Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штабтың отырысын өткізді

Жұма, 05 Наурыз 2021, 15:18:40

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штабтың отырысында Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес шеңберінде таныстырылған инвестицияларды басқару бойынша жаңа тәсілдер қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 2025 жылы ЖІӨ-нің 30%-ына дейін, тікелей шетелдік инвестициялар көлемін $30 млрд-қа дейін жеткізу мақсаты қойылғанын атап өтті.

Осы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін инвестицияларды таргеттелген және проактивті тарту бойынша жүйелі шаралар іске асырылатын болады. Инвестициялар тарту үшін агроөнеркәсіптік кешен, туризм, инфрақұрылым, машина жасау, фармацевтика, ТМК, мұнай химиясы, IT, білім беру және қосылған құн деңгейі жоғары басқа да салалар басым секторлар болып айқындалды. 

Инвестициялардың нысаналы көлемдерінің көрсеткіштері салалар бойынша, мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктері жылдар бойынша бөле отырып, декомпозицияланды.

Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 32,4 трлн теңге сомасына 1600-ден астам жобадан тұратын пул құрылғанын айтты. 

Тікелей шетелдік инвестициялар ағынын қарқындату жөніндегі жаңа тәсілдерді іске асыру шеңберінде ҚР СІМ-нің шетелдік мекемелері үшін үш жылдық Елдік бағдарламалар әзірленіп, қабылданды. Әрбір бағдарлама белгілі бір елдің экономикасының құрылымының ерекшелігін ескере отырып, оның таргеттелетін салалары мен компанияларын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бес жыл ішінде АӨК саласында жалпы сомасы 4,1 трлн теңгеге 400-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл 2025 жылға қарай жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 1,3 есе, ал экспортты 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте 2023 жылға қарай ішкі нарықты негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша отандық өніммен молықтыру қамтамасыз етілетін болады.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірге машина жасау, металлургия және ТМК сияқты салаларға кемінде 810 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отырғанын айтты. Жыл соңына дейін 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 282,2 млрд теңге сомасына 14 жоба аяқталатын болады.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алдағы бес жылда өңірде машина жасау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергетика, денсаулық сақтау және т. б. салаларда 1,6 трлн теңгеден астам сомаға 59 жобаны іске асыру жоспарланғанын атап өтті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов шетелдік және отандық инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа алгоритмі АХҚО және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның барлық инвестициялық жобаларды егжей-тегжейлі тексеруін көздейтінін баяндады. 

Инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін  «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және АХҚО-ның «Business Connect» бөлімшесі сарапшыларынан «Task Force» арнайы келіссөз командасы құрылатын болады.

Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның инвестициялар тарту жөніндегі жұмысқа қатысуы кеңейтіледі.

«Жаңа инвестициялық циклды қалыптастыру іскерлік белсенділікті қалпына келтірудің және экономиканың одан әрі сапалы өсуінің басты шарты болып табылады», – деді А. Мамин.

Стратегиялық инвестициялық келісімдер жасасу жөнінде шешімдер қабылдаудың негізгі орталығы Инвестициялық штаб болады. Үкімет жұмысының қорытындысы бойынша жыл сайынғы негізде инвестициялар бойынша Ұлттық баяндама қалыптастырылады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
30 Наурыз 2021, 13:48
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.03.2021
30 Наурыз 2021, 13:42
СҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары өңір экономикасының өсу қарқынын ұлғайтады және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.