Индустрияландырудың жаңартылған бағдарламасы бойынша экспортшыларға қолдау көрсетіледі

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен елдің экономикалық дамуына арналған Үкімет отырысы өтуде. «Мемлекеттік индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын пысықтадық», - деп жазды өзінің твиттердегі аккаунтында Кәрім Мәсімов.

Отырыстың негізгі тақырыптарының бірі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламаларын пысықтау болды. 

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз баяндамасында ИИД МБ жаһандық салалық және технологиялық трендтерге байланысты жаңартылғанын мәлім етті. Министрдің айтуынша, бұл өңдеу өнеркәсібін даму үшін тиімді ынталандыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі артып, жоғары шекті (дайын тауарлар) экспорт көлемі жоғарлайды.

Мақсатты индикаторларға сәйкес, 2019 жылға қарай Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өнім экспортының көлемі (құны бойынша) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 19% артуы тиіс. Мұндайда бұл сектордағы еңбек өнімділігінің өсімі 22% құрауы тиіс, 2015-2019  жылдарға негізгі салымға инвестициялар көлемін 4,5 трлн. теңгеге дейін арттыру жоспарлануда. 

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Инвестициялар және даму министрлігімен өнеркәсіптің экспортқа көбірек бағдарланған сегіз секторы іріктеліп алынды: қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу, мұнай және агрохимия, автомобиль құрылысы, электротехникалық машинажасау, сонымен қатар тамақ өнімдерін өндіру.

Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары бұдан бұрын айқындалған 14 басым секторларда да көрсетіледі.

Үкімет жүзеге асыратын негізгі жұмыс бағыттары: Индустрияландыру картасын жасау тәсілдерін қайта қарастыру, негізгі ретінде өнімділік пен экспортқа бағдарлану критерийлерін енгізумен мемлекеттік қолдау көрсету үрдістері мен ережелерін қайта қарастыру, ұлттық экспорттық брендтерді қалыптастыру және ілгерлету.

Сондай-ақ инновациялар орталықтарын қалыптастыру аясында стартаптарды қолдау күшейтіліп, халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Осылайша, мықты өңдеу өнеркәсібі айналасында өнімді қызметтер қалыптасады, ал тауарлар экспортын арттыру экономиканы тұрақты етіп, шикізат бағасына тәуелділікті  төмендетеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу