Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты

Сәрсенбі, 03 Наурыз 2021, 20:38:46

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүше мұнай-газ компаниялары басшыларының жұмыс кездесуі видео конференция форматында өтті. Жиын барысында еліміздің мұнай-газ секторын дамыту және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Онлайн форматтағы кездесуге Royal Dutch Shell plc концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Бёрден, Chevron корпорациясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсон, CNPC корпорациясының вице-президенті Хуан Юн Чжан, Eni S.p.A компаниясының upstream бизнес жөніндегі директоры Гуидо Бруско, ExxonMobil Global Projects компаниясының президенті Нил Даффин, Total E&P компаниясының Каспий және Оңтүстік Еуропа жөніндегі  вице-президенті Кристин Хили қатысты.

Президент жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, мұнай-газ саласы Қазақстаның дамуында ерекше маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, әлемдік сауда мен экономиканың біртіндеп қайта қалпына келуінің арқасында, біз мұнай-газ секторының халықаралық деңгейдегі, сондай-ақ, ел ішіндегі жағдайына зор үміт артып отырмыз.

«Сондықтан біз осы оң динамиканы пайдаланып, ұзақ мерзімді перспективада аталған саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап алуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Кеңестің 2020 жылдың қараша айында өткен жұмыс кездесуінің қорытындылары бойынша бірлескен есебін тыңдап, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты.

Осы ретте Мемлекет басшысы бірқатар маңызды мәлімдеме жасады.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев ірі мұнай-газ жобалары бойынша жасалған уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуына назар аударды.

Президент Үкімет пен инвесторлардың түсіністікке келгенін, енді осы келісімдерді толықтай жүзеге асыруды қамтамасыз етудің және жедел шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Пандемияға қарамастан Теңіз кенішін кеңейту жобасы кестеге сәйкес іске асып жатыр. Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы бойынша түпкілікті инвестициялық шешімнің қабылдануы – жүйелі жұмыстың тағы бір мысалы. Қазіргі уақытта біз Қашағанды дамытудың ауқымды жоспарының қабылдануын күтіп отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің инвестиция тартудың жаңа тетіктері ұсынылған баяндамасына, оның типтік келісім-шарттарды жетілдіру бөлігіне баса мән берді.

Президент бұл ұсыныстарды қолдап, инвестицияның құқықтық тұрғыдан қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, қажет жағдайда инвестициялық жеңілдіктер жасауға тиісті механизмдердің бәрін мұқият пысықтау қажеттігін айтты.

«Барлық жобаның геологияға, нарықтан шалғай орналасуына, мұнай түрлеріне байланысты өз ерекшеліктері болғандықтан, «біркелкі әдістен» қашуымыз керек. Үкімет жобаларды күрделілігі мен маңыздылығы бойынша жүйелеп, оларды реттеудің және қолдаудың тиісті тетіктерін айқындауы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке жұмыс тобының келесі отырысына жетілдірілген типтік келісім-шарттық механизм әзірлеуді тапсырды.

Бұдан бөлек Президент көмірсутегін қайта өңдеуде инвестицияны реттеудің заманауи және оңтайлы тетігін әзірлеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы жергілікті өнімді арттыру мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл ретте ол технология трансфертін және өндірісті бір жерге шоғырландыруды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар әзірлеу жөнінде Үкіметке берген тапсырмасын еске салды.

«Мен елішілік құндылық (in-country value) қалыптастыруда, ішкі технологиялық және өнеркәсіптік дамуды ынталандыруда энергетикалық жобалардың маңыздылығын үнемі айтып келемін. Өкінішке қарай, бұл бағыттағы прогресс мәз емес. Бізге тың әрі батыл қадамдар жасау керек», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке компаниялармен бірлесіп, Технологиялар трансферті мен локализация жөнінде жол картасын әзірлеуді және бұл жайында келесі отырыста  баяндауды тапсырды.

Мемлекет басшысы жуырда құрылған Инвесторлардың проблемасын шешу жөніндегі фронт-офис туралы да айтты. Оның пікірінше, бұл офистің жұмысы кәсіби, белсенді жүргізіліп, бюрократиялық ресімдер барынша аз болуы керек. Офис инвесторлардың жұмысына кедергі келтіретін проблемаларды шешуге құзыретті болуға тиіс. Егер қажет болса, мәселені Премьер-Министр жанындағы Мұнай-газ кеңесінің деңгейіне көтеру керек.

Президент экологиялық мәселелерге назар аударды. Бұл ретте Мемлекет басшысы мұнай-газ компанияларының газды факелдерде жағып жіберу кезінде шығатын қалдықтарға салынатын төлемдердің әр келкілігі жөніндегі өтініштерін қолдайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселелерге қатысты инвесторлардан қоршаған ортаны жақсарту мен көміртегі қалдығын азайту жөнінде батыл әрі нақты іс-қимылдар күтетінін мәлімдеді.


Жаңалықтар тізбегі
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
30 Наурыз 2021, 13:48
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.03.2021
30 Наурыз 2021, 13:42
СҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары өңір экономикасының өсу қарқынын ұлғайтады және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.