Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биылғы тамыз айында «QazVac» рекордтық көлемі шығарылды — Е. Тоғжанов

Дүйсенбі, 27 Қыркүйек 2021, 15:40:08

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша брифинг өтті. Брифингке ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қатысты.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы 3 вакцина қолжетімді («Спутник V», «Синофарм», «QazVac»). Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы IV тоқсанда Pfizer жеткізіледі деп күтілуде. Бұл ретте тиімділігі жағынан шетелдік баламалардан кем түспейтін отандық вакцинаны қолдайтын боламыз», — деді Е. Тоғжанов.

Өткен айда «QazVac» вакцинасы 650 мың доза көлемінде өндірілді, осы айда 750 мың доза жеткізіледі деп күтілуде.

Екі өндірістік алаң дайындалды:

  • Жамбыл облысында биофармацевтикалық зауыттың толық дайындығы қамтамасыз етілді;
  • «Антиген» кәсіпорнының базасында вакциналар, оның ішінде «QazVac» шығарудың толық циклі бар БҚПҒЗИ екінші өндірістік алаңы іске қосылды.

Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет «Биологиялық қауіпсіздік туралы» арнайы заң қабылданады. Ол биоқауіптермен күресуге құқықтық негіз құрайды.

Елдің биоқауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесін құру көзделген. Бұл жүйелі негізде биологиялық қатерлерден қорғау бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жеке өндірісін дамыту басымдыққа ие. Бүгін біз өзімізді 17%-ға қамтамасыз етіп отырмыз. 2025 жылға қарай ол 50% деңгейге жетеді. Ол үшін Үкімет деңгейінде арнайы кешенді жоспар қабылданды», — деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар Е. Тоғжановтың айтуынша, Қазақстанда санэпидқызметтің материалдық-техникалық жабдықталуы күшейтіледі. 12 зертхана жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандырылады. Бұл улы элементтерді, тұздар мен металдарды анықтау мақсатында тамақ өнімдеріне, балалар ойыншықтарына, суға және басқа да өнімдерге зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтардан өткізу орталығы құрылады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына сынақтар жүргізуге мүмкіндік береді.

Пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан Үкіметі халық арасында салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөледі. 

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасында салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөлініп, нақты шаралар айқындалды.

«Бұл 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын ҚР азаматтарының үлесін 45%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Тағы бір басымдық — денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу және жаңа заманауи ауруханалар салу. Биыл Қазақстан Орталық Азиядағы онкологиялық ауруларды тиімді және ауыртпалықсыз емдеуге арналған "Гамма-пышақ" орнатылған елдердің біріне айналды. Егер бұған дейін жылына 50-ге жуық қазақстандық шетелге шығып, бір адамға орта есеппен 1 млн теңге жұмсалса, биылғы мамыр айынан бастап Нейрохирургия орталығының базасында 142 ота жасалды.

Бұдан өзге, әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалада МЖӘ шеңберінде заманауи медициналық орталықтар салынады. Заманауи технологиялары бар әлемдік ауқымдағы алғашқы ауруханалар Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында салынып жатыр. Осылайша, болашақта қазақстандықтар шетелге шықпай-ақ, жоғары сапалы ем ала алады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.