Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Өңдеу өнеркәсібінің даму серпінін қамтамасыз ету қажет — А. Мамин

Сейсенбі, 16 Наурыз 2021, 10:07:40

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндама жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына және «Nur Otan» партиясының бағдарламасына сәйкес, Үкімет алдына 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі өндірісін 1,5 есеге ұлғайту міндеті қойылды.

Биыл қара металлургияның 5%-ға өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда, оның ішінде ферроқорытпа өндірісін 10,4%-ға, болатты 17%-ға және прокат өндірісін 19%-ға, түсті металлургияны 4,5%-ға, оның ішінде мырышты 18,6%-ға, қорғасынды 18,8%-ға, мыс концентратын 9%-ға, алюминийді 6%-ға арттыру көзделген.

Химия саласында фосфор тыңайтқыштары (+16,6%), аммофос (+15,4%), аммиак селитрасы (+10,7%) және хром қосылыстары (+13,6%) өндірісінің өсуі күтілуде.

Машина жасауда автомобиль жасауды (+29%), теміржол вагондарын (+180%), ауыл шаруашылығы техникасын (+58%) және аккумуляторларды (+10%) қоса алғанда, 13%-ға өсім жоспарланған.

Фармацевтика саласының өндіріс көлемінің өсуі 5% деңгейінде жоспарланған, бұл дәрі-дәрмектер өндірісін 10,2%-ға ұлғайту, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығару өндірісін іске қосу және 5 жаңа жоба есебінен қамтамасыз етілетін болады. 

Жеңіл өнеркәсіпте 5%-ға өсім күтілуде. Тоқыма өнімінің өндіріс көлемі 6%-ға, оның ішінде мақта-мата иірілген жібі (+ 50%), мата (+14%), кілем (+19%), киім (+11%), тері (+30,4%) ұлғайтылатын болады.

Құрылыс материалдары өндірісінде темір-бетон бұйымдары (+16%), кірпіш (+15%), цемент (+11%), құрылыс ерітінділері (+13%), жылу оқшаулағыш материалдар (+12,5%), гипсокартон (+11%) өндірісін қоса алғанда, 6% деңгейінде өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Биыл өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі көрсеткішінің 5,8% деңгейінде өсуіне қол жеткізуіміз керек. Машина жасауда, қара металлургияда, жеңіл өнеркәсіпте, фармацевтикада, тамақ өнімдерінің өндірісінде, құрылыс материалдарының өндірісінде өсімді әрі қарай қамтамасыз етуіміз қажет. Биыл жалпы сомасы 2 трлн теңгеге жуық 110 өңдеу жобасын енгізу керек», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өндірістік процестерге жаңа технологияларды енгізу жөніндегі әлемдік трендтерді есепке алудың маңыздылығын, цифрлық инновациялық шешімдерді енгізетін кәсіпорындарды қосымша ынталандыру шараларын, сондай-ақ жұмыс күшінің өнімділігі төмен секторлардан анағұрлым өнімді секторларға ауысуын ынталандыру шараларын қабылдау қажет екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанды дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын бекітті, оның негізгі басымдығы “мықты экономика” құру болып айқындалды. Стратегиялық салаларда ұлттық жобалар құрылатын болады. Мұнда өңдеу секторына ерекше назар аударылған», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр «Nur Otan» партиясының бағдарламасын орындаудың Жол картасына сәйкес 2025 жылға қарай экспортқа бағдарланған мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің 9 есе өсуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, биыл Атырау облысы мен Шымкентте үш мұнай-газ химиясы зауытын пайдалануға беруді тапсырды, бұл мұнай-газ химиясындағы өндіріс көлемін 400 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
30 Наурыз 2021, 13:48
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.03.2021
30 Наурыз 2021, 13:42
СҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары өңір экономикасының өсу қарқынын ұлғайтады және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.