Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Сейсенбі, 27 Сәуір 2021, 23:18:13

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен көпжақты стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қатысты нақты ұстанымын жеткізді.

«Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестік әртүрлі саяси тенденцияларға емес, берік негізге құрылған. Қазақстан мен Қытай – жақын көрші, сенімді дос және стратегиялық әріптес. Бұл ынтымақтастық Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай келеді. Елдеріміздің арасындағы барлық мәселе сындарлы әрі сенімді диалог арқылы шешіледі», – деді Мемлекет басшысы.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге ыстық сәлемін жолдаған Қазақстан Президенті қытай басшысын өзіне ыңғайлы уақытта елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың COVID-19 пандемиясы басталғаннан бергі бір-біріне көрсеткен өзара көмегін жоғары бағалады. Кездесуде Қазақстанның қытайдан вакцина алуды жоспарлап отырғаны, ресейлік «Спутник V» екпесімен және отандық «QazVac» вакцинасын қолдану арқылы Үкіметтің халыққа жаппай екпе салу жұмысы екпінді түрде іске асатыны айтылды.

Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр. Мемлекет басшысының пікірінше, алда келе жатқан осынау мерейтойлық мезет бұған дейін жүріп өткен жолдың салмағын ұғынуға, стратегиялық серіктестіктің жаңа мақсаттарын анықтауға жақсы мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақыт аралығында екі ел өзінің даму жолында, сондай-ақ, жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді деп санайды.

Мемлекет басшысы қытай халқын елдегі кедейлікті түп тамырымен жою жөніндегі тарихи міндетті орындауымен, коронавирус індетімен күрестегі жеңісімен және экономиканы қайта қалпына келтірудегі үлкен жетістігімен құттықтады.

Президент Қазақстанның жоғары деңгейдегі саяси байланыстарды нығайтуға, экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге әзір екенін растады. ҚХР – Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі. 2020 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 15 миллиард долларды құрады.

Екіжақты сауда және инвестициялық байланыстарды орнықты және теңгерімді даму деңгейіне шығару үшін Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің жұмысын қалыпты режимге қайтаруға, пандемиядан кейінгі кезеңде олардың өткізу қабілетін арттыруға қатысты ұсыныстар айтты. Президент азаматтар мен жүк тасымалдайтын тұрақты әуе рейстерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар деп санайды. Цифрландыру, жасыл экономика, инновация секілді салалар бойынша айтарлықтай жетістікке жеткен Қытай тарапымен ынтымақтастықты дамыту үшін екіжақты күш-жігерді жұмылдыру аса маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның «Нұрлы жол» стратегиясын Қытайдың «Бір белдеу және бір жол» бастамасымен ұштастыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарынан және қытайдың «Қос айналым» тұжырымдамасынан туындайтын өзара тиімді кооперацияны тереңдету мүмкіндіктерін толыққанды пайдалануға шақырды.

Мемлекет басшысы халықаралық деңгейдегі басты мәселелер бойынша Қазақстан мен Қытайдың ұстанымдары сәйкес келетінін айтты. Президент Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін қолдағаны үшін қытай тарапына ризашылығын білдіріп, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде және «Орталық Азия + Қытай» ынтымақтастық форматында да одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге Қазақстанның дайын екенін жеткізді.


Жаңалықтар тізбегі
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.