Премьер-Министр С.Ахметов Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды

Бүгін Премьер-Министр Серік Ахметов Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымына  ведомствоның жаңа басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедті таныстырды.

Үкімет басшысы бұрынғы министрДархан  Мыңбайға табысты  жұмысы үшін  алғысын білдірді және  жаңа    қызметте  сәттіліктер тіледі.

Естеріңізге  сала кетейік,  бүгін   Елбасының Жарлығымен  Мұхтар Құл-Мұхаммед  Қазақстан  Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу