ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы бірқатар тағайындауға қол қойды

Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен:

  • Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

  • Нұрлан  Жамбылханұлы Қаймолдаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;

  • Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу