Үкімет әкімшілік реформа және республикалық бюджет туралы заң жобаларын Сенаттың қарауына енгізді

13 наурызда Сенат Бюросы Әлеуметтік кодекстің жобасын, әкімшілік реформа туралы заң жобаларын және республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Парламенттің жоғарғы палатасының жалпы отырыстарының күн тәртібін бекітті.

Сенаторлардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтары мен комитеттердің отырыстарындағы белсенді талқылау барысында заң жобаларының неғұрлым өзекті мәселелері қаралып, ондағы нормалар бойынша бірыңғай ұстанымдар әзірленді және әрі қарай іске асырудың басым бағыттары айқындалды.

Жаңа Әлеуметтік кодекс аясында азаматтардың әлеуметтік құқықтарын жүйелеу жүзеге асырылатын болады – бір құжатта адамның өмір жолында туындайтын әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтарының барлығы көрсетіледі.

Әкімшілік реформа туралы заң жобасында мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру көзделген, соның салдарынан салаларды дамыту жөніндегі қызметті мемлекеттік органдар дербес жүзеге асыратын болады, тиісінше мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке жауапкершілігі артады.

2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ Президенттің жекелеген тапсырмаларын, оның ішінде өңірлерге жұмыс сапары қорытындылары бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жоспарланып отыр. 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарауды ескере отырып, шығыстар құрылымындағы әлеуметтік сектордың үлесі 37,5%-ды құрамақ, ал өңірлерге бюджеттің жалпы шығыстарының 32%-ы бөлінетін болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу