Экономика министрлігінің құзырына бюджеттік жоспарлау қызметі, инвестиция және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері берілді

Мемлекеттік  органдарды   қайта  құрудың нәтижесінде   Экономика және  бюджеттік жоспарлау министрлігінің  құзырына  бұрын  Қаржы министрлігінің  қарауында болған  бюджеттік жоспарлау   саласындағы  функциялар мен  өкілеттіліктер  берілді.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарауында  болған   инвестицияларды қолдаудың және қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру  саласындағы   функциялар мен өкілеттіліктер   де қоса берілді.

Экономика және   бюджеттік жоспарлау министрлігі  сондай-ақ енді  бұрын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзырында болған халықтың көші-қоны аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру  мәселесімен   айналысатын  болады.

«Экономика министрлігі  стратегиялық  және  экономикалық жоспарлауды ескере отырып  көші-қон cаясатын  кешенді іске асырумен айналысатын болады», - деді  бүгін Үкімет  отырысында    сөз сөйлеген    Премьер-Министр  Серік Ахметов.

«Жаңадан құрылған мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру жөніндегі қажетті басқа да шараларды қабылдаулары керек. Барлық ұйымдастыру мәселелерін шешіп, жұмысқа дереу кірісуіміз керек. Президент алдымызға маңызды міндеттер қойып отыр, және ол міндеттер нақты, сапалы және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс», деп міндеттеді С.Ахметов. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу