Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда жұмыспен қамтудың жаңа түрлерін реттеу тетігі пысықталып жатыр — С. Шәпкенов

Дүйсенбі, 27 Қыркүйек 2021, 19:04:21

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру бойынша брифинг өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов журналистердің әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары саласындағы сұрақтарына жауап берді.

Алғашқылардың бірі болып жеке БАҚ-та жұмыс істеген декретке шыққан әйелдерге декреттік төлемдердің толық көлемде түспеуі мәселесі айтылды. Мұның себебі өткен жылдың шілде айында мемлекеттік емес БАҚ ұйымдарын салықтар мен тиісті төлемдерді төлеуден босату бөлігінде қабылданған Салық кодексіне енгізілген түзетулер болды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына салынатын әлеуметтік аударымдар Салық кодексімен регламенттелетін салық алымы емес, әлеуметтік сын-тегеурін туындаған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз ететін өз қызметкерлері үшін салатын жұмыс берушінің міндетті әлеуметтік төлемі.

Заңнамаға сәйкес Қор әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың нақты кезеңі үшін, төлем тағайындау сәтіндегі орташа айлық табысты ескере отырып, БАҚ қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер төледі.

Яғни, іс жүзінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

«Бірақ декретке шыққан қызметкерлер зардап шекпеуі тиіс және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар қалыптасқан проблемалық жағдайды шешуге бағытталған заңнамаға түзетулер әзірлеуде», — деп хабарлады С. Шәпкенов.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін заң жобасы Парламентке енгізілетін болады.

Келесі сұрақ мүгедектерге жәрдемақы тағайындау кезіндегі айлық есептік көрсеткіштердің коэффициенттері бойынша келіп түсті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған қызметкердің жалақы мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖ) төмен болмауы тиіс.

Яғни, 2021 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс берушілер 60 мың теңгеден төмен жалақы алатын жұмыскерлерге оны белгіленген деңгейге дейін көтеруге міндетті болады.

Бірінші кезекте ЕТЖ өсуімен жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысы өседі.

Екіншіден, жұмыс беруші жалақы деңгейін белгілеу кезінде, әдетте, белгілі бір көрсеткіштерді басшылыққа алады, олардың бірі – ЕТЖ.

ЕТЖ жалақысы төмен мамандықтар бойынша маман үшін ең төменгі тариф ретінде қолданылады. Жұмыстың күрделілік деңгейіне және жұмысты орындау үшін қажетті біліктілікке байланысты басқа санаттар үшін төлем артады. Демек, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер де қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Елімізде мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің мөлшерін белгілеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш сияқты көрсеткіштер қолданылады.

Олардың мөлшері жыл сайын инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Министр атап өткендей, сәйкесінше, жәрдемақы инфляция пайызы мөлшеріне көбейтіледі.

«Ең төменгі жалақы 42-ден 60 мың теңгеге дейін өседі және 1 млн 600 мың азаматқа қатысты болады. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Бүгінгі таңда 700 мың мүгедек адамның 400 мыңы еңбекке қабілетті жаста. Олардың 129 мыңы жұмыс істейді. Сондықтан олардың да жалақысына әсер етеді», — деді С. Шәпкенов.

Бүгінгі таңда біздің еліміздің және жалпы басқа елдердегі азаматтар үшін өзекті мәселелердің бірі — жаппай автоматтандыру мен цифрландырудың салдарынан жұмыс орындарынан айырылу қаупі.

Жаңа технологиялардың шығу қарқындылығы үнемі артып келеді. Жедел прогресс экономика үшін перспективаларды ашып қана қоймай, сонымен қатар жұмысшылардың біліктілігіне жаңа талаптар қойды, бұл өз кезегінде қайта даярлауды, цифрлық дағдылар мен жаңа кәсіптерді игеруді талап етеді.

«Таяу болашақта әлемде 85 млн-нан астам жұмыс орны еңбек нарығынан ығыстырылуы мүмкін», — деп атап өтті С. Шәпкенов.

Сонымен қатар әлемдегі 8 ірі экономиканың соңғы зерттеуіне сәйкес, 2030 жылға қарай шамамен 100 миллион жұмысшы немесе әрбір 16-шы адам қызмет түрін өзгертуге мәжбүр болады.

Ескісінің өзгеруі немесе жаңа кәсіптердің пайда болуы қандай технологиялардың дамитынына және болашақта қандай трендтер болатынына байланысты. Кәсіпорындарда жаңа технологияларды қолдану жұмыстарды орындау процесін өзгертеді. Қазіргі заманғы машиналар, станоктар мен жабдықтар операциялардың бір бөлігін адамдардың көмегінсіз жасай бастайды және сол арқылы қандай өндірістік міндеттер. олармен бірге кәсіптер жоғалып кететінін көрсетеді.

Екінші жағынан, инновациялық технологиялар мен механизмдер жаңа еңбек міндеттерін қояды, нәтижесінде болашақта бұл өзгерістер жаңа кәсіптерді қалыптастырады.

Министрдің айтуынша, ЕХӘҚМ-де қазіргі кәсіптерге трансформацияланатын және жойылып бара жатқан кәсіптерді ескере отырып, өзекті болатын немесе таяудағы онжылдықта пайда болатын еңбек нарығының болашақ трендтерін, мамандықтар мен дағдыларды айқындау тұрғысынан талдау жүргізілді.

Бұл жұмыстың нәтижесі Қазақстанның жаңа кәсіптері мен біліктіліктерінің атласын құру болды. Атлас – бұл қысқа мерзімде нарықтың болашақ қажеттіліктері үшін мамандарды алдын-ала даярлауды бастауға болатын құрал.

Атлас 9 басым сала (мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм, құрылыс, тау-кен металлургия саласы) бойынша 239 жаңа, 95 трансформацияланатын және 129 жоғалып бара жатқан кәсіпті қамтыды.

Осылайша, Атлас қызметкерлерге саланың қай бағытта дамитынын және жаңа экономиканың талаптарына сай болу үшін оларға қандай дағдылар мен құзыреттер қажет екенін анықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ Атлас білім беру ұйымдарына қазақстандықтарды жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие жаңа дағдылар мен құзыреттіліктерге оқыту қажеттілігін ескере отырып және қазіргі заман шынайылығына сәйкес оқу жоспарларын өзектендіруге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар министрлік басқа да бірқатар шара қабылдап жатыр. Мысалы, “Еңбек” платформасында онлайн оқыту ұйымдастырылады. Оған қоса қызметкерлер жұмыс орнында оқытылып жатыр. Адамдарды жаңа жағдайға сәйкес қайта оқытамыз», — деді С. Шәпкенов.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстандағы патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдықты жою мақсатында Әлеуметтік кодекс жобасын әзірлеу туралы сұраққа да егжей-тегжейлі жауап берді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Мемлекет басшысы айтқан үш базалық қағидатқа негізделген Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленді. Онда адам туылған сәттен бастап бастан кешуі мүмкін барлық қиындықтар көрсетіледі.

Біріншіден, онда әлеуметтік саланың барлық 16 заңы біріктіріледі.

Екіншіден, басты қағидаттар — атаулылық пен мұқтаждық сақталатын болады.

Үшіншіден, мемлекет пен азаматтардың ынтымақтастығы мен жауапкершілігі қағидаты сақталады.

Әлеуметтік қорғау жүйесі – азаматтардың жекелеген санаттарының: зейнеткерлердің, мүгедек адамдардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының, балалары бар отбасылардың, оның ішінде көп балалы отбасылардың және басқалардың тұрмыс сапасын жақсарту элементі. Ол атаулы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы халықтың осы санаттарының өмір сүру сапасы мен материалдық әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету тетігі қайта қаралғандығы белгілі. Осылайша, отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан негізсіз бас тартқан жағдайда, бүкіл отбасы АӘК алу құқығынан бірден айырылады. Сондай-ақ әлеуметтік көмек алушылар туралы нақты және толық мәлімет алу үшін әртүрлі мемлекеттік органдардың 24 ақпараттық жүйесі біріктірілген. Отбасының цифрлық картасын, электрондық әлеуметтік әмиянды жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, бүгінде әлеуметтік көмек алушылар тарапынан масылдық көңіл-күйді төмендету бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Әлеуметтік кодексті әзірлеу шеңберінде әлеуметтік саясатқа қоғамдық қатынасты қайта қалыптастыру жөнінде кешенді шешім қабылдау үшін басқа да шаралар қаралатын болады.

Министрліктің берген ақпараты бойынша, Әлеуметтік кодексте өмірлік жағдайға байланысты өмірдің түрлі кезеңдерінде көрсетілетін әлеуметтік қорғау және қолдау шараларының бүкіл кешені жүйелендірілетін болады.

Қазірдің өзінде Әлеуметтік кодекстің тұжырымдамасы әзірленді, онда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін сапалы жақсартуға бағытталған негізгі тәсілдер қалыптастырылды, атап айтқанда:

  • әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту (азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру; мұқтаж отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу институтын дамыту; халықтың әлеуметтік әл-ауқат индексін енгізу);
  • азаматтарды әлеуметтік қолдауды жаңғырту (әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық ең төменгі нормаларынан кем емес деңгейде әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету; әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыруды енгізу);
  • әлеуметтік стандарттарды ұсынудың интеграцияланған моделін енгізу («Цифрлық әлеуметтік картаны» енгізу; әлеуметтік саланың бағыттары бойынша алдын алу шараларын қабылдау);
  • мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және реинжиниринг (өтініш беруден проактивті қызмет көрсетуге көшу; сырттай куәландыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету процестерін автоматтандыру);
  • әлеуметтік институттарды реформалау (зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияларды бере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры базасында Мемлекеттік әлеуметтік қор құру; әлеуметтік саланың қаржы ағындарын (РБ және бюджеттен тыс қорлар қаражатын) шоғырландыру).

Келешекте Әлеуметтік кодексті қабылдау: азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай ақпарат көзін құруға, әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу шараларын қабылдауға, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға мүмкіндік береді.

Табысына қарамастан әр балаға 4 АЕК төлене бастаған көп балалы отбасыларға жәрдемақы енгізілгеннен кейін, қоғамда балалардың санына қарамастан, барлық аналарға осындай көмек көрсету керек деп айтыла бастады, өйткені олар көп балалы отбасылар сияқты балаларды өсіріп, тәрбиелеуге шығын шығарады.

Осындай балалар жәрдемақысын енгізу мүмкіндігі бар ма деген сұраққа министр бүгінгі таңда Қазақстанда балалы отбасыларды қолдаудың, ана мен баланы қорғау жөніндегі кешенді модель құрылғанын, оған мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар, салық салу кезіндегі жеңілдіктер және азаматтар өмірінің барлық кезеңдерінде әлеуметтік қорғаудың басқа да шаралары кіреді деп жауап берді.

Елімізде балалы отбасыларды, оның ішінде көп балалы емес (бір, екі, үш баласы бар) отбасыларды әлеуметтік қолдаудың тұтас жүйесі қолданыста, оған отбасының табысын есепке алмай төленетін жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем (орташа айлық жалақысының шамамен 40%), бала тууына байланысты жәрдемақы (бірінші, екінші, үшінші бала тууына – 105 564 теңге, төртінші және одан көп бала тууына – 175 014 теңге), бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы (16 002 теңгеден 24 725 теңгеге дейін), мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін төлем (45 736 тенге) кіреді.

Бұдан басқа, бір жасқа толғанға дейін бала күтімімен айналысатын әйелдерге орташа айлық табыстың 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қарастырылған.

Өткен жылы жүзеге асырылған 4 және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға арналған жәрдемақыларды енгізуге келетін болсақ, бұл екі мақсатқа қол жеткізу үшін жасалды: демографиялық өсімді ынталандыру және көп балалы отбасылар кірісін арттыру. Нәтижесінде, егер 2019 жылы көп балалы отбасылар саны 252 болса, 2020 жылы олар 428 жетті.

«Отбасының басқа санаттарына мұндай қолдау енгізу қарастырылмаған», — деді С. Шәпкенов.

1 топтағы мүгедектерді күту бойынша жаңа жәрдемақыға қатысты министр биылғы 23 қыркүйекте Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жібергенін хабарлады.

Заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар 1 топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамға 48 023 теңге мөлшерінде жәрдемақы енгізу жөніндегі НҚА-ны қоса алғанда, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Осылайша, заң күшіне енген сәттен бастап осы жәрдемақымен бала кезінен бастап, сондай-ақ өмір сүру кезінде мүгедектік алған 1-топтағы мүгедек адамдарға күтім жасайтын азаматтар қамтылатын болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.