Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

  • Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

  • Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;

  • Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу