Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде

Сейсенбі, 23 Ақпан 2021, 15:23:14

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық туралы төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр, сондай-ақ облыс әкімдері баяндады. 

Қазақстан құтқарушылары «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге дайындалуда

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы бірінші болып төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баяндады.

Оның айтуынша, ҚР ТЖМ әкімдіктермен бірлесіп, 2017 жылы көктемде су басу қаупі жоғары республика бойынша 905 елді мекен анықталды.

«Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жол картасын іске асыру аясында 2017-2020 жылдардан бастап ел бойынша 300-ден астам елді мекенде су басу қаупі жойылды және 314-інде қауіп-қатер барынша азайтылды, бұл 70 мыңнан астам тұрғын үй мен 350 мыңнан астам адамды қамтиды», — деді Ю. Ильин.

Соңғы 4 жылда өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, өзендердің аса қауіпті учаскелерінде инженерлік-қорғау жұмыстары жүргізілді, 11 мың км астам арна мен арық жүйелері, автомобиль және темір жолдарда орналасқан 11 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды, 150 км-ге жуық қорғау бөгеттері мен дуал салынды, 26 гидротехникалық құрылыстар жөнделді.

Бұл ретте 6 мың су шаруашылығы құрылыстарының 500-ге жуық гидротехникалық құрылыстарын жөндеу талап етіледі.

Осыған байланысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен өңірлердің әкімдіктері оларды жөндеу үшін қаржы қаражатын қарастыруы қажет. Сондай-ақ қараусыз қалған су қоймалары мен бөгеттерді комиссиялық тексеруді ұйымдастырып, оларды қауіпсіз ұстауды қамтамасыз етуі тиіс.

Жалпы, 5 жыл ішінде ТЖ жоюға 44 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. ҚР Үкіметінің қолдауымен мемлекеттік материалдық резервтен өңірлерге 365 бірлік техника берілді.

«Сонымен қатар су басу қаупі бар аймақта ел бойынша 276 елді мекен қалып отыр, бұл 270 мыңнан астам адам. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа жол картасы бекітілді, оны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу көзделген», — деп атап өтті ТЖ министрі.

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде өңірлік деңгейде мынадай шаралар іске асырылды::

  • төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді;
  • жанар-жағармай және инертті материалдар қоры қалыптасты;
  • шұғыл шығындарға төтенше резервтер қарастырылған, шамамен 38 млрд теңге алдын ала қарастырылған;
  • саны 38 мыңнан астам адам, шамамен 13 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және 2 500-ден астам су айдау құралдарынан құрылған азаматтық қорғау құрылымдары айқындалды;
  • елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда, бүгінде 13 млн текше метрден астам қар шығарылды.

«Республикалық деңгейде осы жылдың 12 ақпанында су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді», — деп хабарлады ҚР ТЖМ басшысы.

Сондай-ақ осы жылдың наурыз айының басында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда, оның барысында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дайындығы тексеріледі.

«Қазгидрометтің» алдын ала болжамына сәйкес Шағалалы өзені бассейніндегі қар қорының көлемі 29%-дан асатын Ақмола облысын қоспағанда, өзен бассейндеріндегі қар қорының көлемі нормадан төмен және норма шегінде», — деді ол.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының Есіл және Тоғызақ өзендерінде қазіргі уақытта қар қоры норма шегінде.

Қазіргі уақытта ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 70-75%-ды құрайды.

Сонымен қатар бос көлемдер қорын сақтау қажет.

Өткен 5 жылда 700-ге жуық автомобиль жолдары, 34 автомобиль көпірі толып, 7 темір жол учаскесі су астында қалды.

Бұл ретте жыл сайын республика бойынша су басуға бейім автомобиль жолдарының 482 учаскесі және темір жолдардың 600-ден астам учаскесі анықталады.

Көлік инфрақұрылымының толып кетуіне және бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, алдын алу және қорғау іс-шараларын алдын ала жүргізгені жөн.

Сондай-ақ ТЖ министрі Ю. Ильин ел аумағында қар жамылғысының қалыптасуы жалғасып жатқанын атап өтті. Күрт жылыну және қарқынды қар еру, сонымен қатар қатты жауын-шашын жауған жағдайда елді мекендердегі су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі келесі жұмыстарды атқарды:

  • апаттық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды;
  • ТЖ-ға жедел ден қою қажет болған жағдайға көлік құралдары, авиациялық техника, жүзу құралдары мен мотопомпалар айқындалды;
  • халықты хабардар ету мәселелері пысықталды;
  • азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде шатырлы лагерьлер дайындалды;
  • күштер мен құралдарды жедел жіберу, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін Қазавиақұтқару әуе кемелері үнемі әзірлікте болады.

Юрий Ильин жағдай нашарлаған жағдайда Министрлік резервтік топтардың күштері мен құралдарын басқа жерге жеткізуге дайын екенін айтты.

 

Қазақстанның ірі су қоймаларының орташа толымдылығы норма шегінде тұр — ҚР ЭГТРМ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, 10 ақпандағы жағдай бойынша жазық аумақта қар жамылғысында ылғал қоры көлемінің бөлінуі келесідей:

  • Ақмола облысының Шағалалы өзені алабында қар қоры көпжылдық орташа мәннен 29%-ға жоғары;
  • Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өзені, Ақмола облысының Сілеті өзені және Қостанай облысының Тоғызақ өзені алаптарында бұл көрсеткіш көпжылдық орташа мәннің шамасында.

Еліміздің жазық жерінің басым бөлігінде қардағы ылғал қоры көпжылдық орташа мәннен төмен. Атап айтсақ:

  • Ақмола және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш 7%-дан 39%-ға дейін төмен;
  • Қостанай облысында 24%-дан 52%-ға дейін төмен;
  • еліміздің батыс өңірлерінде 20%-дан 78%-ға дейін төмен көрсеткіш тіркеліп отыр. 

«Осыған байланысты еліміздің жазық аумақтарындағы өзендердің басым бөлігінде су нормадан төмен болады деп күтілуде», — деді М. Мырзағалиев.

Сонымен қатар күзгі топырақ ылғалдылығын да ескерген жөн. Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан ​​облыстарының өзен алаптарында аталған көрсеткіш орташа жылдық мәндерден 9%-дан 50%-ға дейін жоғары.

Ал басқа аймақтарда бұл көрсеткіш орташа жылдық мәндерден 14%-дан 78%-ға дейін төмен. 

Оған қоса, топырақтың қату деңгейі биыл Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа алғанда 16 см-ден 143 см аралығында жатыр.

Экология министрінің айтуынша, қар қорының жинақталу кезеңі наурыз айында әлі де жалғасады. Күн күрт жылынған жағдайда жазық өңірлерде еріген қардан су қалыптасып, кей аймақтарда су басу орын алуы мүмкін. 

Республиканың таулы аймақтарында қар қоры бойынша жағдай келесідей: 

  • Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы аумағында қар қоры жылдық орташа мәндерден 26%-дан 49%-ға дейін төмен;
  • Ертіс өзенінің сол жақ саласында аталған көрсеткіш орташа көп жылдық мәндердің шегінде;
  • Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында қар қоры орташа көп жылдық мәндерден 40%-дан 82%-ға дейін; 
  • Алматы облысының тауларында – 25%-дан 56%-ға дейін аз.

Сонымен қатар М. Мырзағалиевтің айтуынша, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан аумағында қар қоры орташа көп жылдық мәндерден 30%-дан 60%-ға дейін аз екенін айта кету керек.

Бұл дегеніміз, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендердің көпшілігінде биыл су аз болады деп болжанады. 

Наурыз айының синоптикалық болжамына сәйкес ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан жоғары болады.

Қар жамылғысының аздығына қарамастан, алдағы күндерде еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтілуде. Ол өз кезегінде еріген қардың суымен қосылып, тасқынға алып келуі мүмкін.

«Қазгидромет наурыз айынан бастап апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдарды ұсынады. Онымен қоса, су тасқыны қаупінің пайда болуы туралы алдын-ала 2-3 күн бұрын хабарлап отырмақ», — деді М. Мырзағалиев.

Сонымен қатар ҚР ЭГТРМ министрі гидротехникалық құрылыстарды тасқын суларға дайындау мақсатында Министрлік жанында Су тасқынына қарсы комиссиялар құрылғанын және тасқын суларды апатсыз өткізуге қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Болжамға сүйене отырып, тасқын суларды қауіпсіз өткізу және оларды қажетті жобалық көлемге дейін толтыру үшін су қоймаларының жұмыс режиміне түзетулер енгізілді. 

Бүгінгі таңда ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 60-75% құрайды. Бұл ағымдағы кезең үшін қалыпты болып табылады.

Бүгінгі күні 41 апаттық су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда, оның 11-і қалпына келтірілді, соның нәтижесінде 14 мыңнан астам тұрғыны бар 15 ауылдық елді мекенде су басу қаупі жойылды.

«Биыл тағы 10 су қоймасын қалпына келтіру жоспарлануда. Қалған 20 су қоймасына қатысты жұмыстар алдағы 3 жылдың ішінде аяқталатын болады. Бүгінде осы нысандар су жинағыш ретінде емес, су өткізгіш ретінде қолданылып отырғандықтан, су тасқыны кезінде қауіп төндірмейтіндігін атап өткім келеді», — деді ол.

Жалпы, алдын ала болжам бойынша өзендердің сулығы қалыпты деңгейде не одан төмен деп күтілуде. 

Республикалық меншік объектілеріндегі су шаруашылығының жағдайы Министрліктің тұрақты бақылауында.

Бұл ретте, ҚР экология министрі коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне облыс әкімдерінің назарын аудару қажет деп санайды

 

Қазақстанда су тасқыны кезеңіне автомобиль және темір жолдар дайындалуда

Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың су тасқыны кезеңіне автомобиль және темір жолдарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Республикалық маңызы бар автожолдарды дайындау бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Орталық және аймақтық деңгейде жол қызметі өкілдерінен комиссиялар құрылды.

«Қазіргі таңда республикалық жолдардың ұзындығы 25 мың шақырым. 1 298 көпір және 15 070 су өткізу құбыры бар. Оның ішінде 482 қауіпті учаске, 739 құбыр және 59 көпір бақылауға алынды. 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Автожолдар мен жолдардағы ғимараттар бақылауға алынды», — деді Б. Атамқұлов.

Су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазіргі сәтте қажетті материалдар 100%-ға дайындалды, оның ішінде 7,8 мың текше метр құм, 12,2 мың текше метр тас, 14,7 мың текше метр қиыршық тас, 52,6 дана қап, 679 т ЖЖМ және 124 темірбетон құбырлар бар.

Сондай-ақ су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қардан тазарту жұмыстары басталды.

ҚР ИИДМ министрі атап өткендей, реконструкциялау және күрделі жөндеу жүргізу барысында автожолдардың тасқын қауіпті учаскелерінде саңылаулар диаметрі мен су өткізу құбырларының санын ұлғайту, үйінді биіктігін арттыру және т. б. есебінен тасқын сулардың өткізу қабілетін арттыру мақсатында көпірлер мен су өткізу құбырларын қосымша орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, реконструкциялау және күрделі жөндеу барысында автожолдардың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде саңылаулардың диаметрі мен су өткізу құбырларының саны ұлғайтылады. Үйіндінің биіктігін арттыру және тағы басқа шаралар есебінен тасқын сулардың өткізу қабілетін арттыру үшін көпірлер мен су өткізу құбырлары қосымша орнатылады. 

«Жалпы су тасқынына қарсы шараларды орындау барысында өңірлердің ауа-райы жағдайы, сондай-ақ өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелері ескеріледі», — деді Б. Атамқұлов.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар автожолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаражатпен атқарылады.

Пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды, ғимараттарды уақытылы дайындау мақсатында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұйрығы бекітілген. Онда су тасқыны кезінде жол қауіпсіздігін, жолдың және ғимараттардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары қарастырылған.

«Аумақтық ұйымдармен бірлесіп, су қоймаларының жайы, агротехникалық дамбалар тексерілуде. Сондай-ақ күрделі жағдай туындаған жағдайда төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық құрылымдармен өзара әрекет ету жұмыстары жүргізілуде», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Министрдің айтуынша, өткен жылдардың талдауы бойынша тасқын суларды өткізу бойынша барлық аумақтарда 673 қауіпті жердің тізімі анықталған. Су тасыған кезде тәулік бойы жауапты тұлғалардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Қауіпті жерлерді айналып, қосымша тексеріп шығады. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, көпірлердің, құбырлардың, дренажды құдықтардың тесіктерін қардан тазалау, тауды және су бұрғыш арықтарды, науаларды және кюветтерді ашу бойынша дайындық жұмысы басталды. Кесек тастар, рельсті пакеттер, стандартты емес темірбетон шпалдар тиелген, су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр. 

«61 мың адамды эвакуациялауға 1 713 локомотив, 1 603 вагон дайындалды. Сондай-ақ, арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы дайын. Қазіргі уақытта 2 975 текше метр кесек тас және 8 250 дана стандартты емес темірбетон шпалдары дайындалған. Техниканың және материалдардың дайындығы – 100%», — деді ол.

«2021-2023 жылдарға арналған су тасқындарының алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасы шеңберінде Министрлікте 1 іс-шара қарастырылған. Ол Қарағанды облысында Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде Қарасор көлін айналып өтетін темір жолын салуға қатысты. 

Қазіргі таңда Министрлік аталған жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. 

 

Ақмола облысының 43 елді мекенінде су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілді

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

«Су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында 43 елді мекенінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. Төтенше резервтер мен шұғыл шығындарға арналған резервтерге 1,4 млрд теңге салынды. 273 тонна ЖЖМ, 7 мың тонна инертті материалдар, 67 мың қап дайындалды, 300 мың куб метрден астам қар шығарылды», — деді ол.

Сонымен қатар азаматтық қорғау органдары мен қызметтердің күштері мен құралдары толық әзірлікке келтірілді. Авариялық және қауіпті жағдайдағы гидротехникалық құрылыстар транзиттік режимге ауысатын болады. Сондай-ақ, тәулік бойы 90 бақылау бекеті ұйымдастырылады.

Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінде су тасқыны қаупін болдырмау мақсатында жағалауды нығайту, өзен арнасын өсімдіктерден тазарту, түзету және түбін тереңдету, сондай-ақ айналма арналарды тазарту бойынша іс-шаралар кешені өткізілді. Биыл түбін тереңдету бойынша жұмыстар жалғасатын болады, нәтижесінде жалпы ұзындығы 4 км құрайды.

«Атбасар қаласында Жабай өзенінің арнасын құмды үймелерден және өсімдіктерден тазарту, жер үйіндісін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп, жағалауға жақын орналасқан тұрғын үйлері қорғалды. Арнаның түбін тереңдетуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, ол мемлекеттік сараптамадан өтуде. Одан кейін жоба Салалық министрлікке жіберіледі», — деді Ақмола облысының әкімі.

Сонымен қатар, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы Есіл өзенінің арнасында қорғаныс дуалы нығайтылды. Жақын арада айналма арнасын тереңдету бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

«Елорданың су қауіпсіздігі шеңберінде Есіл өзенін тереңдетуге мемлекеттік сараптамамен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Тиісті бюджеттік өтінім Салалық министрлікке жіберілді», — деді Е. Маржықпаев.

Сондай-ақ Нұра өзені бойындағы топырақ үйінділерін нығайту жұмыстары Целиноград ауданының су тасқыны қаупі бар елді мекендерінде жүргізілді.

«Наурыз айында өзендердің қауіпті учаскелерінде мұзды қопсыту және ұсақтау үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, барлық қажетті іс-шаралар орындалуда және ерекше бақылауда», — деп түйіндеді ол.

Павлодар облысының аумақтық азаматтық қорғау жүйесі жоғары дайындық жағдайында

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов хабарлағандай, қазіргі уақытта өңірде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша қар жамылғысының биіктігі облыс бойынша орташа 22 см құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен төмен. Облыс аумағындағы қолайсыз болжам 150 см-ден төмен жерлерде топырақтың қатуын тудырады», — деді Ә. Сқақов.

Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңін талдау негізінде 28 елді мекен бақылауға алынды.

Биыл облыс бюджетінде төтенше жағдайларға 1,7 млрд теңге көлемінде қаржы қаражаты көзделген.

«Өңірдегі барлық жер қорғау бөгеттері күшейтілді. Материалдық-техникалық құралдар толық көлемде қамтамасыз етілді. Шығарылған қардың көлемі 484 мың тоннаны құрайды. Облыста 1 383 су өткізу орындары бар, олар 15 наурызға дейін ашылады. Азаматтық қорғаныс аумақтық жүйесі жоғары дайындықта – 663 адам, 403 бірлік техника бар. Қар жамылғысының космомониторингі қызметін көрсетуге және жарылыс жұмыстарын жүргізуге шарттар жасалды», — деді Павлодар облысының әкімі.

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың 2021-2023 жылдарға арналған республикалық жол картасы шеңберінде облыста 7 іс-шара қарастырылған, оның ішінде 3-уі бойынша жұмыстар басталды. Олар: 

  • Павлодар облысы Ақтоғай ауданының шекарасындағы Сілеті өзенінің арнасын тазалау, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары;
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновский» жолының учаскесінде күрделі жөндеу, 2 көпір орнату;
  • Май ауданы Қаратерек ауылы ауданында Ертіс өзенінің арнасын нығайту және тазарту.

Сондай-ақ, облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, штаб құрылды.

 

СҚО елді мекендерінен 530 текше метр қар шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов хабарлағандай, облыс аумағында су тасқыны қаупінің негізін 4 өзен мен оның салаларының су тасқыны, сондай-ақ жер бетіндегі еріген сулар құрайды.

«Биыл қардың түсуі кейбір жерлерде көпжылдық нормадан асып тұр. Бұл 43-82 мм нормадан 1,5 есе көп. Топырақтың қату тереңдігі 150 см дейін жетеді. Қардың жиналу және қату процесі әлі де жалғасады», — деді Қ. Ақсақалов. 

Оның айтуынша, биылғы су тасқыны болжамы 2019 жылға ұқсас. Су тасқыны қаупі 79 елді мекенде болуы мүмкін.

СҚО әкімі жауапты мемлекеттік органдарға Сергеев, Сілеті және Шағалалы су қоймаларынан суды уақытында ағызып, бос көлемді қамтамасыз етуді сұрады. Өйткені, Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жаппай су жіберу нәтижесінде 2019 жылы Уәлиханов ауданында қиын жағдай орын алған болатын. 

«Тәжірибеге сай, қорғау іс-шараларын іске асыру жөніндегі үш жылдық жоспар әзірленді. Бұдан басқа, өткен жылдары проблемалық учаскелерде 119 км астам топырақ үйінділері мен 7,5 км қорғаныс бөгеттері салынды. Осының арқасында 160-тан астам елді мекенде қауіп-қатер азайды», — деді ол.

10 іс-шараны қамтитын 3 жылдық жол картасы қабылданды.

«Су тасқыны кезінде шұғыл әрекет ету үшін облыста жедел топтар құрылды. Жанар-жағар май, инертті материал және қаптар дайындалды. 895,6 млн теңгені құрайтын облыстық резерв бекітілді, сондай-ақ апаттардың алдын алуға 127 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда елді мекендерден 530 мың текше метр қар шығарылды. Су тасқыны қаупін азайту шаралары туралы халықты ақпараттандыру жұмысы жүргізілуде», — деді әкім Қ. Ақсақалов.

 

Р. Скляр: «Су тасқыны кезеңінің өту мәселесі — ерекше бақылауда»

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында орталық және жергілікті атқарушы органдар елдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және елді мекендерді су басу қаупін азайтуға бағытталған барлық іс-шаралар бойынша өзара іс-қимылды жолға қойған.

«Уақытылы қаржыландыруды процестің барлық қатысушылары тиісті деңгейде қамтамасыз ететін болады. Қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар учаскелерде қажетті резервтер мен мобильді топтар құрылып, ауа райының өзгеруіне тұрақты мониторинг жүргізілуде», — деді Р. Скляр.

Жалпы, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының айтуынша, бұл мәселелер ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.