ҚР Үкіметі цифрлық майнингті «көлеңкелі жүйеден» шығару бойынша бірқатар нақты шараларды қарастырды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы «сұр» цифрлық майнингтің мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6%-дан асты. Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары.

Елімізде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында Премьер-Министр тиісті министрліктерге осы қызметті заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу