Мұнай өндіру, газдандыру және инвестициялар тарту — пандемия кезінде Қазақстанның энергетикалық саласы қалай дамыды

Бүгін ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы мен 2021 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, «КЕГОК» АҚ стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры Жандос Нұрмағанбетов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры Мәжит Шәріпов, «KAZENERGY» ЗТБ бас директоры Болат Ақшолақов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр баяндама жасады.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, сала коронавирус пандемиясынан біраз зардап шекті. 

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты өткен жылдың ақпан айынан бастап министрлікте мүдделі компаниялардың қатысуымен құрылған COVID-19  жағдайын бақылау жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді. Жобалардағы жағдай туралы жедел ақпарат күн сайын штабқа тапсырылады.

Қазіргі уақытта барлық компаниялар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда дайындықты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеп бекітті.

«Сондай-ақ, мұнай-газ саласындағы компаниялар әлеуметтік көмекке шамамен 16 млрд теңге бөлді. Біздің әріптестеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстанның отын-энергетика жүйесі пандемия соққысына төтеп берді. Вирусқа қарамастан, мамандар елімізді қажетті энергиямен қамтамасыз ете отырып, электр станцияларында, мұнай өңдеу зауыттарында, кен орындарында, басқа да өндіріс нысандарында жұмысын тоқтатқан емес», — деді Н. Ноғаев.

Ведомство басшысы атап өткендей, коронавирустың таралуы бүкіл әлемдік энергия ресурстар нарығына елеулі әсер етті. Осыған байланысты өткен жылдың өндірістік көрсеткіштеріне түзетулер енгізу қажеттігі туындады. 

Пандемия салдарынан біраз зардап шеккен мұнай өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталсақ: 

2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаға жетті (2020 жылдың жоспарымен салыстырғанда 101% , НКИ – 94,7%). 

2021 жылдың қаңтар айында қолданылған шектеулерді (-17%) ескере отырып, ең пессимистік сценарий бойынша 2021 жылға арналған болжамды өндіру көлемі – 83,4 млн теңге.

«Бұл ретте бүгінгі таңда әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың баға белгіленімдерінің бірте-бірте қалпына келу үрдісі байқалуда. 86 млн тонна жоспарды орындау күтілуде», — деді ол.

2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 68,5 млн тоннаны құрады (2020 жылға 102% НКИ – 94,9%). 2021 жылға арналған жоспар - 67,5 млн тонна.

Мұнай өңдеу көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 15,8 млн тоннаға жетті (2020 жылға 102%, НКИ – 92,3%). 2021 жылға арналған жоспар – 17 млн тонна.

Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 11,5 млн тоннаға жетті. (2020 жылға 102%, НКИ – 90,8%). 2021 жылға арналған жоспар - 12,4 млн тонна.

Қазақстан Үкіметі және ОПЕК+ келісіміне  қатысушы елдер мұнай өндіру көлемін қысқарту шеңберінде қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың бағасы 1 баррель үшін $18–ден $50 долларға дейін өсті.

Осындай бағалармен мұнай экспортынан түсетін есептік пайданың өсімі, өндірісті шектеуді ескергеннің өзінде 2020 жылы шартты түрде $10 млрд және 2021 жылы $14 млрд құрайды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қоймаларындағы мұнайдың коммерциялық қорлары 3214 млн баррельден 3077 млн баррельге дейін төмендеді.

Н. Ноғаев атап өткендей, Теңіз кен орнында құны $45,2 млрд құрайтын келешекте кеңейту жобасы іске асырылуда. Жобаны 2023 жылы аяқтау күтілуде, бұл өндіруді жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобадағы қазақстандық қамту көлемі 36% құрайды. Бүгінгі таңда жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, жоба бойынша жалпы прогресс 81%. 2021 жылы жұмыстар прогресінің күтілетін деңгейі 90% құрайтын болады.

«Қашаған жобасын іске асыруға мемлекеттің тиімді қатысуы туралы Шетелдік инвесторлар кеңесі шеңберіндегі Мемлекет басшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес биыл Қашаған кен орнының шикізаты негізінде құны $860 млн, қуаты 1,150 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысын бастау  жоспарлануда», — деді энергетика министрі. 

Осы жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже – қосымша 800 млн м3 тауарлық газ өндіру және жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ мұнай өндіру көлемін қосымша 10 млн тоннаға дейін өсіру болып табылады.

Бұған қоса, Қашаған кен орнын толық көлемде игеру тұжырымдамасын әзірлеуге дайындық жүргізілуде. Қазіргі уақытта тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезеңінің барлық нысандары пайдалануға берілді, олардың өндірістік қуаты тәулігіне 400 мың баррельді құрап отыр. Дегенмен, министрлік 2020 жылғы мамыр айынан бастап енгізген шектеулерге байланысты орташа тәуліктік өндіру 280 мың баррель деңгейінде тұр.

Қарашығанақ жобасына қатысты газ бойынша өндірістік шектеулерді  алып тастау және газды жер қойнауына кері айдаудың 4-ші компрессоры жобасы сияқты инвестициялық жобалар іске асырылуда. Аталған жобаларды іске қосу өнімді бөлу туралы келісім (ӨБТК) мерзімінің соңына дейін қосымша 18,5 млн тонна сұйық көмірсутегін өндіруге мүмкіндік береді, инвестиция сомасы  $1,678 млрд құрайды.

«Қарашығанақ бойынша көпжылдық келіссөздер аяқталды. Соның нәтижесінде Халықаралық консорциум Қазақстанға $1,3 млрд төлеп, өндірілетін өнімді бөлу әдістемесіне өзгерістер енгізді, бұл келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін шамамен $600 млн әкеледі.

Сонымен қатар, 2020 жылғы желтоқсан айында Қарашығанақ кен орнын кеңейту-1-кезең (ҚКЖ-1) ірі инвестициялық жобасын іске асыру бойынша түпкілікті инвестициялық шешім қабылданды. Бұл газды жер қойнауына кері айдаудың 5-ші компрессорын іске қосуды ескере отырып, сұйық көмірсутегін өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстауға бағытталады. Жобаның бюджеті $970 млн құрайды. Аяқталу мерзімі — 2025 жыл.

2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін (авиакеросин, дизель отыны, мазут, бензин) өндіру көлемі 11,5 млн тоннаны құрады (2019 ж. 90,7%).

ЖЖМ маркалары бөлінісінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс: 

  • автобензин – 4,48 млн тонна (2019 ж. 98,5%);
  • авиакеросин – 438 мың тонна (2019 ж.70,1 %);
  • дизель отыны – 4,55 млн тонна (2019 ж. 94,5%);
  • мазут – 2,1 млн тонна (2019 ж. 74,1%);
  • битум – 1,04 млн тонна (2019 ж. 86,5%).

Бұл жағдай карантиндік шаралардың енгізілуіне орай ішкі нарықта мұнай өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуіне байланысты туындап отыр.

Мәселен, ішкі нарықтағы тауарлардың кідірісін болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі МӨЗ-дегі мұнай өңдеу жоспарын 17 млн-нан 15,5 млн тоннаға дейін түзетті, сондай-ақ дизель отыны мен авиакеросин өндіру деңгейін төмендетті. Бұл ретте жол салу көлемінің өсуіне байланысты битум өндірісі ұлғайтылды.

Сонымен қатар министрлік саланы қолдау мақсатында  мынадай бірқатар шаралар қабылдады: 

  • Қазақстан Республикасынан және Кеден одағы елдерінен тыс жерлерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйым алып тасталды;
  • акцизделетін тауар өндірушілер экспортқа сатылатын бензин және дизель отыны бойынша акциздерді төлеуден босатылды;
  • теміржол, автокөлік және құбыр жолдары арқылы Қазақстан Республикасының аумағына бензин, дизель және әуе отынын әкелуге тыйым салынды;
  • мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензинге, дизель отынына және мазутқа кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері нөлге теңестірілді. 

2019 жылғы шілде айынан бастап тыйым алынған соң бензинді Еуропа және Орталық Азия елдеріне экспорттау басталды. 2020 жылы бензин бойынша экспорт көлемі шамамен 500 мың тоннаны, ал дизель отыны бойынша 180 мың тоннаны құрады.

Қазіргі уақытта ішкі нарық отандық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген.

Президент Жолдауының аясында мұнай өнімдері мен электр энергиясы саласында биржалық сауданы ретке келтіру және жетілдіру, сонда-ақ  бәсекелес саясатты дамыту бойынша тапсырма берілген болатын.

Мәселен, биылғы наурыз айынан бастап бензин мен битумды тауар биржалары арқылы өткізу жоспарланған, бұл ретте өткізу көлемі «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» ҚР Заңының шеңберінде министрлік бекітетін ай сайынғы жеткізу жоспарларына сәйкес анықталатын болады. Дизель отыны мен керосинді тауар биржалары арқылы өткізуді 2021 жылдың 3-ші тоқсанында бастау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 5 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамыту мәселелері туралы» хаттамалық тапсырмасының шеңберінде биылғы жылы өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейін болатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Аталған жобаны іске асыру Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын батысқазақстандық мұнаймен жүктеуге мүмкіндік беріп, Қызылорда облысының мұнай өндіруші компаниялары үшін ішкі нарыққа мұнай жеткізудегі жүктемені төмендетеді, сондай-ақ ішкі нарық пен экспорттық жеткізілімдер арасындағы теңгерімсіздікті жояды. 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 144-бабына, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағына сәйкес мұнай мен газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесін іске асыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда:

  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен бұйрығымен  мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі пилоттық режимде іске қосылды;
  • есепке алу аспаптарымен жарақтандырудың бас схемасы әзірленіп бекітілді; 
  • бүгінгі таңда 4 мұнай тасымалдау ұйымының 3-еуі («КазТрансОйл», «Мұнайтас», Қазақстан-Қытай құбыржолы. 4-ші ұйым «Каспий құбыр консорциумы» ЖШС қосылуда) жүйеге қосылды. 

Тұтастай алғанда, ағымдағы жылы Қазақстан бойынша мұнай өндірудің жалпы көлемінің 60%-ын қамтамасыз ететін ұйымдарды жүйе қосу жоспарлануда.

«Министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі – газ саласын дамыту және газдандыру. 2020 жылы газ өндіру көлемі  55,1 млрд текше метрді құрады (2020 жылдың жоспарына 100%, НКИ - 97,7%). 2021 жылға жоспар 55,8 млрд текше метр газды құрайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша сұйытылған газды өндіру 3,2 млн тоннаны құрады (2019 жылға 100%, өндірістің төмендеуі көмірсутек шикізатын өндірудің төмендеуіне байланысты). 2021 жылға жоспар 3,2 млн тоннаны құрайды», — деді Н. Ноғаев. 

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Президенттің Қазақстан халқына жолдауының шеңберінде 2021 жылдың соңына қарай сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге толық көшіру жүзеге асырылады, бұл осы саланың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында «Газ желісі ұйымдарын» аккредиттеу институты жойылады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша тауарлық газды өндіру 30,5 млрд текше метрді құрады (жоспарға 100% және 2019 жылға 92,1%). 2021 жылға жоспар 30,9 млрд текше метрді құрайды.

2020 жылы 10,7 млрд текше метр көлемінде газ экспортталды (2020 жылдың жоспарына 101%). 2021 жылға жоспар 10,7 млрд текше метрді құрайды.

2020 жылы 51 газдандыру жобасын іске асыру үшін 38,4 млрд теңге бөлінді.

13,8 млрд теңге сомасындағы 19 жобаны аяқтау нәтижесінде елді газдандыру деңгейі 53,07% (2019 жылы 51,47%) құрады немесе 9,84 млн адам табиғи газға қол жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес (2020 жылғы 12 ақпан және 5 қараша) талдау жүргізіліп, құны 302 млрд теңгеден асатын, пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне берілмеген 1 227 нысан анықталды. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 74,5 млрд теңге болатын 318 нысан тапсырылды. 

2020 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған Келісім Байқоңыр қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. 

2021 жылдың соңына қарай халықты газдандыру деңгейі 53,7% құрап, 119 мың адам газға қол жеткізетін болады.

Сонымен қатар 2021 жылы Газ саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу және Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл еліміздің энергия ресурстарын тиімді пайдалануға және газ тарату желілерін салу кезінде бюджет қаражатын оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы инженерлік желілерді цифрландыру бойынша жұмыстарды жүргізуде, бүгінгі күні:

  • шамамен елдің 2 млн абоненті цифрландырылды;
  • газ құбырының магистралдық бөлігінің 19 мың шақырымы цифрландырылды;
  • магистралдық газ құбыры нысандарының 3D моделі жасалды;
  • пилоттық режимде Қостанай қаласының газ тарату жүйесі цифрландырылды.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы:

  • қалалар мен облыстардағы 47 мың шақырым газ тарату желілерін цифрландыру;
  • кеңістіктік деректерді цифрландыру және өзектендіру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни жоғары бөліністегі мұнайгаз-химия өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жаңа кәсіпорындар іске қосылып, хош иісті көмірсутектер, майлар мен полипропилен өндіруші жұмыс істеп тұрған зауыттардың өнім шығару көлемінің ұлғаюына байланысты жыл сайын мұнайгаз-химия өнімдері өндірісінің өсуі байқалады.

Осылайша, 2020 жылы 360 мың тонна өнім шығарылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 есе артық (2020 жылдың жоспарына 103%, НКИ – 155,1%). Экспортталған өнімдердің үлесі 80% құрады.

Бүгінде елімізде майлау материалдарының,  полипропилен, метилл-трет-бутил эфирі, бензол және параксилол өндірісі бойынша жалпы қуаты шамамен 870 мың тонна 5 зауыт жұмыс істеп тұр.  

Бұл ретте, олардың қолданыстағы қуаты 41% немесе 360 мың тоннаны құрайды.

2021 жылға арналған мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жоспары 400 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мұнайгаз-химия өндірісін жеделдету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау міндетін қойды.

Бұл мәселені шешу мынадай түрде ұсынылады:

Ағымдағы жылы Мұнайгаз-химияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жобаны әзірлеу жоспарлануда, ол проблемалық мәселелерді шешуге баса назар аудара отырып, саланы нақты дамытуға мүмкіндік береді, атап айтқанда:

  • мұнайгаз-химия жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету;
  • мұнайгаз-химия кластерін құру;
  • одан әрі қайта бөлуді дамыту.

Сонымен қатар, Шетелдік инвесторлар кеңесінің тапсырмасы шеңберінде МГХ жобасын іске асыру кезінде оның қажеттіліктерін ескере отырып, Үкімет пен инвестор арасында жеке келісім әзірлеу пысықталуда.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай 5 зауыттың құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді.

  • қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт (Атырау облысы);
  • қуаты жылына 57 млн м3 азот және 34 млн м3 құрғақ сығылған ауа өндіретін техникалық газдар шығаратын зауыт (Атырау облысы);
  • Шымкент мұнай-химия зауытының  шикізат базасында қуаты жылына 80 мың тонна полипропилен және қуаты жылына 60 мың тонна бензинге арналған октан көтеретін қоспалар өндіретін зауыт (Шымкент қ.);
  • қуаты жылына 430 мың тонна полиэтелентерефталат өндіретін зауыт (Атырау облысы);
  • қуаты 182 мың тонна метанол (82 мың тонна) және гликоль (100 мың тонна) өндіретін зауыт (Орал қаласы).

Осылайша, күтілетін нәтиже 2005 жылға қарай өндіріс көлемі 9 есеге артып, 2,0 млн тонна мұнайгаз-химия өнімін құрайды, ел экономикасына инвестициялар көлемі шамамен $3,9 млрд құрайды.

«Осылайша, базалық мұнайгаз-химия өнімдерін өндіру мұнайгаз саласында терең өңдеуді дамыту үшін берік негіз болады, бұл біздің шикізат экономикасын әртараптандыру және технологиялық дамуға ұмтылу жөніндегі стратегиямызға сәйкес келеді», — деді ол.

Бүгінгі күні жер қойнауын пайдалануға арналған  269 келісімшарт, оның ішінде көмірсутектер бойынша 247 келісімшарт, уран бойынша 22 келісімшарт жасалды. 2020 жылы 11 келісімшарт жасалды. 

Геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялардың көлемі 100 млрд теңгені құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы 10,2 млрд теңгені құрады. 

Сонымен қатар Нұрлан Ноғаев жер қойнауын пайдалануға құқық беру жөніндегі аукциондарды электрондық форматта өткізу туралы баяндады. 

«Министрлік барлық қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдады және жүйені іске қосу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізді. Жүйе 2020 жылғы 1 қыркүйекте іске қосылды және өткен жылдың 23 желтоқсанында сомасы 61 млрд теңгеге барлау және өндіру құқығын беру бойынша алғашқы онлайн аукцион өткізілді. Электрондық аукционға қол қойылған бонустың жалпы бастапқы мөлшері 400 млн теңгені құрайтын 10 жер қойнауы мұнай-газ учаскелері шығарылды», — деді министр.

Аукциондар бойынша нәтижелер оң болып, 8 учаске бойынша сауда-сатық өткізілді, онда қол қойылған бонустардың қорытынды жиынтық мөлшері 1,5 млрд теңгені құрады,  көмірсутектерді әзірлеу және өндіру үшін учаскелердің жиынтық ауданы 22 мың шаршы шақырымды құрады.

Алғашқы электрондық аукциондардың қорытындысы бойынша оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірледік, ағымдағы жылы осы ұсыныстар мемлекеттік органдардың қарауына жолданылып, қажет шаралар қабылданады. 

Сонымен қатар Нұрлан Ноғаев осы жылы екінші аукцион өткізілетінін айтты. Оған 15 мұнай-газ жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығы шығарылады, сауда-саттықты өткізу ағымдағы жылдың 23 сәуіріне жоспарланған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көмірсутек шикізаты және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алудың жалпы көлемі шамамен 5,4 трлн теңге болды. Сонымен қатар, отандық қамту аталған сатып алуда 46% құрады.

Пандемия кезінде жергілікті кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер жер қойнауын пайдаланушыларға қазақстандық тауарларды конкурстық рәсімдерді өткізбестен, бір көзден сатып алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін екі бастаманы жүзеге асыруда: біріншісі – Жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру, соның ішінде отандық IT әзірлемелерін ілгерлету; екіншісі - халықаралық мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі орталық құру.

10 жыл ішінде еліміздің жалпы ішкі өніміне Қор қызметінің оң әсері шамамен $642 млн құрайтын болады, ал  халықаралық орталық 3 ірі оператордың (НКОК, КПО и ТШО) қажеттілігі үшін сервистік компаниялардың/жергілікті өндірушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру мен жеткізуде кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. 

2020 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 108 млрд кВтсағ құрады. Бұл ретте, электр энергиясын тұтыну 107,3 млрд кВтсағ құрады, бұл еліміздің электр энергиясына қажеттілікті толығымен қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. 

2020 жылы қуат нарығы шеңберінде электр энергиясын өндіру секторына тартылған инвестициялар көлемі 82 млрд теңгеден асты.

Республикалық бюджет есебінен 31,4 млрд теңге сомасына 24 жоба іске асырылады, оның ішінде 6 жоба аяқталды. 

6 жобаны іске асыру шамамен 120 мың адамды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауға; 18,1 мың адамды және 10 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бюджетке түскен салық кірістері 5 млрд теңгеден астам соманы құрайды.

Электр энергетикасы саласына инвестициялар ағынын ұлғайту мақсатында Министрлік электр станцияларын жаңғырту, реконструкциялау және жаңарту үшін шекті жол берілетін лимитті жылына 10-нан 30 млрд теңгеге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдады.

Маневрлік қуаттар құрылысын ынталандыру үшін қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамаға түзетулер енгізілді.

2021 жылы 109 млрд  кВт сағ электр энергиясын өндіру жоспарланған.

«Биыл «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес маневрлік қуаттар құрылысын ынталандыру және Гидроэнергетиканы дамыту жоспарын іске асыру жұмысы жалғасатын болады. Дамудың ұзақ мерзімді трендтерін талдау көміртексіз энергия көздері барған сайын сұранысқа ие болып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстанның энергетикалық кешенін дамыту векторларының бірі ретінде соңғы жылдар ішінде жаңартылатын энергия көздері ұстанылуда», — деді энергетика саласының басшысы. 

2020 жылы «жасыл» экономика тұжырымдамасы шеңберінде міндеттемелер орындалды, елдің жалпы энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі 3%-ға дейін жеткізілді.

Соңғы 5 жылда жаңартылатын энергия көздері нысандарының белгіленген қуаты шамамен 7 есеге – 2015 жылғы 240 МВт-тан 2020 жылы 1634,7 МВт-қа дейін өсті. 

2020 жылдың қорытындылары бойынша республикада жұмыс істеп тұрған 115 жаңартылатын энергия көздері нысаны бар, олардың жиынтық қуаты 1634,7 МВт (ЖЭС – 486,3 МВт; КЭС – 911,6 МВт; СЭС - 229,04 МВт; БиоЭС - 7,82 МВт). 

Жаңартылатын энергетика нысандары өндіретін электр энергиясының көлемі 3,2 млрд кВт/сағ құрады. 

Нұрлан Ноғаев осы салаға шамамен $1,5 млрд инвестиция тартылып, 1310 тұрақты жұмыс орны құрылғанын айтты, сондай-ақ ел өңірлерінде жыл сайын шамамен 3000 уақытша жұмыс орны ашылуда. 

2021 жылы жалпы қуаты 381,1 МВт болатын 23 жобаны іске асырып, шамамен  $370 млн инвестиция тарту жоспарлануда.

Биыл шамамен 3,5 млрд кВт/сағ жаңартылатын энергия өндіру жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, 2021 жылы жаңартылатын энергия көздері бойынша онлайн-аукциондар өткізу үшін платформаны одан әрі дамыту жоспарлануда.

«Қазақстан әлемнің табиғи уран нарығында көшбасшылық орынды сақтауды жалғастыруда. Республика уранның әлемдік өндірісінің 42% өндіреді. Жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі 19 586,6 тоннаны құрады. Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі өзара есеп айырысу туралы келісім шеңберіндегі мәселе реттелді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының бюджетіне 137,3 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат түсті», — деді министр. 

Атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Осылайша, елімізде ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена Конвенциясы шеңберінде халықаралық міндеттемелер іске асырылатын болады.

2021 жылға арналған уран өндіру жоспары 22 575 тоннаны құрайды.

2021 жылы жалпы ауданы 18 311 шаршы км құрайтын бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын кешенді экологиялық тексеруді аяқтау жоспарлануда.

Зерттеу нәтижесінде бұрынғы сынақ аумағының радиоэкологиялық жағдайы айқындалатын болады.

Семей сынақ полигоны жабылуының 30-жылдығына орай полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» ҚР Заңын қабылдау жоспарлануда.

Жылыту маусымының өтуі. Биылғы жылыту кезеңі штаттық режимде өтіп жатыр, тұтынушылар электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Республика бойынша ірі технологиялық бұзушылық тіркелген жоқ.

Тұтастай алғанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы барлық жылу электр орталықтары мен қазандықтар жылу энергиясын жылу желілеріне берудің температуралық графиктерін сақтауда.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша энергия көздерінің отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір және 106,2 мың тонна мазут жинақталған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Көмірсутегі мен жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау. Көмірсутегі бойынша жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіру, газ және газбен жабдықтау саласында 2020 жылы 170 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін 2020 жылы 694 млн теңгеге айыппұл салынды.

108 лицензия берілді, олар бойынша лицензиялық алым сомасы 8,5 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар 2020 жылы шикі газды алау етіп жағуға  208 рұқсат берілді және 10 газ желісі ұйымы аккредиттелді.

 2020 жылы министрлік 104 құқықтық акті қабылдады: 

  • 3 Заң; 
  • 1 Президент жарлығы; 
  • 28 Үкімет қаулысы;
  • 2 Премьер-Министр өкімі;
  • 70 энергетика министрінің бұйрығы.

Ағымдағы жылы 7 заң жобасын қабылдау жоспарлануда, оның ішінде атомной энергиясын пайдалану бойынша және Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы және оған ілеспе заң жобалары бар.

Сонымен қатар, Парламент Мәжілісі депутаттарының заңнамалық бастамасы шеңберінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша түзетулер бойынша заң жобасы әзірленді.

«Жаңа үрдіс жағдайында жаһандану және экономикалық даму процестері бүкіл әлемді өз тәсілдерін қайта қарауға мәжбүрледі. Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі («Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты)  Жолдауында барлық реформалардың негізгі құрамдас бөлігі ретінде цифрландыру бойынша стратегиялық міндетті белгілеп берді. Дегенмен, цифрландыру және ақпараттық технологияларды пайдалану шеңберінде Энергетика министрлігі аса маңызды болып табылатын ақпараттық қауіпсіздікті де назардан тыс қалдырмайды», — деді энергетика министрі.

Мәселен, мемлекеттік органның бүкіл ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын ақпараттандыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келтірдік.

Сонымен қатар, мәліметтердің жария болуын азайту шеңберінде дербес деректерді және қызметтік ақпаратты қорғау бойынша шаралар қабылдануда.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры Мәжит Шәріпов өткен жыл барлық елдер үшін оңай болмағанын, пандемия өнеркәсіптің барлық салаларына әсер еткенін, күрделі жағдайларға қайта бейміделуге тура келгенін баяндады.

Осылайша, 2020 жылы канадалық Cameco компаниясынан уранды аффинаждау және конверсиялау технологиялары өтеусіз және мерзімсіз негізде алынды. Қазіргі уақытта қуаты жылына 6 000 тонна уранның шала тотығының аффинаж өндірісін құру мәселесі пысықталуда.

«Қазатомөнеркәсіп ҚР заңнамасын 1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына сәйкес келтіру жөніндегі жұмысқа қатысты. 2020 жылғы мамырда "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданды және бұл ҚР атом саласын дамыту және ҚР-да ЖБҚ зауытын салу, АЭХА ТБУ банкі сияқты маңызды жобаларды іске асыру үшін маңызды болып табылады», — деді М. Шәріпов.

 Сондай-ақ, отын жобасы бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Ядролық отын циклі уран өндіруден бастап атом станциялары үшін ядролық отын өндіруге дейінгі қайта бөлуді қамтиды.

Уран өндіру бойынша. 2020 жылғы наурызда ҚР-да коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін Қазатомөнеркәсіп еншілес және тәуелді ұйымдар қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдады. Оның ішінде, жұмыс орындарында жұмысшылардың бір жолғы қатысуын азайту мақсатында тау-кен дайындық және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары тоқтатылды. Осыған байланысты 2020 жылға арналған өндірістік және қаржылық жоспарлар жедел түзетілді.

«2020 жылғы 7 сәуірде біз уран өндіру бойынша жоспарлы көрсеткіштерді 22,7 мың тоннадан 19,7 мың тоннаға, ал уран шығару бойынша 22,7 мың тоннадан 19,5 мың тоннаға қысқарту туралы жарияладық», — деді М. Шәріпов.

Қоғам еншілес және тәуелді ұйымдар қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдады, сондай-ақ 2021 жылға өндірістік көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қорлар дайындауды орындады.

Тұтастай алғанда, қабылданған шаралар уран өндіру және шығару жөніндегі жоспарларды орындауға: 19,6 мың тонна уран өндіруге және 19,5 мың тонна уран шығаруға, сондай-ақ 2020 жылы қаржылық көрсеткіштерді орындауға мүмкіндік берді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп өндіру саласында ғана емес, сату саласында да әлемдік көшбасшы мәртебесін сақтап қалды. Компания 16 мың тоннадан астам табиғи уран сатты. Бұл ретте ол жеткізу географиясын кеңейтуді және әлемдегі ірі энергия компанияларының өнімдерін өткізуді жүзеге асыра отырып, жаһандық ядролық тізбектегі сенімді жеткізуші ретіндегі өз позицияларын нығайтуды жалғастыруда. Осылайша, 2020 жылы компанияның клиенттер базасына бірнеше американдық энергетикалық компаниялар қосылды.

Сонымен қатар, 2020 жыл ішінде ядролық отын циклы саласында, оның ішінде ҚР аумағында ЯОЦ жаңа буындарын құру бойынша жұмыс жалғастырылды.

«Аффинаж жобасы, 2020 жылдың басында атап өтілгендей, біз уранды аффинаждау және конверсиялау технологияларын алдық. 6000 тонна ядролық тазалықтағы шала тотықты-тотықты аффинаж өндірісін құру жобасының ТЭН-і әзірленді, ТЭН сараптамадан өтті және қазір Қазатомөнеркәсіп жобаны одан әрі іске асыру бойынша экономикалық орындылық пен техникалық шешімдерді қарастыруда. Бұл жерде сұйық радиоактивті қалдықтардың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік беретін технологиялар екенін атап өткім келеді, бұл жалпы экологиялық жағдайды жақсартады», — деді компания басшысы.  

Отын жобасы бойынша. Дүниежүзілік пандемияның жобаны іске асыру мерзімдеріне теріс әсеріне қарамастан, 2020 жылы Қазатомөнеркәсіп қытайлық CGN-URC компаниясымен бірлесіп ҮМЗ базасында жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) өндіру зауытының құрылысын аяқтады.

«2021 жылы зауыттың өндірістік желісін сертификаттауды технология иесі – француздық Framatome компаниясы аяқтап, ЖБҚ коммерциялық өндірісін бастау жоспарлануда. Егер ҚР, ҚХР, Франция/Германияда COVID-ке қатысты жағдай нашарламаса және зауыт ҚХР тарапынан ЖБЖ сертификатталған жеткізушісі болып уақтылы танылатын болса, онда ЖБЖ бірінші партиясын 2022 жылғы шілдеде ҚХР-дағы АЭС-қа қою жоспарлануда», — деді М. Шәріпов.

 Директор атап өткендей, компания қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және қолдауға, компания қызметіне қатысы бар басқа тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өндірістік қызметті жүзеге асыру орындарында экологиялық қауіпсіздікті және табиғи ортаны сақтауға толық жауапкершілікті сезінеді.

Өндірістік қауіпсіздік саласында нөлдік көрсеткіштерге қол жеткізуге және басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылуда.

Айта кету керек, пандемия көптеген салаларда цифрландыру процестерін жеделдетті. Атом саласы да бұдан тыс қалмады. Цифрлық ақпараттық жүйелерді енгізу күнделікті міндеттерді іске асыруға уақыт пен ресурстардың шығындарын оңтайландыруға көмектеседі, бұл компаниядағы бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

2020 жылы Қазатомөнеркәсіп компания қызметін жетілдіру үшін цифрлық экожүйені қалыптастыруға бағытталған бірқатар ірі автоматтандыру жобаларын іске асыруды аяқтады: SAP ERP; жоспарлаудың интеграцияланған жүйесі; CRM жүйесі; тау-кен-геологиялық ақпараттық жүйенің (МГИС) пилоттық жобасы.

Жалпы, 2020 жылы қоғамда цифрлық трансформация бағдарламасын іске асырудың таза пайдасы болжам бойынша 1,9 млрд теңгені құрады. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде жоспар бойынша 7,9 млрд теңге мөлшерінде таза пайда күтілуде.

«Жабдықтар мен материалдарды қайта өңдеу немесе қайта пайдалану» жобасы. Компания директорының айтуынша, бұл іс-шараның мәні тау-кен дайындық жұмыстары кезінде материалдар мен жабдықтарды қайта пайдалану процестерін жетілдіру, сол арқылы бюджетті жаңа материалдар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсамау, сондай-ақ аталған материалдарды жою жұмыстарын жүргізгенге дейін қалдырмау болып табылады.

Екінші жоба, өндірістік активтерді басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындық жұмыстары. Бұл әдісті қолданудың негізгі мақсаты — тәуекел факторын бағалау негізінде өндірістік жабдықтардың жұмысын тексеру. Бұл әдістеме персоналдың жарақат алу қаупін азайтуға және жабдықтың жоспардан тыс істен шығу санын азайтуға мүмкіндік береді.

Үшінші жоба «Өндірістік қауіпсіздік» басымдығы және «Жасыл ойлау – Грин майндсет» атты энергия ресурстарын тұтынуды қысқарту шеңберінде іске асырылуда.

«Өнеркәсіптік цифрландыру» басымдығы шеңберіндегі тағы бір жоба AR / VR технологиясын дамыту болып табылады, ол жөндеу жұмыстарының әртүрлі түрлерін модуляциялауға мүмкіндік береді, сол арқылы әлеуетті өндірістік тәуекелдердің пайда болуының ықтимал тәуекелін болдырмайды.

Бұдан басқа, Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуде. 2020 жылы еншілес және тәуелді ұйымдар бойынша 146 іс-шара орындалды.

Озық технологиялар ретінде кәсіпорындар гелиосу қыздырғыштарын, реактивті қуат компенсаторларын, сорғы қондырғыларының электр қозғалтқыштарына арналған жиілікті-реттелетін жетектерді, жылу энергиясын кәдеге жаратуға және сақтауға арналған рекуператорларды пайдалануға енгізді. Энергия үнемдеу шаралары бойынша экономикалық тиімділік – 847 130 мың теңгені құрады, жоспар бойынша – 910 637 мың теңге.

2020 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен еншілес және тәуелді ұйымдардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелеріне (ҒЗТКЖ) 74 шарт жасалды. Өндіріске 32 ҒЗТКЖ енгізілді. Компания өнертабысқа/пайдалы модельге патент беруге 17 өтінім берді, сондай-ақ өнертабысқа/пайдалы модельге 18 қорғау құжатын алды.

Қазатомөнеркәсіп зияткерлік меншік объектілерінің саны бойынша ҚР жер қойнауын пайдаланушы компаниялар арасында көшбасшы болып табылады.

2020 жылы ҒЗТКЖ-ға жүйелі кешенді тәсілді жақсарту шеңберінде Қазатомөнеркәсіптің ғылыми-технологиялық даму саясаты өзектілендірілді, онда ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттары айқындалды.

Қазатомөнеркәсіптің ғылыми қызметін үш ғылыми корпоративтік орталық жүзеге асырады: «ЖТИ» ЖШС ғылыми институты, «Волковгеология» АҚ ғылыми орталығы, «ҮМЗ» АҚ ғылыми орталығы.

Сондай-ақ бәсекелестік артықшылықтарды сақтау мақсатында Қазатомөнеркәсіп қазіргі заманғы трендтерге сүйене отырып, заманауи цифрлық технологияларды қолданады, осылайша 2020 жылы жасанды интеллект пен Big Data қолдана отырып, әртүрлі жүйелерді әзірлеу бойынша ҒЗТКЖ жобалары басталды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерінің құрылымын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2015 жылдан бастап 2020 жылдың соңына дейінгі кезеңде еншілес және тәуелді компаниялардың санын 82-ден 40 бірлікке дейін қысқарту жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта активтер құрылымын оңтайландыру процесі бойынша жұмыс жалғасуда.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде 2021 жылға арналған басым міндеттерді айқындады, олар::

  • Digital KAP;
  • дайын өнім мен қаптаманың сапасы;
  • ядролық-отын циклі;
  • өсудің жаңа көздері;
  • тәуекел-мәдениетті дамыту;
  • тиімді коммуникациялар.

Осы басым міндеттер шеңберінде Қазатомөнеркәсіп уран нарығында көшбасшылық позицияны сақтап қана қоймай, қосылған құны бар өніммен жаңа қайта бөліністерге шығуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруды жалғастырады. Қойылған міндеттерді іске асыру Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайтады және халықтың әл-ауқатын арттырады.

«KAZENERGY» ЗТБ бас директоры Болат Ақшолақов 2020 жылы Министрлікпен бірлесіп жер қойнауын пайдалануды заңнамалық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілгенін және ол жалғастырылып жатқанын айтты. 

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысына енгізілген «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының ұсыныстарына байланысты әзірленетін көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық келісімдер мәселелері бойынша түзетулерді дайындауға басты назар аударылып отыр. Жер қойнауы туралы кодексті әзірлеуге Қауымдастық атынан қатысқан сарапшылар министрлікке осы жұмыста көмек көрсетеді. 

«Шетел инвесторларының мәселелерімен қатар, барлық жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жетілдіруге және жалпы реттеуге қажеттілік туындаған тұжырымдамалық сәттердің тұтас бір блогы бар екенін атап өткім келеді», — деді Б. Ақшолақов. 

Атап айтқанда:

1) қорлар бойынша есептілік реформасын іске асыру мәселелері;

2) қазіргі уақытта жаңа моделі талқыланып жатқан ҒЗТКЖ бойынша аударымдар тетігін реформалау мәселелері;

3) геологиялық барлауға инвестицияларды жалпы ынталандыру мәселелері;

4) жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасын жетілдіру, көмірсутектер саласындағы жоюды, лицензиялауды қамтамасыз ету және басқа да мәселелер.

«Біздің ойымызша, алдағы кезеңде мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін шетелдік, сондай-ақ ұлттық инвесторлардың мәселелерін де ескеру үшін жоғарыда айтылғандардың бәрі Жер қойнауы туралы кодекске енгізілген түзетулерде көрініс табуы керек. Егер жалпы сипаттағы мәселелер басқа заң жобасында айтылатын болса, онда осындай заң жобасын үкіметтік жоспарда есепке алу қажеттігіне Министрлік басшыларының назарын аударғым келеді», — деді компания басшысы.  

Сонымен қатар, министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың қолдауымен 2020 жылы Салық кодексіне қауымдастықтың бірқатар бастамалары енгізілді. 

Оның ішінде: 2018-2020 жылдары жер қойнауын пайдаланушылардың салық жүктемесін шамамен 5 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік беретін жерасты суларына ПҚӨС мәселелері бойынша және басқа да мәселелер бойынша түзетулер енгізу.

Қазір жұмыс жүргізіліп жатқан кейбір маңызды мәселелер:

1) ЭСА жоспарында ағымдағы және болашақ теңіз жобаларын мемлекеттік қолдау бойынша ҚМГ ҰК ұсыныстарын іске асыру;

2) газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын мемлекеттік қолдау бойынша ҚТГ ұлттық операторының ұсыныстарын іске асыру;

3) жоғарыда аталған арнайы инвестициялық келісімдер негізінде жасалатын болашақ келісімшарттарға және инвестициялық келісімдер жасалған күнгі салық және кеден режимдерін тұрақтандыруды қоса алғанда, оларды фискалдық ынталандырудың басқа да шараларына АНН қолдану саласын кеңейту.

4) фискалдық ынталандыру шеңберінде өндірілген және рентабельділігі төмен кен орындарын қолдау үшін қосымша шаралар пакетін әзірлеу.

Министрліктің тапсырмасы бойынша Қауымдастық жыл сайын сала компанияларының өндірістік-қаржылық қызметіне мониторинг жүргізеді. 2020 жылы жалпыға бірдей белгіленген салық режимі шеңберінде жұмыс істейтін 26 жер қойнауын пайдаланушыға мониторинг жүргізілді. Қосымша 48 жер қойнауын пайдаланушының өндірістік-қаржылық қызметіне төмен мұнай бағасының әсеріне талдау жүргізілді.

2021 жылы Қауымдастық төмендегі іс-қимылдарға қатысады:

1) электрондық сауда (бензин, дизель отыны, битум және сұйытылған мұнай газы) және басқа да мәселелер арқылы мұнай өнімдерінің ішкі нарығында нарықтық қатынастарды жетілдіру;

2) ЕАЭО мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың ортақ нарықтарын қалыптастыру саласындағы заңнаманы дамыту.

«Қауымдастықтың бірқатар ұсыныстары қабылданған ОЭК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңартуды 2020 жылғы жұмыстың маңызды нәтижесі деп санаймыз. ЖЭК шығындарын өтеу, маневрлік қуаттар салу, ЭӨҰ-ның реттеу қуатын құруға қатысуы туралы түзетулерге және электр энергиясын өндіру кезінде рентабельділіктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізуге көп көңіл бөлінді», — деді Б. Ақшолақов. 

Өткен жылғы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі - жаңа экологиялық заңнама болды. Мәжілістің жұмыс тобында Қауымдастықтың бірқатар маңызды ұсыныстары қолдау тапты:

1) ҚҚС үшін су айдауды нормалауды болдырмау; 

2) қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға беру сәтіне дейін қалдықтарды тиісті басқарғаны үшін жауапкершілікті шектеу; 

3) КЭР-ге ауыспайтын ЭСА үшін төмендету коэффициенттерін сақтау;

4) жаңа санкцияны бөлу (экономикалық пайда): жаңалары үшін – рұқсат немесе декларация болмаған кезде, қолданыстағылары үшін – экологиялық заңнаманы бұзу нәтижесінде ақша қаражатын үнемдеу түрінде;

5) АМЖ енгізу мерзімін 2021 жылдан 2023 жылға ауыстыру

ЕАЭО техрегламенттері деңгейінде мына мәселелер пысықталды:

1) магистралдық құбыр мен объектілер, ғимараттар мен құрылыстар арасындағы ең аз қашықтықты белгілеу жөніндегі талаптарды алып тастамау туралы;

2) 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін мұнай қауіпсіздігі жөніндегі техрегламенттің өтпелі ережелерін белгілеу туралы.

Магистралдық құбырларға қойылатын және газ қауіпсіздігі туралы талаптар бойынша ЕАЭО техрегламенттеріне қойылатын стандарттар тізбесін келісу бойынша жұмыс жалғасуда.

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев сөз сөйледі.

Пандемия, жаһандық экономикалық өсудің баяулауы, сондай-ақ ОПЕК+ келісімі аясындағы шектеулер компанияның өндірістік көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етті. Мұнай және газ өндіру, мұнай тасымалдау және өңдеу көлемдері бойынша, сондай-ақ газды экспортқа өткізу бойынша айтарлықтай төмендеу байқалды. 

Алайда, Үкіметтің, Энергетика министрлігінің және Қазмұнайгаздың бірлескен шараларының арқасында келеңсіз әсерді азайтуға және келеңсіз салдарын болдырмауға мүмкіндік туды — өндіріс тоқтатылған жоқ және өндірістік персонал қысқартылған жоқ. 

Бұл шаралар негізгі жобаларды іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік берді. Мысалы, Тайсойған блогында сейсмикалық барлау жұмыстарының рекордтық көлемі жүргізілді, онда бұрғылау қорытындысы бойынша алынатын қорлардың өсімі 127 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін құрылымдар бөлінді. ЕМГ барлық кен орындары бойынша алынатын қалдық ресурстардың 81 млн тоннаны құрайтынын ескере отырып, блоктың анықталған әлеуеті кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосады.

Алик Айдарбаев Үкімет Қаулысымен және министрдің бұйрықтарымен экспорт акцизді төлеуден босатылғанын, ал ашық және қара мұнай өнімдеріне кедендік баждар нөлденгенін атап өтті. Сондай-ақ, ЕАЭО елдеріне мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым алынып, Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізуге конвенциялық тыйым салынды. Нәтижесінде, 2020 жылы Қазақстан ақшыл мұнай өнімдерінің рекордтық көлемін экспорттады, ал елдің ішкі нарығы отандық өндірістің мұнай өнімдерімен жүз пайызға қамтамасыз етілді.

«Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қарашығанақ жобасының мердігерлері арасындағы реттеу туралы келісімге қол қоюда ерекше рөл атқарды. Дауды шешу нәтижесінде республика $1,3 млрд мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы, сондай-ақ басқа да бірқатар қосымша инвестициялық уағдаластықтар алды. Министрлік төрелік процестің бастапқы кезеңдерінде ҚМГ мен ҚМГҚ-ның дауды реттеу жөніндегі төлемдерге қатыспауы жөніндегі мәселені қолдағанын еске салғым келеді, осыған байланысты шетелдік мердігерлік компаниялармен және ҚР Үкіметімен, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "ҚМГ-Қарашығанақ" ЖШС-мен бірқатар келіссөздерден кейін қаржылық салымды төлеуден және ол бойынша салықтық төлемдерден босатылғанын еске салғым келеді», —  деді А. Айдарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен салыстырғанда мұнай мен мұнай өнімдеріне кедендік әкету баж мөлшерлемелерінде диспаритет байқалады. Жүргізілетін салықтық маневр шеңберінде Ресей Федерациясы жыл сайын кедендік әкету баждарының ставкаларын төмендетеді (2024 жылға қарай толық нөлденумен). Ағымдағы фискалдық жүктеме сақталған жағдайда Қазақстанда экспорттық нарықтарда ресейлік өнімдермен бәсекеге түсу қиын болады. Сонымен қатар, қазақстандық мұнай өнімдерін РФ-дан кері экспорттау қаупі туындайды.

«Осыны негізге ала отырып, мұнай мен мұнай өнімдеріне кедендік әкету баждарын оларды толық нөлдендіре отырып кезең-кезеңімен төмендету үшін осыған ұқсас салық реформасын жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Сонымен қатар, Салық кодексінің бөлігінде ұсыныстар бар. Мәселен, қолданыстағы Кодексте мұнай берушілер (алыс-берістер) үшін ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттау кезінде акциз алу көзделген. Бұл норма Қазақстанда және импорттаушы елде бір тауарға акцизмен қосарланған салық салуға әкеп соғады», —  деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы.

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі Үкіметтің қаулысына мұнай берушілер мұнай өнімдерін экспорттау кезінде акцизді нөлге келтіру бөлігінде өзгерістер енгізуге бастамашылық жасады. ҚМГ мұндай норманы Салық кодексінде тұрақты негізде бекітуді ұсынады. А. Айдарбаев бұл шаралардың кумулятивтік әсері Қазақстанның экспорттық әлеуетіне оң әсер етеді және біздің мұнай өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп есептейді.

«Бізге жер қойнауын пайдалану жобаларын сатып алу және Әл-Фараби және Қаламқас-теңіз-Хазар теңіз блоктары, сондай-ақ құрлықтағы бірқатар жер қойнауы учаскелері бойынша стратегиялық әріптестерді тарту бөлігінде одан әрі қолдау қажет. Энергетика министрлігі мен ҚМГ арасындағы ағымдағы келіссөздер сындарлы сипатқа ие, олардың нәтижелері мемлекет үшін де, инвесторлар үшін де мүдделер теңгерімін сақтайды. Әл-Фараби жобасы бойынша келіссөздер жақын арада аяқталады деп ойлаймыз және бұл Каспийде геологиялық барлауды жүзеге асыруға серпін береді», —  деді ол.

ҚР Энергетика министрлігінің алқа отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр қатысты. Алқаны қорытындылай келе, Роман Скляр ағымдағы жылы министрліктің алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылғанын атап өтті.

Осылайша, министрлік теңіздегі болашақ кеңейту жобасы, газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау және Қарашығанақтағы газды кері айдаудың 4-компрессоры жобасы сияқты негізгі ірі жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

«Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлар кеңесі шеңберіндегі Қашаған жобасын іске асыруға мемлекеттің тиімді қатысуы туралы хаттамалық тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы қуаты 1,150 млрд м3 шикі газ Қашаған кен орнының шикізаты базасында газ өңдеу зауытының құрылысын бастау қажет. Елбасының "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Жолдауы аясында Мемлекет басшысы биржалық сауданы, соның ішінде мұнай өнімдері саласын тәртіпке келтіруді және жетілдіруді тапсырды. Осыған байланысты, Энергетика министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың наурыз айында тауар биржалары арқылы мұнай өнімдерін өткізуді бастауды қамтамасыз етуі қажет», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ағымдағы жылы өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейінгі «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің құрылысын аяқтау және 2021 жылдың соңына қарай сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы өткізудің толық өтуін жүзеге асыру қажет, бұл осы саланың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін береді.

Сондай-ақ Роман Скляр газ саласын дамытудың Кешенді жоспарын бекітуді және Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын өзектендіруді тапсырды, бұл елдің энергия ресурстарын тиімді пайдалануға және газ тарату желілерін салу кезінде бюджет қаражатын ұтымды бөлуге мүмкіндік береді. Газ саласын дамытудың Кешенді жоспары бекітілгеннен кейін газ тасымалдау жүйесін сапалы жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мұнай-газ химиясы өндірісін жеделдету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау міндетін қойды. Осыған байланысты осы саланың ел үшін маңыздылығын ескере отырып, мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жобаны іске асыруды және инвестициялық келісімді әзірлеуді бақылауда ұстау қажет.

Алқа отырысын қорытындылай келе, Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы мен Үкіметтің бағдарламалық құжаттарының міндеттерін уақытылы орындаудың маңыздылығын атап өтті. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу