Маңғыстау облысындағы әлеуметтік экономикалық жағдайды қарастыру бойынша үкіметтік комиссия Нұр-Сұлтан қаласында жұмысын жалғастырмақ

Қоғамдық штабпен және бастама топтарымен кездесу барысында Үкіметтік комиссия диалог кезінде біршама маңызды сұрақтар шешіліп, Қазақстан Республикасының Үкіметі оларды жүзеге асыруға көшкенін атап өтті. 

Сонымен қатар аймақ тұрғындарының әлеуметтік сұрақтарын шешу бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің м. а. қатаң бақылауында тұр.

Бұдан әрі Үкіметтік комисссия өз жұмысын Нұр-Сұлтан қаласында әрі қарай жалғастырып, келіссөздердің орындалуын қатаң бақылауда ұстайтын болады.

Комиссия Маңғыстау облысының тұрғындарына және бастамашыл топтың мүшелеріне шыдамдылық танытқандығы және қойылған мәселелерді конструктивті шешуге атсалысқандығы үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар комиссия аймақта тәртіптің сақталуы үшін төтенше жағдай кезінде барлық талаптарды ұстануға және түсіністік танытуға шақырады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу