.

Тұтынушылардың топтары бойынша электр энергиясына арналған тарифтердің саралануына байланысты кепілдік беруші ретінде әрекет ететін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметті жүзеге асыруы процесінде бірқатар мәселелер туындауда. Осындай мәселелердің бірі – кепілдік беретін жеткізушілер мен реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы тариф айырмашылығына байланысты тұтынушы заңды тұлғалардың шағын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға кетуі болып табылады.

Заңды тұлғалардың «БатысЭнергоРесурстар» ЖШС басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға кетуі салдарынан «БатысЭнергоРесурстар» ЖШС энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар алдындағы берешегі 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2 млрд 62 млн теңгені құрайды.

Қарағанды облысы 

Соңғы жылдары «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының 2-ші жылу электр орталығы қазандықтарының нашар техникалық жағдайына байланысты жиі істен шығуы салдарынан Теміртау қаласының тұрғындарында жылу энергиясының тапшылығы орын алды.

2-ші жылу электр орталығы негізгі жабдықтарын жөндеуге бөлінетін қаражат физикалық тозу мен апаттылық деңгейін төмендетпеді. 2-ші жылу электр орталығының негізгі жабдығының орташа тозу көрсеткіші 77%-ды құрайды.

Жылыту маусымында 5 қазан жұмыс істеп, 1 қазан резервте болуы тиіс. 

Электр станциясы жылу қуатының төмендеуі салдарынан Теміртау қаласының тұтынушыларына 2 тәулік бойы жылу тапшылығы туындады.

Осы факті бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті биылғы 10 наурыз бен 25 наурыз аралығында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ші жылу электр орталығына қатысты электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша қазандар мен қазан цехының ғимараттарын пайдалануға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталды.

Түркістан облысы

«Кентаусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында жөндеу жұмыстарын қаржыландыру және отын сатып алу мәселелері бар. Кентау қаласының 5-ші жылу электр орталығында және жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 1 млрд 980 млн теңгеге жоспарланған, сондай-ақ келесі жылыту маусымын өткізу үшін отын сатып алуға 1 млрд 273 млн теңге қажет.

Түркістан облысының әкімдігі «Кентаусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының келесі жылыту маусымына дайындығы үшін қаржы бөлуді уақытылы қамтамасыз етуі қажет.

Тұтастай алғанда алдағы жылыту маусымына дайындық ұйымдасқан түрде жүргізілуде.

Жүйелік оператор бекіткен Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес биыл 8 энергоблокты, 48 қазанды және 49 турбинаны жөндеу жоспарланған. Түрлі кезеңдерде 4 энергоблокта, 13 турбинада және 15 қазанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 4 қазанда аяқталды.

Электр желілерінде 2021 жылы жалпы ұзындығы 20 458 км электр беру желілерін, 441 қосалқы станцияны, 4315 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияларды күрделі жөндеу жоспарланған.

2020-2021 жылғы жылыту маусымын өткізу қорытындысы бойынша:

1. электр станцияларында, электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын орындау;

2. отын жеткізушілер алдындағы берешекті азайтуды қамтамасыз ету;

3. тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін төмендету бойынша шаралар қабылдау;

4. білім беру, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, елді мекендердің әлеуметтік және мәдени нысандарын дайындау бойынша барлық іс-шараларды орындау;

5. жылыту маусымы барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша қосымша шаралар қабылдау қажет.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, энергия кәсіпорындарының алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылау бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырады», — деп түйіндеді ҚР ЭМ басшысы.

Отырыс барысында сөз сөйлеген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымы тұрақты өтті.

«Халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету Министрліктің тұрақты бақылауында болды. Көмір тапшылығы болған жоқ», — деді Б. Атамқұлов. 

Өткен жылу беру маусымында 121 технологиялық бұзушылық орын алды. Оның ішінде:

  • автономдық қазандықтарда;
  • жылумен жабдықтау жүйесінде; 
  • сумен жабдықтау жүйесінде.

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында бұзушылықтар көп болды. 

Олардың барлығы нормативтік мерзімде жойылып, жылумен және сумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді.

Алдағы 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына әлеуметтік сала объектілерінің 65 мыңнан астамын (денсаулық сақтау объектілері, білім беру объектілері, тұрғын үйлер), 11 мың автономдық қазандық қондырғыларын және 19 мың шақырым инженерлік желіні дайындау қажет.

Жылу беру маусымына уақытылы және сапалы дайындалу мақсатында өңірлерге:

1) 2021 жылдың 1 маусымына қарай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;

2) 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің 100% дайындығын қамтамасыз ету қажет;

3) 2021 жылғы 15 қазанға дейін:

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың барлық объектілерінің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • құрылыс нормалары мен ережелерін сақтамай орнатылған автономдық жылу беру жүйелерін шығаруды аяқтау; 
  • инженерлік инфрақұрылым жүйесінің жылу беру маусымына дайындығын белгіленген мерзімде аяқтау;
  • автономдық қазандықтарда отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету қажет.

Алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы ай сайын хабардар етіп отыру керек. 

Жергілікті атқарушы органдардың, көмір өндіруші компаниялар мен жеткізушілердің белсенді іс-қимылы нәтижесінде барлық өңірге коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халық үшін көмір уақытылы жеткізілді. 

Маусым қорытындысында көмірді тұтыну көлемі шамамен 10 млн тонна болды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна, халыққа – 7,2 млн тонна бағытталды.

Көмірмен қамтамасыз ету көлемі 100% құрады.

«Келесі жылыту маусымына дайындық мақсатында жергілікті атқарушы органдар 1 шілдеге дейін 2021-2022 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін айларға бөліп, көмір қажеттілігін қалыптастырып, ұсынуы қажет», — деді Б. Атамқұлов.

Жылыту маусымы кезінде:

  • дүрлігуді болдырмау үшін резервтік қорымен көмірді алдын ала жеткізу;
  • көмір сату пункттерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

«Жалпы алғанда, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс», — деді Б. Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, өкінішке орай, коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың дебиторлық берешегі бойынша жағдай жақсармады. Бүгінгі таңда тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегі шамамен 15,4 млрд теңгені құрайды. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 600 млн теңгеге артқан.

Ең үлкен дебиторлық берешек мына өңірлерде:

  • Шымкент қаласында - 3 млрд теңге;
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 2,9 млрд теңге;
  • Алматы қаласында - 2,5 млрд теңге;

«Дебиторлық берешекті өтеу және азайту үшін әкімдіктерге борышкерлермен жұмысты күшейту керек», — деді Б. Атамқұлов.

Жалпы, министрдің айтуынша, жылыту маусымының өтуіне мониторинг жүргізу және оны дайындау Министрліктің ерекше бақылауында және штаттық режимде жалғасатын болады.

Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек өз баяндамасында жалпы, энергия көздерінде орын алған кейбір технологиялық апатты жағдайларды есепке алмағанда, өңірде күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өткенін хабарлады.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 25 ақпанында ЖЭО-2-де бірден 3 қазандықтың жұмысы тоқтап қалған, бұл температуралық режимнің ауытқуына әкелді, сондай-ақ Теміртау қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасына да әсер етті. 

2020 жылдың 13 желтоқсанында Абай ауданындағы «Кazakhmys Еnergy» серіктестігінің Топар ГРЭС-2-де №14 қазандықтың бу құбырының 2-ші бұрылымы үзілді. Дегенмен, бұл факт тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасына әсер еткен жоқ.

Сонымен қатар жылу оқшаулағыштардың болмауына байланысты Қарағанды қаласының М1 магистралдық жылу желісінде параметрлер төмендеді. 

Барлық жағдайлар бойынша апаттық жағдайлар 2 күн ішінде жойылды.

Жалпы, жылыту маусымының өту кезеңінде облыстың энергия көздерінде 2-ші дәрежелі 191 істен шығу жағдайы тіркелген, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 11%-ға төмен.

«Жалпы, өткен жылыту маусымын талдау барысында проблемалық мәселелерді ескере отырып, біз келесі күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша іс-шараларды әзірледік. Негізгі назар жылу электр станцияларын, жылу және электр желілерін жөндеу науқанына, көпқабатты тұрғын үй қорын дайындауға және салынып жатқан жаңа энергия объектілерін аяқтауға аударылды», — деді Ж. Қасымбек.

Облыста жөндеу жұмыстарына 69 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5 млрд теңгеге артық.

Жоспарда 21,1 млрд теңге сомасына 26 қазандық пен 15 турбинаны жөндеу көзделген. 

Жылыту маусымына:

  • 72 қазандық, 693 автономды жылыту жүйесі;
  • 115 шақырым жылу жүйесі, шамамен 3300 шақырым электр, 310 шақырым су құбыры және кәріз желілері;
  • 7 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй, 1350 әлеуметтік нысан әзірленеді. 

Барлық станциялармен көмір жеткізуге шарттар жасалып, оны көмір қоймаларына жеткізу жүзеге асырылуда. Жалпы, алдағы күзгі-қысқы кезеңге 4 млн тоннадан астам көмір әкелінеді.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары басталды. Кейбір станцияларда негізгі және қосалқы жабдықтарда жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілуде. 

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап 2-ЖЭО-да жаңа №7 қазандықтың құрылысы басталды. Қазандық құрылысын қайта бастау және бүкіл станцияны жылыту кезеңіне дайындау бойынша Жол картасы әзірленді.

«АрселорМиттал Теміртау» қазандықты монтаждау және ғимаратты жөндеу бойынша мердігер ұйымдарды анықтау үшін тендер жариялады. Екі келісімшарт та осы жылдың мамыр айының соңында жасалады. Жаңа қазандықты пайдалануға беру 2022-2023 жж. жылыту маусымына жоспарланған.

«Жылыту маусымына дайындық тұрақты және ерекше бақылауда», — деді Ж. Қасымбек.

Өз кезегінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің мәлімдеуінше, 2020-2021 жылдары облыста жылыту маусымы ойдағыдай аяқталды. Жылыту маусымы 8 аудан мен 3 қалада – 1 сәуірде, ал қалған 5 ауданда таулы аймақта орналасуына байланысты 15 сәуірде аяқталған. 

«Өткен жылыту маусымында облысқа қажетті 1 мың тоннадан астам көмір және 6 мың тоннадан астам дизель отыны жеткізілді», — деді облыс басшысы.

Биыл көктемде облыс аумағында электрмен жабдықтауда апат орын алған. 13-14 наурыз күндері қатты аязды жаңбыр мен күшті желдің салдарынан 5 491 жоғары кернеулі желі бағаналары зақымданған, 91 бағана, яғни облыстағы электр бағаналарының 20%-ға жуығы құлап қалған. 

«Табиғи апат салдарынан 95 елді мекен, яғни 35 мың абонент жарықсыз қалды. Апатты жоюға және электр желілерін қалпына келтіруге 91 бригада құрылып, 95 техника мен 501 маман жұмылдырылды. 17 сәуірде қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды», — деді Ө. Шөкеев. 

Өңірдің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысына тоқталған әкім, Кентау қаласындағы ЖЭО-5-ке көмір сатып алу үшін 530 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Қалған қаражатты келесі айда бөлу жоспарланған. 

«Жалпы, облыстың 2021-2022 жылыту маусымына дайындық барысын тұрақты бақылауда ұстаймыз», — деп түйіндеді әкім.  

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.