Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмысы туралы баспасөз конференциясын өткізді.

Журналистердің COVID-19 вирусына қарсы вакцина алу туралы сұрағына жауап бере отырып, білім министрлігінің басшысы вакцинаны 2020 жылы алғанын айтты.

«Мен жыл сайын вакцинация алатын адамдардың санатына жатамын. Тұмауға қарсы вакцинация болсын, аламын. Өткен жылы маған бірден 3 вакцина – отандық вакцина алуға тура келді, содан кейін тұмау мен пневмококк вакцинасын алдым. Вакцина адамзаттың ең үлкен жетістігі деп санаймын», — деді А. Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министр қазіргі уақытта вакцинацияланғандардың жалпы санының шамамен 17%-ы педагогтер екенін хабарлады.

Мұғалімдерді даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс туралы айта келе, министр А. Аймағамбетов мемлекеттік тапсырыс тек орыс мұғалімдерін даярлауға ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерін, дефектологтарды даярлауға артқанын атап айтты. 

«Біз кадрларға деген қажеттілікті көріп отырмыз. Мемлекеттік білім беру тапсырысының өзі қажеттілік негізінде қалыптастырылады. Яғни, егер бүгінгі күні бізге орыс тілі, бастауыш сынып, физика, ағылшын тілі мұғалімдері немесе дефектологтар жетіспейтінін көрсек, тиісінше біз көп грант бөлеміз», — деді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы орыс және ағылшын тілдері оқытушыларының жетіспеушілігі республиканың жекелеген өңірлерінде байқалып отырғанын айтты. Аталған мәселені шешу үшін ҚР БҒМ осы кадрларды даярлауға бөлінетін орындар санын бірнеше есеге арттырды.

Сонымен қатар баспасөз конференциясы барысында алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты сұрақ қойылды. Қазақстандық мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын қазіргі жағдайда ҰБТ тапсыру форматы алаңдатады. Бұл орайда ҚР БҒМ басшысы тестілеу форматы қандай да бір өзгерістерге ұшырамағанын айтып, оны өткізу рәсімі өзгерді ме, жоқ па, соған қатысты жауап берді.

«Бұрын ҰБТ қағаз түрінде қабылданды, яғни балалар келген кезде оларға қағаз сауалнамалар таратылып, олар шеңберлерді бояуы қажет болды. Балалар көп уақытын жоғалтатын, сонымен қатар академиялық адалдық туралы мәселе туындайтын. Биылдан бастап біз электронды ҰБТ-ға көшеміз», — деді ол.

Бұл ретте министр бірқатар артықшылықтарды көріп отыр. Мәселен, биыл  Ұлттық бірыңғай тестілеу 3 ай өткізілетін болады. 

Тағы бір өзгеріс ҰБТ тапсыруға талпыну санына қатысты болды. Енді түлектің 2 талпынысы болады, бұл ретте ол оқу орнына түсу кезінде қорытынды ұпайлардың қайсысын пайдаланатынын өз бетінше шеше алады.

Бұл ретте бірден бірнеше мәселе шешіледі:

  • пандемия кезінде тестілеуді тапсыру үшін оқушылардың жиналмауы;
  • эмоционалды шиеленісті азайту;
  • академиялық адалдық туралы мәселенің шешілуі;
  • уақытты үнемдеу;
  • түлектердің өздері үшін ҰБТ тапсырудың ыңғайлылығы.

Министр жоғары оқу орындарының лицензияларын жабу және қайтарып алу туралы сұраққа егжей-тегжейлі жауап берді.

«Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын арттыруға қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде білім беру процесінің, білім беру қызметтерінің тиісті сапасын қамтамасыз етпейтін жоғары оқу орындарының лицензияларын қайтарып алу тетіктері арқылы көтеруге қатысты тиісті тапсырмасы болды», — деді А. Аймағамбетов.

Мұндайда оқу орындарының иелері өздерінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысатыны түсінікті.

Жабылған жоғары оқу орындарында 66 мыңнан астам студент білім алған. Министрдің айтуынша, олардың барлығы басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылған. Грантта оқығандар оларды сақтап қалды. Ақылы түрде оқығандарға көп жағдайда оқу құны сақталады, ал кейбір жағдайда оқу құны да төмендетіледі. Грант бойынша да, кредиттерді қайта есептеу бойынша да, өзінің білім бағдарламаларын жалғастыру бойынша да бірде-бір студент оқудан тыс қалған жоқ. 

Әрине, оқу орындарын жабумен ғана мәселе шешілмейді. Бас лицензияны қайтарып алумен қатар, белгілі бір білім беру бағдарламалары мен дайындық бағыттары бойынша жұмыс жүргізілуде. Бейінді емес дайындық бағыттары бар. Кейбір жоғары оқу орындарында оқытудың сол бағыты бойынша сапалы білім беру үшін жеткілікті ресурстар, материалдық-техникалық базасы, оқытушылары жоқ.

«Мұндай жағдайларда біз бас лицензияны толығымен емес, белгілі бір даярлау бағыты бойынша лицензияны қайтарып аламыз. Қазіргі уақытта біз даярлау бағыты бойынша 37 ЖОО-дан 143-тен астам лицензиясын алып қойдық», — деді А. Аймағамбетов.

Мысалы, өткен жылы педагогтерді 86 жоғары оқу орны даярлаған болса, қазір оларды 60-тан астам жоғары оқу орны дайындауда. 86 ЖОО-ның барлығында материалдық, техникалық, адам капиталы ресурстары, педагогтерді даярлау үшін жеткілікті базасы болған жоқ. АТ саласында мамандар даярлау, медицина қызметкерлерін даярлау бойынша да осыны айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, кадрларды даярлау бойынша олар сапалы білім бере алатын бағыттар бойынша ғана жұмыс жүргізуі керек.

Министр атап өткендей, лицензияларды қайтарып алу процесі — бұл егжей-тегжейлі регламенттелген процесс. Тексеру тізіміне тек тәуекел тобындағы жоғары оқу орындары ғана кіреді. Тәуекелдерді бағалаудың арнайы жүйесі бойынша тексеру үшін тізім жасалады. Бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым беріледі. Бұл адал ЖОО-лар қателіктері мен кемшіліктерін жоя алатын уақыты болатындай ұзақ процесс. Министрлік ЖОО-ларды жеке және мемлекеттік деп алаламайды және тексерулер кезінде түрлі рейтингтердің нәтижелерін ескермейді. Кез келген ЖОО-да сапасыз білім берілуі мүмкін. Нарық білім беру сапасына қатысты жағдайды өздігінен реттегенше күтуге болмайды. Жүйелі шаралар қабылдануда, оның ішінде сертификаттау мәселесі де бар. Бірақ, министрдің айтуынша, еліміздегі жоғары оқу орындарының көпшілігі жоғары сапалы бәсекеге қабілетті білім беру қызметтерін ұсынып отыр.

Шетелдік жоғары оқу орындарына келетін болсақ, министр атап өткендей, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының біздің нарыққа кіруі оң бағаланып отыр. Мысалы, Алматыда жеке меншік жоғары оқу орындарының бірі Аризона университетімен жұмыс істейді.

«Қазақстанға жаңа заманауи білім беру бағдарламаларын тарту қажет. Бірақ мұның бәрі заңнама аясында жасалуы керек», — деді министр.

Вакцинация туралы сұраққа білім министрі бүгінде отандық вакцинаны сынаудың үшінші фазасы жүріп жатқанын атап өтті. Вакцинаны әзірлеу процесі қатаң бекітілген кесте аясында жүргізілуде.

«Сәуір айының соңында құжаттар тапсырылады деп жоспарлап отырмыз. Еріктілер келіп, қан мен басқа да анализдерді тапсыруы керек белгілі бір уақыт кезеңі бар. Бұл анализдер тексеріледі. Әрі қарай бұл вакцинаны клиникада адамдарға қолдануға болуы үшін құжаттар уәкілетті органға тапсырылады. Бүкіл процесс жоспарға сәйкес жүреді», — деді А. Аймағамбетов.

Жалпы, вакцинаның әзірленуі және оның үшінші кезеңге жетуі —  бұл үлкен жетістік.

«Бұл біздің ғалымдардың ерлігі. Бұл біздің ғылым саласындағы биологиялық қауіпсіздік бөлігіндегі әлеуетімізді көрсетеді. Шын мәнінде біздің институтта вакциналарды дайындау бойынша үлкен тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ғалымдар жұмыс істейді. Біз қазір аталған институтты қолдаймыз. Өздеріңіз білетіндей, бізде вакцина біреу ғана емес. Бұл жағдайда, егер институт шығаратын вакцина туралы айтатын болсақ, мұнда барлық процедуралар мен процестер кестеге сәйкес жүргізілуде. Ешқандай проблемалық мәселелер жоқ. Қазір олар биологиялық бақылауды аяқтап жатыр, содан кейін тиеу жұмыстарын жүргізеді және т.б. Жалпы, барлық жұмыс жүріп жатыр. Осы жылдың сәуір айының соңына қарай біз құжаттарды тапсырамыз, ал бейінді министрлік шешім қабылдайтын болады деп жоспарлаудамыз», — деді А. Аймағамбетов. 

Министрдің айтуынша, ғалымдар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

«Біздің ғалымдар жалпы бес платформа бойынша жұмыс істейді. Векторлық вакцина бойынша біз клиникаға дейінгі сынақтарға жеттік. Сондай-ақ, "тірі" вакцина дайындалуда, ол бойынша біз клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат күтеміз. Біздің ғалымдар барлық бағытта жұмыс істейді, сондай-ақ жануарларға арналған вакциналар жасауды жоспарлап отыр, сонымен қатар зертханада британдық, оңтүстікафрикалық коронавирус штаммдарын зерттеу бойынша жұмыс істеп жатыр. Дәл осы штаммдар алынды, зерттеулер жүргізілуде, сондықтан жұмыс қызу жүріп жатыр», — деді А. Аймағамбетов.

Министр атап өткендей, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, клиникалық сынақтардың екі фазасының қорытындысы бойынша вакциналар пайдалануға жіберілді. Сондай-ақ, үшінші клиникалық фазаның 50%-ында вакцинаны қолдануға рұқсат етілген фактілер болды.

Нормативтік құжаттарға сәйкес үшінші фазаның 50%-ы (қазақстандық вакцинаны әзірлеу) сәуір айында аяқталады. Бұл вакцинаны қолдануға заңды мүмкіндік береді.

«Біздің вакцинаның сәл өзгеше технологиясы бар, ол инактивтендірілген вакцина. Вирус инактивтендірілген жерде әлеуметтік тазарту қосылады, релеванттық және бұл бірқатар артықшылықтар береді деп санаймыз, біздің вакцинада ақуыздар, генетикалық материалдар көп. Біз қазір әртүрлі штамдардың, мутациялардың ұлғаюымен байланысты жағдайды көріп отырмыз, мұндайда вирустың құрылымы өзгереді, біздің вакцинаның артықшылығы, бүтін вирус болған жерде ол штаммдардың мутациясына төзімдірек деп есептейді біздің ғалымдар», — деді А. Аймағамбетов.

Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық ұжымының жалақысын көтеру туралы сұраққа министр қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесінде барлық пайдалы және қажетті өзгерістер көп екенін атап өтті. Бұл академиялық еркіндікті кеңейту, гранттарды арттыру, ҰБТ-дағы өзгерістер. Дегенмен, министрдің пікірінше, оқытушылардың көбіне үш үлкен мәселесі бар. Олар шешілгенге дейін барлық реформалар тиімді болмайды.

Бірінші мәселе — олардың түрлі құжаттармен жүктемеленуі, қағазбастылығы. Бұл тек орта білім беру педагогтеріне ғана емес, жоғары мектеп педагогтеріне де қатысты. Екінші мәселе —  шамадан тыс жүктемелерінің болуы. Оқытушылардың ғылымға және сабаққа сапалы дайындалуға уақыты жоқ. Үшінші мәселе — жалақы мөлшері.

«Өткен жылы Президент Қ. Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында оқытушылардың жалақысын көтеруге қатысты бізге нақты тапсырмалар берді. Біз бұл мәселелерді жүйелі түрде шешеміз», — деді А. Аймағамбетов.

2019 жылы педагогтердің жалақысы 20%-ға, 2020 жылы тағы 20%-ға өсті. Бірақ егер базалық мөлшерлеме төмен болса, онда бұл 20% аз сома. Сондықтан министрлікте ең төменгі жалақы мөлшерін оқытушылар үшін 200 мың теңге, профессорлар құрамы үшін 300 мың теңге көлемінде белгілеу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, жалақысымен бірге мұғалімдердің  жүктемесін көтермеу үшін министрлік 680 сағат максималды жүктеме шегін белгіледі. Бұл маңызды өзгерістерді министрлік білім беру жүйесіне жоспарлы түрде енгізуде.

Жекеменшік жоғары оқу орындарының басшыларымен олардың да профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеруі үшін әңгімелесу жүргізілуде.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу