Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

КВИ бойынша оптимистік сценарийді іске асыру азаматтардың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты — А. Цой

Сейсенбі, 25 Мамыр 2021, 11:30:41

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәселе қаралды. Жалпы, еліміздегі қазіргі жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, КВИ бойынша қызыл аймақта орналасқан жекелеген өңірлер бойынша — Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.

А. Цой атап өткендей, әлемде COVID-19 ауруы мен өлімі бойынша жағдай тұрақсыз болып қалуда. Бүгінгі таңда әлемде КВИ-дің 167 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 450 мыңнан астам жағдай тіркелген. 3,4 миллионнан астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,1% құрады.

221 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 104-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 111-орында.

«Қазақстанда 25 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 376 572 науқас және -КВИ-мен 54 716 жағдай тіркелді. Ел сары аймақта тұр», — деді А. Цой.

Республикаішілік көрсеткіштер бойынша қызыл аймақта бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары орналасқан.

Батыс Қазақстан облысы қызыл және сары аймақтардың шекарасында орналасқан.

Сары аймақта 6 өңір бар: Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.

Қалған 5 өңір жасыл аймақта.

Министрдің айтуынша, елімізде сырқаттанушылықтың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады.

Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны сәуір айының соңы мен мамырдың басындағы апталық аурушаңдықпен салыстырғанда 4 мыңға азайды.

Жалпы, соңғы айда аурушаңдылық 20%-ға төмендеді.

Егер стационарлық науқастар туралы айтатын болсақ, өңірлер бөлінісінде төсек орындардың күнделікті пайдаланылу мониторингіне сәйкес осы жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындарды қамту 33%-ды құрайды және биылғы мамырдың басымен салыстырғанда 8%-ға төмендеді, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 2%-ға төмендеді және 26%-ды құрайды.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында төсектердің толуының оң динамикасы байқалады — мамырдың (4 мамыр) басымен салыстырғанда төсектердің пайдаланылуының үлес салмағы 60%-дан 47%-ға дейін, Алматы қаласында 57%-дан 35%-ға дейін және Алматы облысында 56%-дан 36%-ға дейін төмендеді.

Емделіп жатқан науқастар санының 15 мамырдағы жағдай бойынша 38 мыңнан 25 мамырдағы жағдай бойынша 32 мың адамға дейін азаюы байқалады, оның ішінде стационарлық емдеудегі науқастар саны 14 мыңнан 12 мыңға дейін, амбулаториялық емдеудегі науқастар саны 24,5 мыңнан 20 мыңға дейін төмендеді.

«Сонымен қатар 5 мамырдан бастап бір тәулікте сауығып кеткен науқастардың саны бір тәуліктегі науқастардың санынан асып түсетінін атап өткім келеді, бұл да эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануының байқалып отырған үрдісін көрсетеді», — деп атап өтті А. Цой.

Бүгінгі таңда, министрдің айтуынша, вакцинаның шамамен 3 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1-компонентпен 2 015 053 адам егілді, бұл вакцина алуға жататын халықтың 20%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 млн-ға жуық адам қамтылды.

Бүгінгі таңда егу пункттерінде вакцина дозаларының жеткілікті қоры бар: бірінші компонент — шамамен 320 мың және екінші компонент — 650 мың.

Спутник V вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасы Қарағанды фарм кешенінде өндірілген және кестеге сәйкес өңірлерге жеткізілетін болады.

Сондай-ақ министр жаңа мутацияларды анықтау мақсатында республика аумағындағы коронавирус штамдарын генетикалық зерттеу тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Осы жылдың сәуір айында анықталған үлгілерді зерттеу қорытындысы бойынша үлгілердің 30%-ында «Британдық штамм» айналымы анықталды.

Республика аумағында үнді штаммының айналымы анықталмаған.

Эпидемиологиялық жағдайды және вакцинациямен қамтуды ескере отырып, Министрлік эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты.

«Мәселен, вакцинациялаудың тиімділігі 60%-дан кем болмайтын пессимистік сценарий кезінде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны 95 мыңға жуық адамды құрайды», — деп атап өтті А. Цой.

Екінші реалистік сценарий бойынша, министрдің айтуынша, вакцинациялаудың тиімділігі кемінде 80%-ды құрайтын болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамды құрайды.

Вакцинациялаудың тиімділігі 95%-дан кем болмайтын оптимистік сценарийде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адамды құрайды.

Бұл ретте, қандай да бір сценарийдің іске асырылуы азаматтардың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты болатынын атап өткен жөн.

«Осыған байланысты, вакцинациямен қамтуды арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарға вакцинациямен қамтуды ұлғайту және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», — деп атап өтті А. Цой.

Аймақтарға келетін болсақ, Батыс Қазақстан облысында әкім Ғ. Есқалиевтің айтуынша, соңғы аптада КВИ жұқтырудың 658 жаңа жағдайы анықталды. Алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны шамамен 9% азайды.

Ауруға шалдыққандарды анықтау мақсатында ПТР зерттеулер саны көбейтілді. Облыстағы 13 зертханада тәулігіне 2000-нан астам зерттеу жасалады.

Облыстың 2 айдан астам уақыт қызыл аймақта болғандығын ескере отырып бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Ауыл тұрғындарының облыс орталығына келуін азайту мақсатында Орал қаласында және қызыл аймақтарда болған 6 ауданда 1-14 мамыр аралығында блок-бекеттер орнатылды. 

Бұл шаралар облыс орталығына қатынайтын тұрғындардың санын 35%-ға дейін төмендетіп, адам көп жиналатын шараларды азайтуға мүмкіндік берді.

Соның нәтижесінде, сәуір айында ауру көрсеткіші тәулігіне 200-250-ге дейін жеткен болса, мамыр айында 90-100 жағдайға дейін төмендеді.

Мониторингтік топтар күнделікті рейдтерін жалғастыруда. 1 мамырдан бері мониторингтік топ мүшелері 179 рет рейдке шығып, 965 нысан тексеріліп, 962 мың теңгеге 22 хаттама толтырылды. 

«Бүгінгі таңда “Ashуq” мобильді қосымшасын енгізуге кәсіпкерлік субъектілерінен 391 өтінім түсті», — деді Ғ. Есқалиев. 

Өңірде вакцинациялау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Өңірге келген 138 560 вакцинаның І компоненті бойынша 65 мыңнан астам адам, ал II компоненті бойынша 27 мыңнан астам адам екпе қабылдады. Облыс бойынша барлығы 47 егу пункті жұмыс істейді.

Өңірде 18 жұқпалы аурулар стационары жұмыс істеп тұр, жұқпалы аурулар төсек-орындарының толығуы 39%-ды құрайды. Ал реанимациялық орындардың толуы 40%-ды құрайды. Қосымша 1400-ден астам резервтік төсек-орын дайындалды.

«Дерттің жаппай таралуына жол бермеу мақсатында Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына өз септігін тигізді», — деді Ғ. Есқалиев.

Қарағанды облысында осы жылдың 25 мамырындағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 30 572 жағдайы тіркелді. 

«Облыста эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар іске асырылуда, қабылданған шаралардың тиімділігі өткен апта бойы жұқтырудың жаңа жағдайларының 15%-ға төмендеуімен расталып отыр», — деді Ж. Қасымбек. 

Төсек қорының жүктемесі азаюда, бүгінгі күні облыс бойынша жүктеме орта есеппен 34%-ды құрайды.

Өткен аптада ҚР денсаулық сақтау министрі А. Цойдың төрағалығымен Қарағандыда коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

Аймақтың оң динамикасын сақтау үшін қосымша ұсыныстар берілді.

Әкім атап өткендей, кәсіпкерлік нысандарының қызметі мен облыстағы эпидемиологиялық жағдай арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында «Ashyq» жобасына қатысушылар саны артып келеді, олардың саны 510-ға жетті.

Халықты белсенді вакцинациялау жалғасуда, 93 741 адам толық иммунизацияланды, бірінші компонентпен 154 620 адам қамтылды.

Бекітілген мерзімге сәйкес мамыр айының соңына қарай облыстың 105 мың тұрғынын вакцинациялау толығымен аяқталады.

Өткен демалыс күндері вакцинация пункттері бар сауда орталықтары ашылды.

Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады және тұрақты бақылауда болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
10 Қыркүйек 2021, 11:55
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады
10 Қыркүйек 2021, 08:50
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
09 Қыркүйек 2021, 18:29
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа энергетика министрі М. Мырзағалиевті таныстырды
09 Қыркүйек 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №612 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №600 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №595 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:41
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру: Үкіметтік делегация Шымкент қаласының денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралады
09 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин Ақмола облысындағы астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау барысын тексерді
08 Қыркүйек 2021, 12:41
Қазақстандағы медициналық сақтандыру, эпидемияға қарсы іс-шаралар және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды
07 Қыркүйек 2021, 19:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысының жаңа әкімі Н. Ноғаевты таныстырды
07 Қыркүйек 2021, 16:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:19
Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:10
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты
07 Қыркүйек 2021, 11:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 07.09.2021
07 Қыркүйек 2021, 11:28
Үкімет шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасын әзірлеп жатыр — Ә. Ерғалиев
07 Қыркүйек 2021, 11:24
Инфляцияға қарсы реттеу: Үкімет азық-түлік, бензин және тұрғын үй бағаларын төмендету шараларын ұсынады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.