ҚР МСМ діни радикализммен күресуге арналған бірқатар шараларды жариялады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Үкіметінің кезекті отырысында діни радикализммен күресуге арналған бірқатар шараларды жариялады.

А. Мұхамедиұлы 10 маусымда өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР МСМ басқа мемлекеттік органдармен бірге бірқатар заңнамалық және ұйымдастыру шараларын әзірлегенін айтып өтті.

«Біздің ұсыныстарымыз жұмыс тобының отырысында қаралды және 2016 жылдың 1 шілдесінде хаттама қабылданды, соған сәйкес министрлік тарапынан кешендік шараларды іске асыру керек. Біріншіден, діни бірлестіктерге ұсынымдар ұсынылады, бірінші кезекте, Қазақстан мұсылмандарына рухани басқарушылық, діни жораларды өткізу үшін бірыңғай тәртіп қабылдау. Діншіл адамдар тарапынан бірнеше рет бірыңғай діни тәжірибе жасау туралы ұсыныстар түсті. Мемлекет аса маңызды діни қызметтерге араласа алмайды, сол себепті құрылған ынтымақтастық аясында рухани басқарымға ұсынамыз», - деді А. Мұхамедиұлы.

Екіншіден, оның айтуы бойынша, министрлік ІІМ мен ЖАО өзара әрекетімен бірге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткізуде.

«Үшіншіден, ІІМ бірге діни кездесулер жүргізуді бақылау үшін, діни қызмет, рәсімдер мен салттар, миссионерлік қызмет және діни әдебиет айналымдары бойынша мемлекеттік органдар үшін әдістемелік ұсыныстарды дайындаудамыз.  Аталмыш жұмысты бастадық. Төртіншіден, қазіргі күні діни жұмыстар  мен діни бірлестіктермен ынтымақтастық бойынша жұмыстар үшін аудандық және қалалық әкімдіктерде бірліктер бөлінген», - деді министр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу