ҚР Премьер-Министрі Жамбыл облысындағы ТЖ-ды жою мақсатында қаржы бөлу туралы қаулыларына қол қойды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Жамбыл облысындағы дауыл зардаптарын жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін ҚР Үкіметінің төтенше қорынан қаржы бөлу және мемлекеттік материалдық қордан материалдық құндылықтарды броннан шығару туралы ҚР Үкіметінің қаулыларына қол қойды.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, Жамбыл облысы әкімшілігіне жылумен, сумен, электрмен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру, тұрғын үйлерді жөндеу жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу үшін Үкімет қорынан мақсатты ағымдық трансферт түрінде 800 млн.теңге бөлінеді. 

Сонымен қатар, Жамбыл облысының әкімшілігіне табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен (жабын материалдары, құрылыс ағаштары және әйнек) бірқатар материалдық құндылықтар жіберіледі.

Үкіметтік комисия Жамбыл облысының апаттан зардап шеккен аудандарында қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу